Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Ұлттық тестілеу орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы N 1850 Қаулысы

       Ескерту. Қаулының тақырыбына өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.18  N 365 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасында білім беру сапасын басқару тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 

      1. "Республикалық білім берудің мемлекеттік стандарттары орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны мен "Республикалық тест орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын біріктіру жолымен "Ұлттық тестілеу орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) құрылсын.
       Ескерту. 1-тармаққа тақырыбына өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.18  N 365 Қаулысымен.

      2. Кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы мыналар деп айқындалсын: 
      білім ұйымдарында оқу процесінің сапасын талдау және бағалау; 
      жоғары кәсіптік және орта кәсіптік оқу орындарына түсушілер үшін кешенді тестілеу тапсырмаларын жасау және енгізу; 
      оқу процесінің сапасын бақылайтын жаңа технологияларды, білім беру ұйымдарында оқитындардың контингентін конкурс бойынша қалыптастырудың жаңа үлгісін әзірлеу және енгізу; 
      тестілеудің теориясы мен әдістемесіне ғылыми-әдістемелік зерттеу жүргізу, білім берудің сапасын және оның мемлекеттік білім стандарттары талаптарына сәйкестігін анықтау.
       Ескерту. 2-тармаққа тақырыбына өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.18  N 365 Қаулысымен.

      3. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган болып белгіленсін. 

      4. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен: 
      1) Кәсіпорын жарғысын бекітсін, сондай-ақ оның мемлекеттік тіркеуін қамтамасыз етсін; 
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады