"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмыспен қамту және атаулы әлеуметтік көмек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 16 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 12 ақпандағы N 24-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмыспен қамту және атаулы әлеуметтік көмек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 16 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі:
      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;
      2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актіні қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр                                   К. Мәсімов

                                          Қазақстан Республикасы
                                            Премьер-Министрінің
                                          2009 жылғы 12 ақпандағы
                                              N 24-ө өкімімен
                                                 бекітілген

   "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
жұмыспен қамту және атаулы әлеуметтік көмек мәселелері бойынша
     өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан
   Республикасының 2009 жылғы 16 қаңтардағы Заңын іске асыру
       мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық
                     актілердің тізбесі

Р\с N

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Аяқтау нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындалу мерзімі

1

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 желтоқсандағы N 1685 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Еңбекмині

2009 жылғы ақпан

2

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Еңбекмині

2009 жылғы ақпан

3

Учаскелік комиссиялар туралы үлгі ережені бекіту туралы

Еңбекминінің бұйрығы

Еңбекмині

2009 жылғы ақпан

      Ескерту: аббревиатураның толық жазылуы:

Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік
            қорғау министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады