"Сәкен Сейфуллин атындағы республикалық көпшілік кітапхана" мемлекеттік мекемесін құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 10 қараша N 1678

      Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының филиалы - Астана қаласындағы Сәкен Сейфуллин атындағы кітапхананың жұмысын жетілдіру және ақпараттық базасын кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының филиалы - Астана қаласындағы Сәкен Сейфуллин атындағы кітапхананың базасында "Сәкен Сейфуллин атындағы республикалық көпшілік кітапхана" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Кітапхана) құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен:
      1) Кітапхананың жарғысын бекітсін және оның әділет органдарында тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      3. Кітапхананы қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігіне көзделген қаржы есебінен және оның шегінде, 24 "Ақпараттың республикалық деңгейде жалпы көпшіліктің қолы жетімді болуын қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады деп белгіленсін.
      4. "Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі жүйесінің ұйымдарын басқаруды жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 24 наурыздағы N 256 P980256_ қаулысының 4-тармағының он екінші абзацы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 9, 64-құжат) алынып тасталсын.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

      Оқығандар:
      Қобдалиева Н.М.
      Орынбекова Д.К.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады