Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 2 желтоқсан N 1824

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының құрылымын жетiлдiру және олардың құзыретiн нақтылау жөнiндегi шаралар туралы" 1999 жылғы 13 қазандағы N 235 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 

      1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
      2) "Республикалық оқу-тәрбиелiк орталығы" республикалық қазыналық кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 15 сәуiрдегi N 413  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж.,N 13, 126-құжат): 
      қаулының атауындағы "Республикалық оқу-тәрбие орталығы" деген сөздер "Бөбек" республикалық оқу-сауықтыру орталығы" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      2-тармақтағы "Республикалық оқу-тәрбие орталығы" деген сөздер "Бөбек" республикалық оқу-сауықтыру орталығы" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      2-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрлiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "3. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi нысанасы әлсiз, ауру балаларды, сондай-ақ экологиялық қолайсыз аймақтардың, әл-ауқаты төмен және көп балалы отбасыларының балаларын, балалар үйлерiндегi жетiм балаларды тәрбиелеу оқыту және сауықтыру болып айқындалсын"; 
      6-тармақта: 
      екiншi абзацтағы "Республикалық оқу-тәрбие орталығы" деген сөздер "Бөбек" республикалық оқу-сауықтыру орталығы" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Кәсiпорынды қаржыландыру республикалық бюджеттен және заңдармен тиым салынбаған басқа да көздерден жүзеге асырылады". 
      3) <*>
       Ескерту. 3)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1111  қаулысымен .
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасының Білiм және ғылым министрлiгi заңдарда белгiленген тәртiппен Кәсiпорынның жарғысына тиiстi өзгерiстер енгiзсiн және оның әдiлет органдарында қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн. 

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады