Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1999 жылғы 19 қараша N 1754. Қаулының 5-тармағын қоспағанда күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1111 қаулысымен

      Ескерту. Қаулының 5-тармағын қоспағанда күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1111 қаулысымен.     

Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының құрылымын жетiлдiру және олардың құзыретiн нақтылау жөнiндегi шаралар туралы" 1999 жылғы 13 қазандағы N 235   Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 

      1. Қоса берiлiп отырған: 
      1) Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi туралы ереже; 
      2) Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi қарауындағы ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн. 

      2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiне үш, оның iшiнде бiр бiрiншi вице-министрi болуына рұқсат етiлсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрлiгiнiң Орта және кәсiптiк бiлiм комитетi (бұдан әрi -
Комитет) таратылсын.

     4. Комитет таратылғаннан кейiнгi оның мүлкiн басқару жөнiндегi
өкілеттiк Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiне
берiледi деп айқындалсын.

     5. Мемлекеттiк органдар болып табылмайтын, Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң қарауында болатын
мынадай мемлекеттiк мекемелер (бұдан әрi - Мекемелер) құрылсын:
     1) Сейсмологиялық тәжiрибе-әдiстемелiк экспедициясы;
     2) Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахимов атындағы Шымкент республикалық әскери мектеп-интернаты; <*>
     3) Қарағанды республикалық әскери мектеп-интернаты;
     4) Б.Момышұлы атындағы Алматы республикалық әскери мектеп-интернаты;
     5) А.Жұбанов атындағы республикалық қазақ орта музыкалық
мектеп-интернаты;
     6) Республикалық қазақ тiлi мен әдебиетiн тереңдетiп оқытатын мектеп-интернаты;
     7) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 27.04.2015 № 358
қаулысымен.
     8) Республикалық ғылыми-педагогикалық кiтапханасы;
     9) Академик Қ.И.Сәтпаев мемориалдық мұражайы.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.11.29. N 1214;  27.04.2015 № 358 қаулыларымен.

     6. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгі:
     1) Комитеттi таратуды жүзеге асырсын;
     2) Комитеттi таратқан соң Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бұрын қабылдаған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру жөнiнде ұсыныс енгiзсiн;
     3) құрылған Мекемелердiң құрылтай құжаттарын бекiтсiн және олардың әдiлет органдарында тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
     4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.      7. Қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.      8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.       Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы      
Yкiметiнiң 1999 жылғы      
19 қарашадағы           
N 1754 қаулысымен         
бекiтiлген                    Қазақстан Республикасының
Бiлiм және ғылым министрлігі туралы
Ереже 1. Жалпы ережелер        1. Бiлiм және ғылым министрлiгi (мұнан әрi - Министрлiк) Қазақстан Республикасының басшылық, сондай-ақ заңдарда көзделген шектерде бiлiм, ғылым мен техника саласында салааралық үйлестiрудi iске асыратын орталық атқарушы орган болып табылады. 
      Министрліктің ведомствосы бар: Жоғары аттестациялық комитет. 
       ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.01.17. N 61
қаулысымен.         2. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.       3. Министрлiк мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады. 
      Министрлiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. 
      Егер Министрлiкке заңдарға сәйкес уәкiлеттiк берiлген болса, онда оның мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарапы болуға құқығы бар.        4. Министрлiк өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңдарда белгiленген тәртiппен бұйрықтар түрiнде актiлер шығарады, олардың Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында мiндеттi күшi болады.       5. Министрлiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.
     Министрлiктiң құрылымын Бiлiм және ғылым министрi (мұнан әрi -
Министр) бекiтедi.      6. Министрлiктiң заңды мекен-жайы: Астана қаласы, Республика даңғылы, 60. <*>
      ЕСКЕРТУ. 6-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.02.21. N 186 
қаулысымен.        7. Министрлiктiң толық атауы "Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi" мемлекеттiк мекемесi.      8. Осы Ереже Министрлiктiң құрылтай құжаты болып табылады.      9. Министрлiктiң қызметiн қаржыландыру тек мемлекеттiк бюджеттен жүзеге асырылады.
     Министрлiктiң өз функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысынан басқа кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға кiруiне тыйым салынады.
     Егер Министрлiкке заң актiлерiмен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен түскен кiрiс мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.   2. Министрлiктің негізгі мiндеттерi, функциялары
мен құқықтары       10. Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi:
      1) бiлiм, ғылым мен техника саласындағы бiрыңғай мемлекеттiк саясатты әзiрлеп, жүзеге асыру; 
      2) жеке тұлғаның ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практиканың жетiстiктерi негiзiнде қалыптасуына, дамуы мен кәсiптiк қалыптасуына бағытталған бiлім алуына қажеттi жағдайлар жасау; 
      3) азаматтардың мемлекеттiк оқу орындарына кепiлдендiрiлген тегiн орта бiлiм алуын қамтамасыз ету; 
      4) ғылыми зерттеулердi жетiлдiрудi ұйымдастырып, оларды мiндеттi түрде мемлекеттiк ғылыми-техникалық сараптау және ғылыми зерттеулердiң нәтижесiн мемлекеттiк қабылдаудан өткiзе отырып ашық конкурстар негiзiнде қаржыландыруды қамтамасыз ету; 
      5) бiлiм және ғылым саласын ақпараттандыру; 
      6) ресурстарды ғылым мен техниканың басым бағыттарына топтастырып, өз қызметiнiң саласына тiкелей инвестиция тартуға қатысу; 
      7) бiлiм, ғылым мен техника саласындағы заңдарды жетiлдiру үшiн ұсыныстар әзiрлеу; 
      8) бiлiм, ғылым мен техника саласында жекешелендiру бағдарламасын әзiрлеуге және оны iске асыруға қатысу; 
      9) ғылыми және педагогикалық кадрларды дайындау мен аттестациялау; 
      10) Министрлiктiң құзыретi шегiнде халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру және дамыту.        11. Министрлiк өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес заңдарда белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады: 
      1) бiлiм, ғылым мен техниканы дамытудың тұжырымдамасын, стратегиясын, мемлекеттiк және мақсатты бағдарламалары мен жоспарларын әзiрлейдi; 
      2) бiлiм, ғылым мен техника саласындағы заңдарды талдайды, қолдану практикасын қорытады және оларды жетiлдіру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi; 
      3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бiлiм, мемлекеттiк жалпы бiлiм стандарттары, ведомстволық бағыныстағы ұйымдардағы бюджеттiк және қаржылық жұмыстарда Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтiк құқықтық актiлерiнiң орындалуына мемлекеттiк бақылау жасауды жүзеге асырады; 
      4) бiлiм берудiң мемлекеттiк стандарттарын әзiрлейдi және бекiтедi; 
      5) орта кәсiптiк бiлiм, жоғары кәсiптiк бiлiм және жоғары оқу орнынан кейiнгі кәсiптiк бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарын аттестациялауды жүзеге асырады;
      5-1) жоғары кәсiптiк және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк білiм беру бағдарламаларын iске асыратын білiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аккредиттеудi ұйымдастырады және жүргізеді; <*>
      5-2) ғылыми ұйымдарды аттестаттауды және мемлекеттiк емес ғылыми ұйымдарды аккредиттеудi жүргiзедi; <*>
      5-3) мiндеттi мемлекеттiк ғылыми-техникалық сараптама өткізуді ұйымдастырады; <*>      
      6) бiлiм беру технологиясы саласында инновациялық саясатты жүргiзедi, бiлiм берудi ақпараттандыруды, бiрiншi кезекте мектептердi компьютерлендiру, оқулықтардың жаңа толқынын әзiрлеу мен шығаруды қамтамасыз етедi; 
      7) конкурстық негiзде нақты және қолданбалы ғылыми-техникалық зерттеулердiң бағдарламаларын мемлекеттiк ғылыми техникалық сараптаудан өткiзiп, олардың жүзеге асуына бақылау жасауды қалыптастыруды жүзеге асырады; <*>
      7-1) әлсiз, ауру балаларды, сондай-ақ экологиялық қолайсыз аймақтардың, әл-ауқаты төмен және көп балалы отбасыларының балалары, балалар үйлерiндегi жетiм балаларды оңалту бағдарламасын, оларды тәрбиелеу, оқыту және сауықтырумен қоса iске асырады; 
      8) республикалық бюджет есебiнен ғылыми-техникалық бағдарламалардың ұйымдары - орындаушылары өткiзетiн ғылыми, конструкторлық және технологиялық жұмыстарды үйлестiредi; 
      9) өзiнiң қызмет саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады, халықаралық шарттар мен келiсiмдердiң жобаларын әзiрлеуге қатысады, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң тапсыруы бойынша оларға қол қояды; 
      10) өз құзыретiне жататын қызмет түрлерiн лицензиялауды жүзеге асырады; 
      11) мемлекеттiк ғылыми-техникалық ақпараттандыру жүйесiн жетiлдiредi, өз қызметiнiң саласында ұлттық ақпараттық ресурсты қалыптастырады;
      11-1) Қазақстан Республикасынан тыс жерлердi қоса алғанда, мемлекеттiк мерзiмдi ғылыми-техникалық басылымдардың және басқа да баспа өнiмдерiнiң орындылығын анықтайды; <*>
      11-2) мемлекеттiк бюджет есебiнен жүргiзiлетiн ғылыми-зерттеу жұмыстарының, iргелi және қолданбалы зерттеулердiң аяқталған тақырыптары мен бағдарламаларының, қорғалған диссертациялардың мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етедi; <*>
      12) ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлауды, қайта даярлауды, аттестациялауды ұйымдастырады және өткiзедi; 
      13) облыстық, астаналық және республикалық бағыныстағы қалалардың бiлiм және ғылым басқармалары органдарының, мемлекеттiк колледждер, басқа да орталық атқарушы органдары жоғары оқу орындарының бiрiншi басшыларын қызметке тағайындауға және қызметтен босатуға келiсiм бередi; 
      13-1) Қазақстан Республикасының білім, ғылым органдары мен оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қояды; 
      14) өзiне заңдармен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады. 
       ЕСКЕРТУ. 7-1)-тармақшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 1999.12.02 N 1824  қаулысымен.
         Ескерту. 13-1)-тармақшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2001.07.23. N 990  қаулысымен .  
      Ескерту. 7)-тармақша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.05.22. N 550  қаулысымен.
      ЕСКЕРТУ. 11-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.02.21. N 186 
қаулысымен.
      Ескерту.11-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.11.27. N 1191   қаулысымен .         12. Министрлiктiң негізгi мiндеттерiн iске асыру және өзiне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшiн заңдарда белгiленген тәртiппен: 
      1) өз құзыретiнiң шегiнде нормативтiк құқықтық актiлер қабылдауға; 
      2) өз құзыретiнiң шегiнде мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыруға; 
      3) ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындауға және қызметтен босатуға; 
      4) өзiнiң мiндеттерiн iске асыру үшiн мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, лауазымды тұлғалар мен азаматтардан қажеттi ақпараттарды сұрауға және алуға; 
      5) өз құзыретiнiң шегiнде ұйымдарды құруға, қайта ұйымдастыруға және таратуға ұсыныс енгiзуге; <*>
      5-1) ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелердiң жарғыларын бекітуге; <*>
      6) ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелерге қатысты мемлекеттiк меншiк субъектiсi құқығының функциясын жүзеге асыруға;<*>
      7) Қазақстан Республикасының қолданылып отырған заңдарына сәйкес лицензиялауды жүзеге асыруға;
      8) баспа қызметiмен айналысуға, ведомстволық журналдар, газеттер, басқа да баспа және электрондық бұқаралық ақпарат құралдарын ұстауға;
      9) сыйлықтар мен стипендиялар тағайындауға;
      9-1) Қазақстан Республикасының білім, ғылым органдары мен оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қоюға;
      9-2) ведомстволық статистикалық байқауларды жүргiзуге; <*>
      9-3) ведомстволық статистикалық байқаулардың бағдарламаларын әзiрлеуге; <*>
      10) заңдарға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
      Ескерту. 9-1)-тармақшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2001.07.23. N 990  қаулысымен.
       ЕСКЕРТУ. 12-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.02.21. N 186 
қаулысымен.     3. Министрлiктің мүлкi      13. Министрлiктiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады. 
     Министрлiктiң мүлкi оған мемлекет берген мүлiктiң есебiнен қалыптастырылады және негiзгi қорлардан, сондай-ақ құны Министрлiктiң балансында көрсетiлетiн өзге мүлiктен тұрады.      14. Министрлiктiң мүлкi республикалық меншiкке жатады.      15. Министрлiктiң өзiне бекiтiлген мүлiктi өзiнше иелiктен алуға немесе оған өзгедей әдiспен билiк етуге құқығы жоқ. 
     Министрлiкке заңдарда белгiленген жағдайларда және шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.   4. Министрлiктің қызметiн ұйымдастыру       16. Министрлiктi Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады. 
      Министрдiң, Қазақстан Республикасының Yкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады.       17. Министр Министрлiктiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, Министрлiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн жеке жауап бередi.        18. Министр осы мақсатта: 
      1) өз орынбасарлары мен Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi
басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайды;
     2) заңдарға сәйкес Министрлiктiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
     3) Министрлiктiң бұйрықтарына қол қояды;
     4) Министрлiктiң регламентiн және Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
     5) Министрлiктiң барлық мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда Министрлiктiң атының өкiлдiк етедi;
     6) заңдарда белгiленген тәртiппен Министрлiктiң қызметкерлерiне тәртiптiк шаралар қолданады;
     7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.      19. Министрліктің Министрдің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылатын Алқасы болады. Алқаның сандық және жеке құрамын Министрліктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының арасынан Министр бекітеді.   5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату      20. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы        
Үкiметiнiң              
1999 жылғы 19 қарашадағы        
N 1754 қаулысымен            
Бекітілген                   Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым
министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдардың
Тізбесі       1. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар
 
       1. Атырау мұнай және газ институты
     2. Ы.Алтынсарин атындағы қазақ бiлiм академиясы
     3.(Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2001.04.19. N 526 қаулысымен.) 
     4. <*>
     5. <*>
     6. К.Бәйсейiтова атындағы республикалық музыка колледжi
     7. П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжi
     8. Ж.Елебеков атындағы республикалық эстрадалық-цирк колледжi
      9. Алып тасталды - 2001.12.11. N 1619 қаулысымен.
     10. О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндiк-қолданбалы өнер колледжi
     11. Ақмола экономикалық-қаржы колледжi
     12. Семей экономикалық-қаржы колледжi
     13. А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесi
     14. "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы
     15. <*>
     16. Республикалық бiлiм берудi ақпараттандыру ғылыми-әдiстемелiк орталығы
     17. <*>
     18. <*>
     19. <*>
     20. <*>
     21. Жалпы генетика және цитология институты
     22. Микробиология және вирусология институты
     23. <*>
     24. <*>
     25. <*>
     26. <*>>
      27. Алып тасталды - ҚРҮ-нің 2002.10.29. N 1148 қаулысымен.
     28. <*>
     29. Экономика институты
     30. <*>
     31. А.Байтұрсынов атындағы Тiл бiлiмi институты
     32. М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
     33. Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты
     34. Философия және саясаттану институты
     35. Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институты
     36. <*>
     37. Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты
     38. <*>
     39. <*>
     40. <*>
      41. Алынып тасталды - 2001.05.10. N 615 қаулысымен.
     42 - 51. <*>
     52. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2001.04.07. N 470 қаулысымен.
     53. Қолданбалы математика институты
     54. <*>
      55.Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2001.10.29. N 1370 қаулысымен.
     56. Фитохимия институты
     57. <*>
     58. <*>
     59. <*>
     60.  Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2003.06.27. N 623  қаулысымен
     61-75. <*> 
      76.   Алып тасталды - ҚРҮ-нің 2002.10.29. N 1148 қаулысымен.
      77.   Алып тасталды - ҚРҮ-нің 2002.10.29. N 1148 қаулысымен.
     78-94. <*> 
      95.   Алып тасталды - ҚРҮ-нің 2002.10.29. N 1148 қаулысымен.
     96. <*>
      97.   Алып тасталды - ҚРҮ-нің 2002.10.29. N 1148 қаулысымен.
      98.   Алып тасталды - ҚРҮ-нің 2002.10.29. N 1148 қаулысымен.
     99-112. <*> 
      113. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2001.01.20. N 20 қаулысымен.
     114. <*>
      115. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2001.01.20. N 20 қаулысымен.
     116-122. <*>
      123. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2001.01.20. N 20 қаулысымен.
     124-127. <*>
      128. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2001.01.20. N 20 қаулысымен.
     129-130. <*>
      134. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2001.01.20. N 20 қаулысымен.
     135-138. <*>
     139. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2001.01.20. N 20 қаулысымен.
     140. <*>
      141. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2001.01.20. N 20 қаулысымен.
     142. <*>
     143.Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2001.01.20. N 20 қаулысымен.
     144-147. <*>
     148. <*>
     149. Қазақ мемлекеттiк ғылыми-техникалық ақпарат
ғылыми-зерттеу институты
     150. Ғалымдар үйi
     151. Республикалық қосымша бiлiм беру оқу-әдiстемелiк орталығы
     152. Орталық ғылыми кiтапхана
     153. Республикалық ғылыми-техникалық кiтапхана
     154. <*>
     155. <*>
      156. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2003.11.29. N 1214  қаулысымен .
     157. <*>
     157-1. "Бөбек" ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы <*>
     157-2. Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы
     157-3 Махамбет Өтемiсов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті; <*>
     157-4 <*>
     157-5 <*>
     157-6 Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесi орталығы; 
     157-7 "Балдәурен" республикалық оқу-сауықтыру орталығы; <*>
     157-9 "Ғылым" ғылыми баспа орталығы.
     157-9. Қазақстан Республикасының Биотехнология жөнiндегi ұлттық орталығы
      157-10. Алып тасталды - 2003.03.20. N 277   қаулысымен .
     157-11. Өсiмдiктер физиологиясы, генетикасы және биоинженериясы институты
     157-12. Ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты
     157-13. Дәрiлiк қосылыстарды биологиялық зерттеулердiң орталық
лабораториясы
     157-14. Алматы биокомбинаты
     157-15. Лазерлiк технология жөнiндегi Алматы инженерлiк орталығы.
     157-16. <*>
     157-18. Үлгі-тәжірибелік орман көшеттігі
     157-20. 12 жылдық бiлiм беру проблемалары республикалық
ғылыми-практикалық орталығы
     157-21. Жәңгiр хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университетi <*>
     157-22. Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетi<*>
     157-23. Ақтөбе мемлекеттiк педагогикалық институты
     157-24. Қостанай мемлекеттiк педагогикалық институты
     157-25. Павлодар мемлекеттiк педагогикалық институты
     157-26. Семей мемлекеттiк педагогикалық институты
     157-27. Тараз мемлекеттiк педагогикалық институты
     157-28. Химиялық-технологиялық зерттеулер орталығы
     157-29. Физикалық-математикалық зерттеулер орталығы
     157-30. Астрофизикалық зерттеулер орталығы
     157-31. Биологиялық зерттеулер орталығы
     157-32. Геологиялық-географиялық зерттеулер орталығы 
     157-33. Инфекцияға қарсы жаңа препараттарды әзірлеу <*>
     157-34. С. Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік
             агротехникалық университеті. <*>
     157-35. "Салааралық ақпарат ғылыми-техникалық
             орталығы               2. Мемлекеттiк мекемелер       158.   Алып тасталды - 2003.11.27. N 1191   қаулысымен .
     159. Сейсмология тәжiрибе-әдiстемелік экспедициясы
     160.Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахимов атындағы Республикалық
Шымкент әскери мектеп-интернаты <*>
     161. Республикалық Қарағанды әскери мектеп-интернаты
     162. Б.Момышұлы атындағы республикалық Алматы әскери мектеп-интернаты
     163. А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ орта мамандырылған музыка мектеп-интернаты <*>
     164. Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты<*>
     165. О.Жәутіков атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика орта мектеп-интернаты<*>
     166. Республикалық ғылыми-педагогикалық кiтапханасы
     167. Академик Қ.И.Сәтпаевтың мемориалдық мұражайы 
     167-1. <*>
     167-2.  Күләш Бәйсейiтова атындағы дарынды балаларға арналған
республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернаты 
     167-3. Түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығы
     167-4. Қаржы орталығы
     167-5. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы 
     167-6. Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы
     167-7. Қазақ ұлттық музыка академиясы 3. Заңға сәйкес республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар
болып қайта құрылатын ұйымдардың тiзбесi       168. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2001.06.15.N 821 қаулысымен.
     169. Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетi 
     170. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті
     171. <*>
     172. Алып тасталды - ҚРҮ-нің 2001.08.09.N 1043 қаулысымен.
      173. Алматы технологиялық институты
     174. Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттiк педагогикалық институты 
     175. Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттiк университетi
     176. Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттiк университетi <*>
     177. Д.Серiкбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттiк техникалық университетi
     178. Шәкәрiм атындағы Семей мемлекеттiк университетi
     179. <*>
     180. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетi
      181.Алып тасталды - ҚРҮ-нің 2001.06.20.N 842 қаулысымен.
     182. Ілияс Жансүгiров атындағы Жетiсу мемлекеттiк университетi
     183. <*>
     184. <*>
     185. <*>
      186. Алып тасталды - ҚРҮ-нің 2001.06.18. N 833 қаулысымен.
      187. Алып тасталды - ҚРҮ-нің 2001.04.02. N 434 қаулысымен.
     188. Алып тасталды - ҚРҮ-нің 2001.04.26. N 559 қаулысымен.
     189. <*>
      190. Алып тасталды - ҚРҮ-нің 2001.08.23. N 1099 қаулысымен.
     191. Қазақ ұлттық аграрлық университетi
     192. Қазақ мемлекеттiк қыздар педагогикалық институты
     193. <*>
     194. <*>
     195. Әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi
     196. Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетi 
     197. Академик А.Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттiк университетi
     198. Қарағанды мемлекеттiк техникалық университетi
      199. Алып тасталды - ҚРҮ-нің 2001.05.11. N 623 қаулысымен. 
     200. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттiк университетi
     201. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
     202. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
     203. <*>
     204. <*>
     205. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
     206. Рудный индустриялық институты
     207. Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттiк университеті <*>
     208. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті
     209. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
      ЕСКЕРТУ. Тiзбеден 154-155-жолдар алып тасталды, 157-2 жолмен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 1999.12.03 N 1850 қаулысымен.
     ЕСКЕРТУ. Тiзбе 157-1-жолмен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 1999.12.02 N 1824   қаулысымен.
      ЕСКЕРТУ. Тiзбе 167-1-жолмен толықтырылды, 59-жол алып тасталды - ҚР Үкіметінің 1999.12.28 N 2001   қаулысымен.
      ЕСКЕРТУ. Тiзбеден 17, 36, 57, 58, 157, 179, 183, 184, 185, 189, 193, 194, 203-жолдар алып тасталды, 157-3, 157-4, 157-5-жолдармен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.02.14. N 236 қаулысымен.
      ЕСКЕРТУ. Тiзбеден 204-жол алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2000.03.16. N 407   қаулысымен.
      ЕСКЕРТУ. Тiзбе өзгерді және толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.04.19. N 604   қаулысымен.
      ЕСКЕРТУ. Тiзбе 157-6-жолмен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.05.19 N 766   қаулысымен.
        ЕСКЕРТУ. Тiзбеден 23, 24, 25, 26-жолдар алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2000.07.05. N 1018   қаулысымен.
        ЕСКЕРТУ. Тiзбеден 28-жол алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2000.07.10. N 1043  қаулысымен.
        Ескерту. Тізбе толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.10.12. N 1523  қаулысымен.
      ЕСКЕРТУ. Тізбе толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.11.07. N 1679 
қаулысымен.
      Ескерту. Тізбе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.11.29. N 1782  қаулысымен.
      ЕСКЕРТУ. Тiзбеден 167-1-жол алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2001.01.17. N 61   қаулысымен.
      ЕСКЕРТУ. 157-9-жолмен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2001.01.20. N 88   қаулысымен.
      ЕСКЕРТУ. Тізбе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.01.31. N 163  қаулысымен.
        ЕСКЕРТУ. Тізбе 157-9 - 157-15-жолдармен толықтырылды - ҚР
Үкіметінің 2001.02.05. N 186   қаулысымен.
      Ескерту. Тізбе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.04.06. N 458  қаулысымен.
      ЕСКЕРТУ. Тізбе 157-16-жолмен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2001.05.23. N 692   қаулысымен.
        Ескерту. Тізбе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.06.29. N 892  қаулысымен.
        ЕСКЕРТУ. Тізбе 157-18 жолмен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2001.07.12. N 951   қаулысымен.
        ЕСКЕРТУ. Тізбе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.10.11. N 1313   қаулысымен.
      ЕСКЕРТУ. Тізбе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.10.24. N 1358 қаулысымен.
      ЕСКЕРТУ. Тізбеден 157-16-жол алынып тасталды - ҚР Үкіметінің
2002.05.17. N 533   қаулысымен.
      ЕСКЕРТУ. Тiзбеден жолдар алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.06.28. N 704   қаулысымен.
        Ескерту. Тізбе 157-20 жолмен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2002.07.27. N 839   қаулысымен.
        Ескерту. Тізбеден 27,76,77,95,97,98-жолдар алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.10.29. N 1148  қаулысымен.
        Ескерту. Тізбе 157-21 жолмен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2002.11.05. N 1172  қаулысымен .
     ЕСКЕРТУ. Тізбеден 157-10-жол алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 
2003.03.20. N 277  қаулысымен .
     ЕСКЕРТУ. 60-жол алып тасталды - ҚР Үкіметінiң 2003.06.27. N 623  қаулысымен .
     Ескерту. Тізбе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.08.01. N 774  қаулысымен .
      Ескерту. Тізбе 157-22 жолмен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2003.09.26. N 979  қаулысымен .
        Ескерту. Тізбе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.11.29. N 1214  қаулысымен .
      Ескерту. 157-7-жол жаңа редакцияда - 2004.01.30. N 112  қаулысымен
     Ескерту. Тізбе 157-23 - 157-27-жолдармен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2004.02.03. N 128  қаулысымен .
     Ескерту. Тізбе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2004.02.25. N 222  қаулысымен .
     Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.05. N 280  қаулысымен
     Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.04.28. N 481  қаулысымен
     Ескерту. Тізбе 157-33 жолмен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2004.06.25. N 703  қаулысымен .
       Ескерту. 157-34-жолмен толықтырылды - ҚР Үкіметінің   2004.08.03. N 829   қаулысымен .
     Ескерту. 157-35-жолмен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2004.08.31. N 921   қаулысымен .
     Ескерту. 157-1-жол жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2004.09.30. N 1005   қаулысымен .
     Ескерту. 163-жол жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2004.10.07. N 1041   қаулысымен .      Қазақстан Республикасы     
Үкiметiнiң 1999 жылғы      
19 қарашадағы          
1754 қаулысымен         
бекiтiлген                                     Қазақстан Республикасы 
               Yкiметiнің күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнің 
                              Тізбесі       1. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 наурыздағы N 233  қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 8, 65-құжат). 
      2. "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 1 сәуiрдегi N 352  қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 12, 111-құжат). 
      3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 наурыздағы N 233 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 14 қыркүйектегi N 883 қаулысының күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 21 мамырдағы N 608  қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., N 20-21, 210-құжат). 
      4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 2 тамыздағы N 1093  қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 10-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 40, 343-құжат). 
      5. "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 24 тамыздағы N 1230  қаулысы
      6. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрлiгiнiң мекемелерiн қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 тамыздағы N 1264  қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 43, 391-құжат). 
      7. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің "Денсаулық" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 қыркүйектегі N 1364  қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады