Қазақстан Республикасының инвестициялық мүмкіндіктерін таныстыру жөніндегі ақпараттық жұмыстың 2009 жылға арналған жоспары туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 10 сәуірдегі N 55-ө Өкімі

      "Мемлекет басшысының 2005 - 2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі N 319 қаулысын орындау үшін:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының инвестициялық мүмкіндіктерінің тұсаукесері жөніндегі ақпараттық жұмыстың 2009 жылға арналған жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
      2. Орталық атқарушы органдар, өзге де мемлекеттік органдар мен мүдделі ұйымдар:
      1) Жоспарға сәйкес тиімді ақпараттық жұмысты;
      2) жарты жылда бір рет, есепті жарты жылдықтан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне өткізілген іс-шаралардың нәтижелері бойынша ақпарат ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі жарты жылда бір рет есепті жарты жылдықтан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың іске асырылуы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.
      4. Жоспарда көзделген іс-шараларды іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр                                      К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің  
2009 жылғы 10 сәуірдегі
N 55-ө өкімімен    
бекітілген      

Қазақстан Республикасының инвестициялық
мүмкіндіктерін таныстыру жөніндегі ақпараттық жұмыстың
2009 жылға арналған жоспары

Р/с N

Іс-шара

Өткізу орны*

Өткізу мерзімі

Орындауға жауаптылар

Қаржыландыру көздері

1

2

3

4

5

6

Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі іс-шаралар

1.

"Францияда Қазақстанның экономикасы күндері"

Париж қаласы, Франция

2-тоқсан

ИСМ, СІМ, ЭБЖМ, мүдделі мемлекеттік органдар, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша), СӨП (келісім бойынша)

ИСМ

2.

"Қазақстан - Малайзия" бизнес-форумы

Куала-Лумпур қаласы, Малайзия

2-тоқсан

ИСМ, СІМ, мүдделі мемлекеттік органдар, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша)

ИСМ

3.

"Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері" бизнес-форумы

Цюрих қаласы, Швейцария

3-тоқсан

ИСМ, СІМ, мүдделі мемлекеттік органдар, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша)

ИСМ

4.

"Қазақстан - Сауд Арабиясы" бизнес-форумы

Джидда қаласы, Сауд Арабиясы

3-тоқсан

ИСМ, СІМ, мүдделі мемлекеттік органдар, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша)

ИСМ

Қазақстан Республикасындағы іс-шаралар

5.

Қазақстан - румын бизнес-форумы

Астана қаласы

Мамыр

ИСМ, СІМ, мүдделі мемлекеттік органдар, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша)

ИСМ

6.

Қазақстан - италия бизнес-форумы

Астана қаласы

Мамыр

ИСМ, СІМ, мүдделі мемлекеттік органдар, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша)

ИСМ

7.

Қазақстан - испан бизнес-форумы

Астана қаласы

2-жарты жылдық

ИСМ, СІМ, мүдделі мемлекеттік органдар, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша)

ИСМ

8.

Қазақстан - словак бизнес-форумы

Астана қаласы

Қыркүйек

ИСМ, СІМ, мүдделі мемлекеттік органдар, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша)

ИСМ

9.

Қазақстан - тәжік бизнес-форумы

Астана қаласы

3-тоқсан

ИСМ, СІМ, мүдделі мемлекеттік органдар, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша)

ИСМ

10.

Қазақстан - герман бизнес-форумы

Астана қаласы

2-жарты жылдық

ИСМ, СІМ, мүдделі мемлекеттік органдар, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша)

ИСМ

11.

Қазақстан - бразилия бизнес-форумы

Астана қаласы

Жыл бойы

ИСМ, СІМ, мүдделі мемлекеттік органдар, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша)

ИСМ

Ескертпе:
      * Инвестициялық іс-шаралар Мемлекет және Үкімет басшыларының шетелге сапары шеңберінде, ел басшылығының Қазақстан өңірлері бойынша сапарлары кезінде, сондай-ақ шетел мемлекеттері басшыларының 2009 жылдың ішінде Қазақстанға сапарлары барысында өткізілуі мүмкін. Көрсетілген іс-шараларды өткізу мерзімі мен орны болжамды болып табылады, қазақстандық тараптың шетелдік ұйымдастырушылармен уағдаластығына байланысты өзгертілуі мүмкін.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
СІМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ - "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы
СӨП - Қазақстан Республикасының сауда-өнеркәсіп палатасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады