"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 1 қыркүйектегі № 120-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:
      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
      2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актіні қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.

      Премьер-Министр                            К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2011 жылғы 1 қыркүйектегі
№ 120-ө өкімімен  
бекітілген     

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер
қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының
2011 жылғы 20 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы
қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

Р/с №

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Акт нысаны

Жауапты мемлекеттік органдар

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

1

Аумақтық сулар алып жатқан жер учаскелерін жасанды ғимараттар салу үшін беру қағидасын бекіту туралы

Қазақстан
Республикасы
Үкіметінің
қаулысы

ЖРА, МГМ

2011 жылғы тамыз

2

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидасын бекіту туралы

Қазақстан
Республикасы
Үкіметінің
қаулысы

ЖРА, АШМ

2011 жылғы  тамыз

3

«Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінiң ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 қаңтардағы № 14 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан
Республикасы
Үкіметінің
қаулысы

ЖРА

2011 жылғы  тамыз

4

«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін босалқы жерге ауыстыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 ақпандағы № 172 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан
Республикасы
Үкіметінің
қаулысы

АШМ, ЖРА

2011 жылғы тамыз

5

«Жер учаскелерi жеке меншiкке берiлген кезде, мемлекет немесе мемлекеттiк жер пайдаланушылар жалға берген кезде олар үшiн төлемақының базалық ставкаларын, сондай-ақ жер учаскелерiн жалдау құқығын сату төлемақысының мөлшерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 қыркүйектегі № 890 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан
Республикасы
Үкіметінің
қаулысы

ЖРА

2011 жылғы тамыз

6

Көтермелеудің салалық жүйесін бекіту туралы

Бұйрық

ЖРА

2011 жылғы тамыз

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЖРА – Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі
МГМ – Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі
АШМ – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады