Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің "Шекара" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 3 қараша N 1642

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күші бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Шекара" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) құрылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өзін Кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ Кәсіпорынға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісі функциясын жүзеге асырушы орган деп айқындау туралы ұсынысына келісім берілсін.

      3. Кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің коммуналдық және тұрғын үй шаруашылығы саласында және тыныс-тіршілікті қамтамасыз етудің басқа да жүйесінде шаруашылық қызметін жүзеге асыру болып айқындалсын.

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша) заңдарда белгіленген тәртіппен:
      1) Кәсіпорынның жарғысын бекітсін және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) жарғылық капиталын қалыптастырсын және қаулының осы тармағын жүзеге асыру бойынша өзге де шараларды қолдансын.

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады