"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жобалық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 12 қаңтардағы № 539 Заңын іске асыру шаралары туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 5 наурыздағы № 47-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жобалық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 12 қаңтардағы № 539 Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
      2. Тізбеге сәйкес мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін.
      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (келісім бойынша) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр                            К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2012 жылғы 5 наурыздағы
№ 47-ө өкімімен   
бекітілген     

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
жобалық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының
2012 жылғы 12 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатына қабылдануы
қажет Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесі

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындалуына жауапты мемлекеттік орган

Орындалу мерзімі

1

2

3

4

5

1.

Жобалық қаржыландыру және секъюритизациялау кезінде бөлінген активтердің құрамына кіретін ақшаны инвестициялауды жүзеге асыруға қойылатын талаптарды және бөлінген активтердің есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы

ҰБ
(келісім бойынша)

2012 жылғы ақпан

2.

Бухгалтерлік есепті жүзеге асыру және қаржылық есептілікті жасау мәселелерін реттейтiн нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасынын қаулысы
 

ҰБ
(келісім бойынша)

2012 жылғы ақпан

3.

Мемлекеттiң қатысуымен жобалық қаржыландыру кезінде базалық шарт бойынша уақытша атқарушыны таңдау қағидаларын және оның қызметін жүзеге асыру шарттарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы

ЭДСМ

2012 жылғы ақпан

4.

«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы
 
 
 
 
 
 

ЭДСМ (жинақтау), Қаржымині, Еңбекмині, ДСМ, БҒМ, ҚТҮКШІА

2012 жылғы ақпан

5.

Концессиялық жобаларды әлеуметтік маңызы бар санатқа жатқызу өлшемдерін бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы

ЭДСМ (жинақтау), Қаржымині, Еңбекмині, ДСМ, БҒМ, ҚТҮКШІА

2012 жылғы ақпан

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

ЭДСМ – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі
Еңбекмині – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
ДСМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
ҰБ – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
ҚТҮКШІА – Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады