"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 6 наурыздағы N 34-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі:
      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
      2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр                                     К. Мәсімов

                                            Қазақстан Республикасы
                                              Премьер-Министрінің
                                            2009 жылғы 6 наурыздағы
                                                N 34-ө өкімімен
                                                  бекітілген

   "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын
    іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік
               құқықтық актілердің тізбесі

Р/с N

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

1.

"Телевизиялық және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 18 шілдедегі N 607 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

МАМ

2009 жылғы наурыз

2.

"Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2008 жылғы 1 ақпандағы N 19 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығы

МАМ

2009 жылғы наурыз

3.

"Мемлекеттік қызмет көрсетудің регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2008 жылғы 18 ақпандағы N 27 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығы

МАМ

2009 жылғы наурыз

      Аббревиатураның толық жазылуы:
      МАМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады