Негізгі азық-түлік тауарларына және әлеуметтік маңызды қызметтерге бағаның өсуі мен тарифтерді ұстап тұру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 13 наурыздағы N 38-ө Өкімі

      Негізгі азық-түлік тауарларына және әлеуметтік маңызды қызметтерге бағаның өсуі мен тарифтерді ұстап тұру мақсатында:
      1. Мемлекеттік органдар және облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері мынадай шараларды қолдансын:
      1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі:
      облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерімен бірлесіп, мыналарды:
      Дәрілік заттарды өндірушілермен, өнім берушілермен және бөлшек сату объектілерімен халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтары үшін бағаның өсуін ұстап тұру жөнінде меморандумдар жасасуды;
      дәрілік заттарды өндіруге және оларды жеткізуге арналған тапсырыстарды отандық кәсіпорындарда орналастыруды;
      Бірыңғай дистрибьютер арқылы отандық және шетелдік өндірушілерден дәрілік заттарды тікелей сатып алуды ұйымдастыру мәселесін зерделеуді қамтамасыз етсін;
      2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарындағы оқу құнын негізсіз арттыруға жол бермесін;
      3) Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі:
      "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына мұнай өнімдерін сату нарығында делдал құрылымдарды болдырмау бөлігінде тиісті өзгерістерді Қазақстан Республикасының Үкіметіне және Парламентіне енгізуді жеделдетсін;
      облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерімен бірлесіп ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өндеу жөніндегі және жанар-жағар май материалдарын өндірушілермен электр энергиясын және/немесе жылу энергиясын өндіру жөніндегі кәсіпорындармен тікелей келісім-шарттар жасасу жөнінде жәрдем көрсетсін;
      4) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі:
      облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерімен бірлесіп отандық тауар өндірушілердің ішкі нарықты тауарлардың импортынан қорғау мәселелері бойынша заңнама туралы хабардар болуын арттыру жөнінде шаралар қабылдасын;
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен, Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау агенттігімен және облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерімен бірлесіп көтерме және шағын көтерме базарларында негізгі азық-түлік тауарларына баға белгілеуді бақылау мәселелерін пысықтасын;
      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы, Денсаулық сақтау министрліктерімен бірлесіп техникалық реттеу және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілердің сақталуын бақылауды қатаңдатсын;
      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен және облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерімен бірге қайта өңдеуші кәсіпорындар мен сауда желілерінің арасында өнім жеткізу жөніндегі консигнация шарттарын жасасу кезінде сауда үстеме ақыларын заңнамалық реттеу жөнінде ұсыныстар әзірлесін;
      5) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан Республикасының Үкіметі, облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері аса маңызды тұтыну тауарларына бағаны тұрақтандыру және ішкі нарықты тауарлар импортынан қорғау жөнінде қабылданатын әрі іске асырылатын шараларды жария етуді қамтамасыз етсін;
      6) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі нарыққа реттемелі ықпал ету үшін мемлекеттік резервтен тауар-материалдық құндылықтарды шығару мүмкіндігін қарасын;
      7) Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі:
      адал бәсекелестікті дамыту үшін жағдайлар жасау жөніндегі жұмысты жалғастырсын;
      тауар нарықтарында болып жатқан процесстерге шұғыл ден қойсын және ондағы жағдайға болжам жасасын;
      мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп "жасырын" монополияларды (тұлғалар топтарын) айқындау жөнінде шаралар қабылдасын;
      қаржы нарықтарында бәсекелестікті қорғау және бәсекелестік ортаның жай-күйін зерделеу жөніндегі жұмысты жандандырсын;
      ірі сауда желілерінің қызметтерді ұсыну нарығын азық-түлік тауарларын отандық өндірушілер мен өнім берушілерге қатысты негізсіз талаптарды белгілеу мәніне талдау жүргізсін;
      8) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі:
      монополиялы сатылатын тауарларға (қызметтерге) тарифтерді негізсіз арттырған мұнай өнімдері, газ, темір жол қызметтері, әуежайлар нарықтарындағы доминант-субъектілерге қатысты ден қою шараларын қабылдасын;
      табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызметтеріне тарифтердің негізсіз өсуіне жол бермеу жөнінде шаралар қабылдасын;
      9) облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
      аса маңызды тұтыну тауарларына бағаның өсуіне жол бермеуге бағытталған шараларды әзірлеуді және оның іске асырылуын жеке бақылауға алсын;
      он күн мерзімде негізгі өндіруші кәсіпорындармен, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялармен, көтерме өнім берушілермен, бөлшек тауар сатушылармен негізгі тұтыну тауарларына, оның ішінде азық-түлік тауарларына, мұнай өнімдері мен дәрілік заттарға бағаны ұстап тұру жөніндегі шаралар туралы меморандумдар жасассын;
      қалаларда және ауылдық елді мекендерде жеміс-көкөніс өнімдерін сату үшін қосымша коммуналдық базарлар мен сауда алаңдарын (алаңшаларын) ұйымдастыру жөніндегі;
      шағын және орта бизнес субъектілеріне кредит беру жөніндегі бағдарламаны іске асыруға "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамынан (бұдан әрі - Қор) бөлінген қаражатты игеруге қайта өңдеу кәсіпорындарының қатысуы жөніндегі жұмысты жандандырсын және ай сайын 1-і күніне Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігін қайта өңдеу кәсіпорындарына кредит берудің ағымдағы жай-күйі туралы хабардар етсін;
      баға мониторингін жүзеге асыру, баға белгілеу процесстерін бақылау, бағаға сөз байласу және оны негізсіз арттыру фактілеріне жол бермеу жөніндегі жұмысты жандандырсын;
      10) Қор:
      Қор тобына кіретін заңды тұлғалардың қызметтеріне және өніміне баға белгілеуді ретке келтірсін;
      шағын және орта бизнес субъектілеріне кейіннен кредит беру үшін қаражатты орналастыру бойынша екінші деңгейдегі банктермен шарттар жасасу кезінде ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі кәсіпорындарға кредит беру үшін кемінде 30 % қаражат көздесін;
      Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарында қайта өңдеу саласының субъектілеріне кредит беруге көзделген қаражатты игеруді жеделдетсін.
      2. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ө.Е.Шөкеевке жүктелсін.

      Премьер-Министр                                     К. Мәсімов

О мерах по сдерживанию роста цен и тарифов на основные продовольственные товары и социально-значимые услуги

Распоряжение Премьер-Министра Республики Казахстан от 13 марта 2009 года № 38-р

      В целях сдерживания роста цен и тарифов на основные продовольственные товары и социально-значимые услуги:
      1. Государственным органам и акиматам областей, городов Астаны и Алматы предпринять следующие меры:
      1) Министерству здравоохранения Республики Казахстан:
      совместно с акиматами областей и городов Астаны и Алматы обеспечить:
      заключение Меморандумов по сдерживанию роста цен с производителями, поставщиками и объектами розничной реализации лекарственных средств для социально-незащищенных слоев населения;
      размещение заказов на производство и поставку лекарственных средств у отечественных предприятий;
      изучение вопроса организации закупа лекарственных средств напрямую у отечественных и зарубежных производителей через Единого дистрибьютора;
      2) Министерству образования и науки Республики Казахстан не допускать необоснованного повышения стоимости обучения в высших учебных заведениях;
      3) Министерству энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан:
      ускорить внесение в Правительство и Парламент Республики Казахстан соответствующих изменений в Закон Республики Казахстан "О государственном регулировании производства и оборота отдельных видов нефтепродуктов" в части исключения посреднических структур на рынке реализации нефтепродуктов;
      совместно с акиматами областей, городов Астаны и Алматы оказать содействие по заключению прямых контрактов предприятиями по переработке сельхозпродукции и по производству электрической и/или тепловой энергии с производителями горюче-смазочных материалов;
      4) Министерству индустрии и торговли Республики Казахстан:
      совместно с акиматами областей и городов Астаны и Алматы принять меры по повышению информированности отечественных товаропроизводителей о законодательстве по вопросам защиты внутреннего рынка от импорта товаров;
      совместно с Министерством финансов Республики Казахстан, Агентством Республики Казахстан по защите конкуренции и акиматами областей, городов Астаны и Алматы проработать вопросы контроля за ценообразованием на основные продовольственные товары на оптовых и мелкооптовых рынках;
      совместно с министерствами сельского хозяйства, здравоохранения Республики Казахстан ужесточить контроль за соблюдением нормативных правовых актов в области технического регулирования и безопасности пищевой продукции;
      с Министерством сельского хозяйства Республики Казахстан и акиматами областей, городов Астаны и Алматы разработать предложения по законодательному урегулированию торговой надбавки при заключении договоров консигнации по поставке продукции между перерабатывающими предприятиями и торговыми сетями;
      5) Министерству культуры и информации Республики Казахстан обеспечить освещение в средствах массовой информации мер, принимаемых и реализуемых Правительством Республики Казахстан, акиматами областей, городов Астаны и Алматы по стабилизации цен на важнейшие потребительские товары и защите внутреннего рынка от импорта товаров;
      6) Министерству по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан рассмотреть возможность выпуска товарно-материальных ценностей из государственного резерва для оказания регулирующего воздействия на рынок;
      7) Агентству Республики Казахстан по защите конкуренции:
      продолжить работу по созданию условий для развития добросовестной конкуренции;
      оперативно реагировать на процессы, происходящие на товарных рынках, и прогнозировать ситуацию на них;
      совместно с заинтересованными государственными органами принять меры по выявлению "скрытых" монополий (группы лиц);
      активизировать работу по защите конкуренции и изучению состояния конкурентной среды на финансовых рынках;
      провести анализ рынка предоставления услуг крупными торговыми сетями на предмет установления необоснованных требований в отношении отечественных производителей и поставщиков продовольственных товаров;
      8) Агентству Республики Казахстан по регулированию естественных монополий:
      принять меры реагирования в отношении субъектов-доминантов на рынках нефтепродуктов, газа, железнодорожных услуг, аэропортов, необоснованно повысивших тарифы на монопольно реализуемые товары (услуги);
      принять меры по недопущению необоснованного роста тарифов на регулируемые услуги субъектов естественных монополий;
      9) акимам областей, городов Астаны и Алматы:
      взять под личный контроль разработку и реализацию мер, направленных на недопущение роста цен на важнейшие потребительские товары;
      в десятидневный срок заключить Меморандумы с основными предприятиями-производителями, социально-предпринимательскими корпорациями, оптовыми поставщиками, розничными реализаторами о мерах по сдерживанию цен на основные потребительские товары, в том числе на продовольственные товары, нефтепродукты и лекарственные средства;
      активизировать работу:
      по организации в городах и сельских населенных пунктах дополнительных коммунальных рынков и торговых площадей (площадок) для реализации плодоовощной продукции;
      по участию перерабатывающих предприятий в освоении средств, выделенных из акционерного общества "Фонд национального благосостояния "Самрук-Казына" (далее - Фонд) на реализацию программы по кредитованию субъектов малого и среднего бизнеса, и ежемесячно к 1 числу информировать Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан о текущем состоянии кредитования предприятий переработки;
      по осуществлению мониторинга цен, контролю за процессом ценообразования, недопущению фактов сговора и необоснованного повышения цен;
      10) Фонду:
      упорядочить ценообразование на услуги и продукцию юридических лиц, входящих в группу Фонда;
      при заключении договоров с банками второго уровня по размещению средств для последующего кредитования субъектов малого и среднего бизнеса предусмотреть не менее 30 % средств для кредитования предприятий по переработке сельскохозяйственной продукции и производству пищевой продукции;
      ускорить освоение средств, предусмотренных Планом первоочередных действий по обеспечению стабильности социально-экономического развития Республики Казахстан, на кредитование субъектов сферы переработки.
      2. Контроль за исполнением настоящего распоряжения возложить на Первого заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан Шукеева У.Е.

       Премьер-Министр                            К. Масимов