Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 14 тамыздағы N 173-ө өкіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 27 ақпандағы N 52-ө өкімі. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 2004.12.30. N 383 өкімімен.

      "Ақпараттандыру, электрондық құжат және электрондық цифрлық қол қою саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 14 тамыздағы N 173-ө  өкіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген өкіммен бекітілген Ақпараттандыру, электрондық құжат және электрондық цифрлық қол қою саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерін іске асыру мақсатында қабылдануы қажет Қазақстан Республикасының Үкіметі кесімдерінің тізбесінде:
      "Орындалу мерзімі" деген бағандағы реттік нөмірі 1-жолдың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2004 жылғы қаңтар";
      "Жауапты мемлекеттік органдар" деген бағандағы реттік нөмірі 1-жолдың 4) тармақшасы "ЭБЖМ" деген аббревиатурамен толықтырылсын;
      "Орындалу мерзімі" деген бағандағы реттік нөмірі 2-жолдың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ақпарат және ақпаратты қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданғаннан кейін".

       Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады