"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 желтоқсандағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 19 қаңтардағы № 1-ө Өкімі

       1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін.

      Премьер-Министр                          К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2011 жылғы 19 қаңтардағы
№ 1-ө өкімімен    
бекітілген      

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
байланыс мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 желтоқсандағы Заңын
іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық
актілердің тізбесі

Р/с

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушы

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

1

Телерадио хабарларын тарату ұйымдарының меншік нысандарына қарамастан, отандық телевизия және радиобағдарламаларын жерсеріктік хабар тарату жүйелері арқылы таратудың қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БАМ

2011 жылғы қаңтар

2

Телерадио хабарларын тарату ұйымдарының меншік нысандарына қарамастан, жерсеріктік хабар тарату жүйелері арқылы таратылатын отандық телевизия және радиобағдарламаларының тізбесін конкурстық комиссия өткізудің қорытындысы бойынша бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БАМ

2011 жылғы ақпан

Ескертпе: аббревиатураның толық жазылуы:
БAM      - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады