Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының "Таразы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 7 желтоқсан N 1874. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.01.19. N 76 қаулысымен. ~P010076

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" 1996 жылғы 19 маусымдағы N 2335 U962335_ заң күші бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Таразы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының өзін Кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган етіп белгілеу туралы ұсынысына келісім берілсін.
      3. Кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қызметтік ғимараты мен өзге де мүлкін басқаруға және пайдалануға байланысты шаруашылық қызметін жүзеге асыру болып белгіленсін.
      4. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты белгіленген тәртіппен:
      1) Кәсіпорынның жарғысын бекітсін және оны әділет органдарында

 

тіркеуді қамтамасыз етсін.

     2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

     5. "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы"

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 


P960790_



қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат)

мынадай толықтыру енгізілсін:

     көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік

кәсіпорындардың тізбесі бөліммен және мынадай мазмұндағы реттік нөмірі

510-жолмен толықтырылсын:

     "Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты

     510 "Таразы" республикалық

     мемлекеттік кәсіпорны               Астана қаласы".

     6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



     Оқығандар:

    Қобдалиева Н.М.

    Орынбекова Д.К.       





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады