"Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 9 шілдедегі N 183-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы  Конституциялық заңын  іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.

      2. Тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін.

       Премьер-Министр

                                             Қазақстан Республикасы
                                               Премьер-Министрінің
                                             2007 жылғы«9 шілдедегі
                                                N 183-ө өкімімен
                                                     бекітілген

    "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы"
     Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын іске
    асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық
                     актілердің тізбесі

Р/
с
N

Нормативтік
құқықтық
актінің
атауы

Аяқтау
нысаны

Орындау-
ға
жауапты
мемле-
кеттік
органдар

Орындау
мерзімі

1.

Мемлекеттік
стандарттарға
сәйкес
келмейтін
Қазақстан
Республика-
сының
Мемлекеттік
Туын,
Мемлекеттік
Елтаңбасын
ауыстыру
және жою
ережесін
бекіту туралы

Қазақс-
тан
Респу-
бликасы
Үкіметі-
нің
қаулысы

Қазақс-
тан
Респу-
бликасы
Мәдениет
және
ақпарат
министр-
лігі

2007 жылғы
тамыз

2.

Қазақстан
Республика-
сының
Мемлекеттік
Туын,
Мемлекеттік
Елтаңбасын
және олардың
бейнелерін,
сондай-ақ
Қазақстан
Республикасы
Мемлекеттік
Әнұранының
мәтінін
орналастыру
ережесін
бекіту туралы

Қазақс-
тан
Респу-
бликасы
Үкіметі-
нің
қаулысы

Қазақс-
тан
Респу-
бликасы
Мәдениет
және
ақпарат
министр-
лігі

2007 жылғы
тамыз

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады