Байланыс формасы

"Жоғары аттестациялық комиссия" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 28 желтоқсан N 2001. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1111 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік бақылау мен қадағалау функцияларын ретке келтіру туралы" 1999 жылғы 7 қыркүйектегі N 205  Жарлығын  атқару мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. "Жоғары аттестациялық комиссия" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің қарауындағы "Жоғары аттестациялық комиссия" (бұдан әрі - Мекеме) мемлекеттік мекемесіне айналдыру жолымен қайта ұйымдастырылсын. 
      2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен: 
      1) Мекеменің құрылтай құжаттарын әзірлесін және Үкіметтің бекітуіне енгізсін және кейін оны әділет органдарында тіркеуді қамтамасыз етсін; 
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 
      3. Мекеменің басшысын Үкімет тағайындайды, ал оны қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне 34 "Ғылыми кадрларды аттестациялау" бағдарламасы бойынша көзделген қаражаттың есебінен және шегінде қаржыландырылады деп белгіленсін. 
      4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: 
      1) "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790   қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат): 
      көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде: 
      "Қазақстан Республикасының Жоғары білім және ғылым министрлігі" тарауы мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі"; 
      реттік нөмірі 470-жол алынып тасталсын; 
      2) "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1754  қаулысында
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде:
      1 "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар" тарауындағы реттік нөмірі 59-жол алынып тасталсын;
      2 "Мемлекеттік мекемелер" тарауы мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 167-1-жолмен толықтырылсын:
      "167-1. Жоғары аттестациялық комиссия".
      5. "Жоғары аттестациялық комиссия" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 наурыздағы N 271  қаулысының  күші жойылды деп танылсын.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады