Азия Даму Банкі Басқарушылар кеңесінің 47-ші жыл сайынғы мәжілісін дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2012 жылғы 8 тамыздағы № 146-ө Өкiмi. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 қыркүйектегі № 970 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2014 № 970 қаулысымен.

      2014 жылғы 2-5 мамырда Астана қаласында Азия Даму Банкі Басқарушылар кеңесінің 47-ші жыл сайынғы мәжілісін (бұдан әрі - жыл сайынғы мәжіліс) сапалы дайындауды және өткізуді қамтамасыз ету мақсатында:
      1. Осы өкімнің қосымшасына сәйкес құрамда жыл сайынғы мәжілісті дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті құрылсын.
      2. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне жүктелсін.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 12.02.2013 № 23-ө Өкімімен.

      Премьер-Министр                                К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2012 жылғы 8 тамыздағы
№ 146-ө өкіміне 
қосымша     

Азия Даму Банкі Басқарушылар кеңесінің 47-ші жыл сайынғы
мәжілісін дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру
комитетінің құрамы

      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға
      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, төрағаның орынбасары
      Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, төрағаның орынбасары
      Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, хатшы
      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі
      Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі
      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі
      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі
      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі
      Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрі
      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі
      Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі
      Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі
      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасының Өңірлік даму вице-министрі
      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары
      Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі
      Астана қаласының әкімі
      Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының Ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі (келісім бойынша)
      «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
      «Экономикалық зерттеулер институты» акционерлік қоғамының президенті (келісім бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады