"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халыққа қызмет көрсету орталықтарының мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шілдедегі Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 112-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халыққа қызмет көрсету орталықтарының мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
      2. Мемлекеттік органдар тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін.

      Премьер-Министр                            К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2011 жылғы 25 тамыздағы
№ 112-ө өкімімен   
бекітілген     

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық
актілеріне халыққа қызмет көрсету орталықтарының мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шілдедегі
Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет
нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

Р/с №

Нормативтiк құқықтық актiнiң атауы

Актiнiң нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттiк орган

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

1.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БАМ (жинақтау), Қаржымині, ЖРА

2011 жылғы тамыз

2.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭДСМ (жинақтау), БАМ, Қаржымині, Еңбекмині, БҒМ, Қорғанысмині, ДСМ, ҚТҮКШІА

2011 жылғы қыркүйек

3.

Әлеуметтік маңызы бар  қызмет критерийлерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭДСМ (жинақтау), БАМ, Қаржымині,
 

2011 жылғы тамыз

4.

Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді іріктеу қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БАМ (жинақтау), Қаржымині, ЭДСМ

2011 жылғы тамыз

5.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпарат жүйесінің ақпарат алмасу қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БАМ (жинақтау), Қаржымині

2011 жылғы тамыз

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

БАМ - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ЭДСМ - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі
Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
ЖРА - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Қорғанысмині - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
ҚТҮКШІА - Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады