Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1999 жылғы 16 қараша N 1731. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.10.07. N 1096 қаулысымен. P021096

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының құрылымын жетілдіру және олардың құзыретін нақтылау жөніндегі шаралар туралы" 1999 жылғы 13 қазандағы N 235 U990235_ Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереже бекітілсін.
      2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жекелеген мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 5 наурыздағы N 206 P990206_ қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 7, 57-құжат) 1-тармағының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі


                                       Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 1999 жылғы 16 қарашадағы N 1731 қаулысымен бекітілген


                   Қазақстан Республикасының
             Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы
                            ереже

                    1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) ауыл шаруашылығы аясында, сондай-ақ мал дәрігерлігі, фитосанитария, асыл тұқымды мал шаруашылығы, мелиорация, суландыру және кәріз саласында басшылықты, сол сияқты заңдарда көзделген шектерде ауыл шаруашылығы машиналарын жасау және ауыл шаруашылығы шикізаттары мен өнімдерін алғашқы өңдеу,астық рыногы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды, оған қатысушылардың қызметін үйлестіру мен реттеуді, сондай-ақ мемлекеттік астық ресурстарын басқаруды салааралық үйлестіруді іске асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. <*>
      Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.05.02. N 584
               қаулысымен. P010584_
      Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.09.22. N 1222
               қаулысымен. P011222_
      2. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады.
      Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан кіреді.
      Егер Министрлікке заңдарға сәйкес өкілеттік берілген болса, онда оның мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабын білдіруге құқығы бар.
      4. Министрлік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен бұйрықтар түрінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында міндетті күші болатын актілер шығарады.
      5. Министрліктің штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      6. Министрліктің толық атауы - "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі" республикалық мемлекеттік мекемесі.
      Министрліктің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында, қалалар мен

аудандарда мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы 
аумақтық органдары болады.
     Министрліктің заңды мекен-жайы: Астана қаласы, Абай даңғылы, 49.
     7. Министрліктің құрылтайшысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 
тұрғысында мемлекет болып табылады.
     Министрлікті құру туралы акті пен осы Ереже Министрліктің құрылтай 
құжаттары болып табылады.
     8. Министрліктің қызметін қаржыландыру тек республикалық бюджеттен 
ғана жүзеге асырылады.
     Министрлікке өзінің функциясы болып табылатын міндеттерді орындау 
тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым 
салынады.
     Егер Министрлікке заң актілерінде кірістер әкелетін қызметті жүзеге 
асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік 
бюджеттің кірісіне аударылады.
     
     2. Министрліктің функциялары, негізгі міндеттері
     және құқықтары
     
     9. Министрлік заңдарда белгілеген тәртіппен мынадай функцияларды 
жүзеге асырады:


      1) ауыл шаруашылығы, ауыл шаруашылығы ғылымы саласында мемлекеттiң аграрлық және аймақтық саясатын, стратегиялық жоспарларын, басымдықты және өзге де мемлекеттiк бағдарламаларды әзiрлеуге, iске асыруға және үйлестiруге қатысады; <*>
      2) ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде және алғашқы өңдеуде тұрақтандыру мен арттыру, ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды дамыту жөніндегі шаралардың кешенін және астық рыногын реттеуді жүзеге асырады; <*>
      3) ауыл шаруашылығы секторы үшін қаржы-несие және салық саясатын қалыптастыруға қатысады;
      4) мемлекетаралық экономикалық байланыстардың басымдықты бағыттарын әзірлеуге қатысады, инвестицияларды ауыл шаруашылығына, мал дәрігерлігі, фитосанитария, мелиорация, суландыру және кәріз, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, ауыл шаруашылығы шикізаттары мен өнімдерін алғашқы өңдеу салаларына тартуға және пайдалануға жәрдемдеседі; <*>
      5) ауыл шаруашылығы, мал дәрігерлігі, фитосанитария, асыл тұқымды мал шаруашылығы, тұқым шаруашылығы, мемлекеттік астық ресурстарын басқару, мелиорация, суландыру және кәріз, ауыл шаруашылығы ғылымы, аймақтық даму, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау және ауыл шаруашылығы шикізаттары мен өнімдерін алғашқы өңдеу және астық қолхаттарының айналымы мәселелері жөнінде заң, өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, сондай-ақ астық сапасы мемлекеттік стандарттарының жобаларын әзірлейді; <*>
      6) эпизоотияға қарсы іс шараларды, ауыл шаруашылығы дақылдарын зиянкестерден, аурулардан қорғау республиканың аумағын жануарлардың аса қауіпті жұқпалы ауруларының, ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің зиянкестері мен ауруларының әкелінуінен қорғау жөніндегі іс-шараларды, жануар және өсімдік тегінен шыққан азық-түлікке, шикізатқа мал дәрігерлік-санитарлық және фитосанитарлық сараптама жүргізуді ұйымдастырады;
      6-1) облыстарды, Астана және Алматы қалаларын әлеуметтiк-экономикалық дамыту жоспарларын өз құзыреті шегiнде келiседi;
      6-2) елдi мекендердiң, жекелеген аймақтардың экономикалық перспективалығын анықтау үшiн негiзгi өлшемдердi әзiрлейдi;
      6-3) бюджет қаражаты, мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздар есебiнен қаржыландырылатын агроөнеркәсiп кешенi саласындағы инвестициялық жобаларға қорытындылар бередi;
      6-4) ауыл шаруашылығы ғылымы саласындағы мемлекеттiк саясатты өз құзыретiнiң шегiнде iске асырады;
      6-5) аймақтық саясатты iске асыруда мемлекеттiк органдарға көмек көрсетедi;
      6-6) мемлекеттiң аймақтық саясатын iске асыру бойынша және Министрлiктiң өз құзыретiн iске асыруы жөнiндегi өзге де шараларды әзiрлеу бойынша ұсыныстар енгiзедi;
      6-7) елдiң басқа аймақтарынан және елдi мекендерiнен экономикалық перспективалы аймақтар мен елдi мекендерге қоныс аударуы ынталандыруға жататын адамдар санын келiседi;
      7) мелиорация, суландыру және кәріз саласында мемлекеттік саясатты, мемлекеттiң аймақтық саясатын іске асыруға қатысады;
      7-1) ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, ауыл шаруашылығы шикізаттары мен өнімдерін алғашқы өңдеу саласында мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады; <*>
      8) астық, мал дәрігерлігі, фитосанитария және мал тұқымын асылдандыру ісі туралы заңдардың орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; <*>
      9) тракторлардың, өзi жүретiн ауыл шаруашылық және мелиоративтiк

машиналардың есебі мен техникалық жағдайын тексеруді жүргізеді, сондай-ақ 
оларды жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi; 
<*>

     9-1) доңғалақты тракторларды, соған қоса олардың базасында жасалған 
өзi жүретiн шассилер мен механизмдердi, доңғалақты тракторлар құрамында 
жүруге арналған тiркемелердi мемлекеттiк тiркеудi және олардың техникалық 
жай-күйiн тексерудi жүргiзедi, сондай-ақ оларды жүргiзу тәртiбiн 
белгiлейдi; 
<*>

     10) астықтың сапасын, сондай-ақ мемлекеттік азық-түліктік астық 
резервін қоса алғанда, мемлекеттік астық ресурстарының сақталуын 
мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
<*>

     10-1) өз құзыретінің шегінде мемлекеттік астық ресурстарын басқаруды 
жүзеге асырады;
<*>

     10-2) астық рыногының мониторингін жүргізеді;
<*>

     10-3) ауыл шаруашылығы техникасының лизингін ұйымдастыру, селекция 
мен тұқым шаруашылығын, дәнді дақылдарды өсіру және өсімдіктерді қорғау 
технологиясын дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды, ауыл 
шаруашылығы саласындағы ғылыми зерттеулердi әзірлейді әрі іске асыруға 
қатысады; 
<*>

     10-4) 
<*>

     10-5) 
<*>

     10-6) заңнамалық кесімдерде белгіленген жағдайларда астық қабылдау 
кәсіпорындарын уақытша басқаруды енгізуге бастама жасайды, оны жүзеге 
асыруға қатысады және тоқтату туралы шешім қабылдайды;
<*>

     10-7) астық қолхаттарының нысанын, оларды беру, олардың айналымы 
және оларды жою ережесін бекітеді;
<*>

     10-8) тұқымдарды сараптау (сертификаттау) және олардың сорттық және 
себу сапаларын куәландыратын тиісті құжаттар беру тәртібін белгілейді;
<*>

     10-9) тұқымдарға сорттық үстеме ақылардың нормаларын белгілейді;
<*>

     11) республикалық бюджеттің қаражаты есебінен тауарлар мен қызмет
көрсетулерді мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асырады;
     12) ішкі және сыртқы азық-түлік рыноктарындағы жағдайды зерделейді 
және оны село тауар өндірушілерінің назарына жеткізеді;
     13) өз құзыретінің шегінде агроөнеркәсіп кешені шаруашылық жүргізуші 
субъектілерінің бюджеттік несиелерді, үкіметтік және Үкімет кепілдік 
берген сыртқы заемдарды игеру және қайтару жөніндегі қызметін бақылауды 
және үйлестіруді жүзеге асырады;
     14) республикалық бюджеттік әзірлеуге және атқаруға қатысады;
     15) республикалық меншіктегі ұйымдарда акциялардың мемлекеттік 
пакеттері мен мемлекеттік үлестерге иелік ету және пайдалану құқығын 
жүзеге асырады;
     16) заңдарға сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
     Ескерту. 9-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2001.03.28. N 394
              қаулысымен.  

P010394_

 
     Ескерту. 9-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.05.02. N 584           
              қаулысымен.  

P010584_

 
     Ескерту. 9-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.09.22. N 1222          
              қаулысымен.  

P011222_

 
     Ескерту. 9-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.06.28. N 704       
              қаулысымен.  

P020704_

 
     Ескерту. 9-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.07.30. N 846       
              қаулысымен.  

P020846_

  
     10. Министрліктің негізгі міндеттері:


      1) ауыл шаруашылығы өндірісінде, астық өндіруде, элиталық тұқым шаруашылығында, мал дәрігерлігі, фитосанитария, асыл тұқымды мал шаруашылығы, мелиорация, суландыру және кәріз, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, ауыл шаруашылығы шикізаттары мен өнімдерін алғашқы өңдеу салаларында, ауыл шаруашылығы ғылымы саласында өзiнiң құзыретi шегiнде мемлекеттік саясатты әзірлеу және, iске асыру және үйлестiру; <*>
      1-1) аймақтық саясатты iске асыруға қатысу; <*>
      2) ауыл шаруашылығын дамытудың мемлекеттік және өзге де бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
      3) маркетингтік қызметтерді дамытуға және агроөнеркәсіптік кешенді ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыруға жәрдем көрсету;
      4) ауыл шаруашылығы өндірісі, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау және ауыл шаруашылығы шикізаттары мен өнімдерін алғашқы өңдеу саласымен тікелей айналысатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің өндірістік қызметіне, реформалауға және заңдарға сәйкес оларды қаржылай сауықтыруға әдістемелік басшылық жасау; <*>
      5) ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді техникалық және энергетикалық қамтамасыз ету, химияландыру және ауыл шаруашылығын сумен жабдықтау, мелиорация, сервистік қызмет көрсету саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
      6) жер қатынастарын дамыту, әртүрлі ауыл шаруашылығы ұйымдарының тиімді жұмыс істеуі үшін құқықтық және әлеуметтік-экономикалық жағдайларды жетілдіру, жердің құнарлылығын сақтау мен арттыруға және оларды ұтымды пайдалануға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру;
      7) мал дәрігерлігі, фитосанитария, асыл тұқымды мал шаруашылығы, тұқым шаруашылығы, мелиорация, суландыру және кәріз саласында, астық сапасына" деген сөздермен ауыстырылып, "және олардың мониторингін жүргізу мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру және олардың мониторингін жүргізу; <*>
      8) ішкі және сыртқы азық-түлік рыноктарындағы жағдайды зерделеу және оны ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің назарына жеткізу;
      Ескерту. 10-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.05.02. N 584
               қаулысымен. P010584_
      Ескерту. 10-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.09.22. N 1222
                қаулысымен. P011222_
      Ескерту. 10-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.06.28. N 704
               қаулысымен. P020704_

      11. Министрліктің негізгі міндеттерін іске асыру және өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін заңдарда белгіленген тәртіппен:
      1) өз құзыретінің шегінде атқару үшін міндетті нормативтік-құқықтық актілерді қабылдауға;
      2) мемлекеттік кәсіпорындардың құрылтайшысы болуға, олардың жарғыларын бекітуге, оларға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыруға;
      3) Министрлікке жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан қажетті ақпарат сұратуға және алуға;
      4) заңдарда белгіленген жағдайларда лицензиялауды және сертификаттар беруді жүзеге асыруға;
      4-1) мемлекеттік астық ресурстарын сақтауды қамтамасыз ету

мақсатында мемлекеттік астық ресурстарын сақтаушы астық қабылдау 
кәсіпорындарынан оны тиеп жөнелтуді келісуге;
<*>

     4-2) астық қолхаттарының нысанын бекітуге;
<*>

     4-3) элиталық тұқым өндіру және сатумен айналысатын жеке және заңды 
тұлғаларды аттестаттауды өткізуге;
<*>

     4-4) тұқым шаруашылығында сорттылық және тұқымдық бақылауды жүзеге 
асыруға;
<*>

     4-5) тұқымға сорт үстемесінің нормаларын белгілеуге;
<*>

     5) өз құзыреті мен өкілеттіктерінің шегінде мемлекеттің меншігіндегі 
мүлікті пайдалануға;
     6) суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйі мен пайдаланылуына 
техникалық қадағалауды жүзеге асыруға;
     7) мыналарға:
     астық туралы, фитосанитарлық қадағалау, мал тұқымдарын асылдандыру 
ісі, мал дәрігерлігі, өсімдіктерді қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық 
актілердің сақталуына;
<*>

     мал дәрігерлігі дәрі-дәрмектерін шығаруға;
     мемлекеттік астық ресурстарын тиеп жөнелту мен тасуға;
<*>

     астықтың сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға құқығы бар.
<*>

     Ескерту. 11-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.05.02. N 584          
              қаулысымен.  

P010584_

 
     12. Министрліктің барлық деңгейдегі мемлекеттік инспекторларының 
бақылау және қадағалау саласындағы өздерінің құзыретіне жататын мәселелер 
бойынша шешімдері, талаптары және нұсқаулары барлық жеке және заңды 
тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
     
            3. Министрліктің мүлкі
     
     13. Министрліктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
     Министрліктің мүлкі өзіне мемлекет берген мүліктің есебінен 
қалыптасады және негізгі қорлар мен айналымдық қаражаттан, сондай-ақ құны 
Министрліктің балансында көрсетілген өзге де мүліктен тұрады.
     14. Министрлікке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке 
жатады.


      15. Министрліктің бекітіліп берілген мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
      Министрлікке заңдарда белгіленген жағдайда және шектерде мүлікке билік ету құқығы берілуі мүмкін.

            4. Министрліктің қызметін ұйымдастыру

      16. Министрлікті Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады.
      Министрдің оның ұсынуымен Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары (вице-министрлері), оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасары болады. <*>
      Ескерту. 16-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.06.28. N 704
               қаулысымен. P020704_
      17. Министр Министрліктің жұмысын ұйымдастырады әрі оған басшылық жасайды және Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауаптылықта болады.
      18. Министр осы мақсатта:
      1) өзінің орынбасарларының және Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен Министрліктің аумақтық органдары басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
      2) заңдарға сәйкес Министрліктің қызметкерлері мен аумақтық органдарының басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      3) заңдарда белгіленген тәртіппен Министрліктің қызметкерлері мен аумақтық органдарының басшыларына тәртіптік жаза қолданады;
      4) Министрліктің және оның аумақтық органдарының құрылымын, орталық

аппаратының штат кестесін, Министрліктің заңды тұлға болып табылмайтын 
құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдары туралы ережелерді бекітеді;
     5) Министрліктің бұйрықтарына қол қояды;
     6) мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда Министрліктің 
атынан өкілдік етеді;
     7) заңдарға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
     18-1. Бiрiншi вице-министр Министр болмаған кезде оны ауыстырады, 
Министрлiк құрылымдық бөлiмшелерінiң қызметiн үйлестiредi, Министр оған 
жүктеген өзге де мiндеттердi жүзеге асырады. 
<*>

     Ескерту. 18-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2002.06.28. 
              N 704 қаулысымен.  

P020704_

      
     19. Министрліктің, оның жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып 
табылатын Алқасы болады.
     Алқаның сандық және жеке құрамын Министрліктің құрылымдық бөлімшелері 
басшыларының арасынан Министр бекітеді.
     
        5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
     
     20. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан 
Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
     
    Оқығандар:
    Қобдалиева Н.М.
    Орынбекова Д.К.        
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады