"Қазақстан Республикасының Кеден кодексiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 16 қыркүйектегі N 260-ө Өкімі

      1. Қоса берiлiп отырған "Қазақстан Республикасының Кеден кодексiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 20 маусымдағы  Заңын  iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық кесiмдердiң тiзбесi (бұдан әрi - Тiзбе) бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Тiзбеге сәйкес:
      1) "Кеден органының лауазымды адамы қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты өзiнiң кәсiби қызметiмен одан әрi айналысуға мүмкiндiк бермейтіндей болып мертiккен не денсаулығына өзге де зақым келген жағдайда бiржолғы өтемақы төлеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулысының жобасын әзiрлесiн және белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге ұсынсын;
      2) тиiсті ведомстволық нормативтiк құқықтық кесiмдердi қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкiметін хабардар етсiн.

       Премьер-Министр

                                           Қазақстан Республикасы
                                             Премьер-Министрiнiң
                                          2005 жылғы 16 қыркүйектегi
                                               N 260-ө өкiмiмен
                                                   бекiтiлген

   "Қазақстан Республикасының Кеден кодексiне өзгерiстер мен
    толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының
   Заңын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік
                 құқықтық кесiмдердiң тізбесi

P/c
N

Нормативтік құқықтық
кесiмнiң атауы

Кесiмнің нысаны

Орындауға жауапты
мемлекет-
тiк орган

Орындау мерзiмi

1

2

3

4

5

1

Кеден органының
лауазымды адамы
қызметтік мiндеттерін
орындауына байланысты
өзінің кәсiби қызметімен одан әрi айналысуға мүмкiндiк
бермейтіндей болып
мертіккен не денсаулығы-
на өзге де зақым келген
жағдайда біржолғы
өтемақы төлеу ережесін
бекіту туралы

Қазақстан
Республикасы
Үкіметінің
қаулысы

Қаржыминi*

2005 жылғы қыркүйек

2

Декларанттардың
сарапшылар тарту
ережесін бекіту туралы

Уәкiлетті
органның
бұйрығы

Қаржыминi

2005 жылғы қыркүйек 

3

Кеден органының
тауарларды жiктеу
жөнiнде шешiм қабылдау
ережесi мен оның
нысанын бекiту туралы

Уәкiлетті
органның
бұйрығы

Қаржыминi

2005 жылғы қыркүйек

4

Керi қайтарып алынған
жүк кедендiк декларация-
сының күшiн жою
ережесiн бекiту туралы

Уәкiлетті
органның
бұйрығы

Қаржыминi

2005 жылғы қыркүйек

5

"Кеден органдарының
Қазақстан Республикасы-
ның мемлекеттiк
шекарасында радиациялық
бақылау жүргiзу
ережесiн бекiту туралы"
Қазақстан Pecпубликасы
Кедендік бақылау
агенттігінің төрағасы
мiндетін атқарушының
2004 жылғы 27
қыркүйектегi N 400
бұйрығына өзгерiстер
енгізу туралы

Уәкiлетті
органның
бұйрығы

Қаржыминi

2005 жылғы қыркүйек

6

"Тауарларды кедендiк
бақылаумен өткiзу
туралы" Қазақстан
Республикасы Кедендiк
бақылау агенттiгi
төрағасының 2003 жылғы
12 мамырдағы N 197
бұйрығына өзгерiстер
мен толықтырулар енгiзу
туралы

Уәкiлетті
органның
бұйрығы

Қаржыминi

2005 жылғы қыркүйек

7

"Кедендік төлемдердi,
салықтарды және
өсiмпұлдарды мемлекеттiк
бюджетке аударудың және
артық төленген кедендік
төлемдердi, салықтарды
және өсiмпұлдарды
есепке алу мен
мемлекеттік бюджеттен
қайтарып алудың
ережесiн бекiту туралы"
Қазақстан Республикасы
Кедендiк бақылау
агенттігі төрағасының
2003 жылғы 27 мамырдағы
N 247 бұйрығына
өзгерiстер енгізу туралы

Уәкiлетті
органның
бұйрығы

Қаржыминi

2005 жылғы қыркүйек

8

"Кеден iсi саласындағы
сыртқы экономикалық
және өзге де қызметтерге
қатысушыларды тексеру
туралы" Қазақстан
Республикасы Кедендiк
бақылау агенттігі
төрағасының 2003 жылғы
17 мамырдағы N 213
бұйрығына өзгерiстер
мен толықтырулар енгiзу
туралы

Уәкiлетті
органның
бұйрығы

Қаржыминi

2005 жылғы қыркүйек

9

"Уақытша кедендік
декларацияны толтыру
және уақытша декларация-
лау рәсімдерін пайдалана
отырып кедендік
ресімдеудің ережесін
бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы
Кедендік бақылау
агенттігі төрағасының
2003 жылғы 20 мамырдағы
N 218 бұйрығына өзгерiс-
тер мен толықтырулар
енгізу туралы

Уәкiлетті
органның
бұйрығы

Қаржыминi

2005 жылғы қыркүйек

      * Шартты белгiлер мен қысқартулар:
      Қаржыминi - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады