"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 16 қыркүйектегі N 259-ө Өкімі

      "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актілерiне ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi  Заңын  (бұдан әрi - Заң) iске асыру мақсатында:

      1. Қоса берілiп отырған қабылдануы Заңмен негiзделген нормативтiк құқықтық кесімдердiң тiзбесi (бұдан әрi - тiзбе) бекiтілсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі тiзбеге сәйкес нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлесiн және белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Yкіметінің бекiтуiне енгiзсiн.

       Премьер-Министр

                                           Қазақстан Республикасы
                                             Премьер-Министрiнiң
                                          2005 жылғы 16 қыркүйектегі
                                               N 259-ө өкiмiмен
                                                  бекiтiлген

    Қабылдануы "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық
  актiлерiне ұлттық қауiпсiздiкті қамтамасыз ету мәселелерi
     бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы"
  Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегі Заңымен
    негiзделген нормативтік құқықтық кесiмдердiң тiзбесi

Р/с
 N

Нормативтік құқықтық кесiмнiң
атауы

Кесiмнiң нысаны

Орындалу
мерзімі

Орындалуына жауаптылар

1

Дiни бiрлестiк-
термен байланыс комитетiнiң мәселелерi

Қазақстан
Республикасы
Үкiметiнiң
қаулысы

2005
жылғы
қыркүйек

Қазақстан
Республикасы
Әдiлет
министрлігі

2

Азаматтардың
саяси партия
құру жөнiндегi
бастамашылық
тобы, саяси
партия мүшелерi тізімдерінің дұрыстығын тексеру ережесін бекіту туралы

Қазақстан
Республикасы
Үкiметiнiң
қаулысы

2005
жылғы
қыркүйек

Қазақстан
Республикасы
Әдiлет
министрлігі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады