"Deutsche Allgemeine Zeitung", "Украінскі новини" және "Коре ильбо" республикалық мемлекеттік ұлттық газеттерін жекешелендірудің кейбір мәселелері

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 28 желтоқсан N 2006

      Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігіне ведомстволық бағыныстағы жекелеген ұйымдардың қызметін оңтайландыру, ұлттық мерзімді басылымдарды шығаруға инвестициялар тарту, олардың бәсекелестік қабілетін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің жекешелендірілуі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіпте тұйық технологиялық циклды бұзбайтын, "Дәуір" республикалық газет-журнал баспасы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының құрылымдық бірліктері болып табылатын мүліктік кешен ретінде "Коре ильбо" республикалық газеті" Республикалық мемлекеттік кәсіпорнын, "Deutsche Allgemeine Zeitung" және "Украінські новини" республикалық мемлекеттік газеттері редакцияларын сенімгерлік басқаруға беру туралы ұсынысына келісім берілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің қатысуымен "Коре ильбо" республикалық газеті" мемлекеттік кәсіпорны мен "Deutsche Allgemeine Zeitung" және "Украінські новини" республикалық мемлекеттік газеттерінің мүліктік кешендерін келешекте сатып алу құқығымен бес жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға беру жөнінде ашық тендер өткізсін.

 

     Тендердің негізгі шарттары болып мыналар белгіленсін:

     аталған газеттер беттерінде мемлекеттік тапсырыстың міндетті түрде

орындалуын қамтамасыз ету;

     газеттердің тақырыптық бағыттылығын сақтау;

     газеттердің сапасын жақсарту және бәсекелестік қабілетін арттыру;

     газеттердің одан әрі дамуы үшін инвестициялар тарту.

     3. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім

министрлігі тендер жеңімпазымен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген

мерзімдік баспасөз басылымдарын беру туралы шарт жасасуды қамтамасыз етсін

және шарт талаптарының орындалуын бақылауды қамтамасыз етсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


    Оқығандар:

   Қобдалиева Н.М.

   Орынбекова Д.К.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады