Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді және тамақ өнеркәсібін қолдау мен дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын (жол картасы) бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 226-ө өкімі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 417 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.04.2014 № 417 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту мақсатында:
      1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді және тамақ өнеркәсібін қолдау мен дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары (жол картасы) (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
      2. Мүдделі орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы (келісім бойынша):
      1) Іс-шаралар жоспарының тиiсінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсiн;
      2) жартыжылдықтың және жылдың қорытындылары бойынша 15 шiлдеге және 15 қаңтарға қарай Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне Іс-шаралар жоспарының iске асырылу барысы туралы ақпарат берсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жыл сайын 1 тамызға және 1 ақпанға қарай Қазақстан Республикасының Үкiметiне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берудi қамтамасыз етсiн.
      4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.

      Премьер-Министр                                 С. Ахметов

Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің  
2012 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 226-ө өкімімен   
бекітілген      

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді және тамақ
өнеркәсібін қолдау мен дамыту жөніндегі
іс-шаралар жоспары (жол картасы)

Р/с

Іс-шараның атауы

Жауапты орындаушылар

Аяқталу нысаны

Орындалу мерзімі

1

2

3

4

5

Ішкі нарықты жасырын демпингті импорттық тауардан қорғау

1.

Импорт көлемінің едәуір ұлғаюы бар тауарлық нарықтарға, оның ішінде Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасына 2009-2011 жылдар бойынша талдау жүргізу

АШМ, Қаржымині, СА, «Атамекен» Одағы» Қазақстанның ҰЭП» ЗТБ (келісім бойынша)

ЭДСМ-ге ақпарат

2012 жылғы 25 желтоқсан

2.

Таяу және алыс шетелдерден азық-түлік тауарларының импорттық жеткізу көлемін ұлғайту фактілерін анықтау мәніне тауарлық нарықтар мониторингін жүргізу

АШМ, Қаржымині, СА, «Атамекен» Одағы» Қазақстанның ҰЭП» ЗТБ (келісім бойынша)

ЭДСМ-ге ақпарат

2013-2014 жылдарғы 15 сәуір, 15 қыркүйек

3.

Отандық өнім бағасының қалыптасуына және оның бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін тікелей және жанама факторларды талдау

ЭСТО, «Атамекен» Одағы» Қазақстанның ҰЭП» ЗТБ (келісім бойынша)

ЭДСМ-ге ақпарат

2013 жылғы 1 маусым

4.

Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына үшінші елдерден тауарлар импортына қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемдік шараларды қолдану мақсатында тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі саласындағы қоғамдық бірлестіктер, кәсіпорындар, тауар өндірушілер арасында кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу шаралары жөніндегі ұсыныстарды, сондай-ақ, тергеулерді бастамашылық ету рәсімдері бойынша түсіндірулер жүргізу

ЭДСМ, АШМ, «Атамекен» Одағы» Қазақстанның ҰЭП» ЗТБ (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп

жыл сайын 1 ақпан

5.

Нарық субъектілерінің үстемдік жағдайын (оның ішінде импорттаушыларға қатысты) теріс пайдаланудың, бәсекелестікке қарсы келісімдер мен келісілген іс-қимылдардың, сондай-ақ, жосықсыз бәсекелестіктің анықталған фактілері бойынша монополияға қарсы ден қою шараларын қабылдау

БҚА

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

2013-2014 жылдарғы 15 қаңтар, 15 шілде

6.

Тауарлар импортына қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтем шараларын қолдану мақсатында тергеу жүргізу мәселелері бойынша АӨК субъектілеріне мемәлеумтапсырыс негізінде заң консультациясы қызметтерін көрсету

АШМ, ЭДСМ

Заң консультациясы қызметтерін көрсету

2013-2015 жылдар

Техникалық реттеу саласындағы заңнаманың сақталуын бақылау жүйесін практикалық қолдануды қамтамасыз ету

7.

Сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген органдардың сынақ зертханаларымен және тиісті нормативтік техникалық базалармен, техникалық регламенттердің қамтамасыз етуіне талдау жүргізу

ИЖТМ, ҰАО (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп

2013 жылғы 20 ақпан, 20 қараша

8.

Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша сынақ зертханаларын жаңғырту, сондай-ақ, олардың материалдық-техникалық жарақтандырылуы жөнінде ұсыныстар енгізу

ИЖТМ, АШМ

Тиісті қаржылық жылға бюджеттік өтінім енгізу

2013-2015 жылдар

9.

Техникалық регламенттердің, оның ішінде тамақ өнімдерін бірдейлендіру жөніндегі талаптарды орындау үшін қажетті бақылау әдістері мен өлшеу әдістемелеріне стандарттар әзірлеу

ИЖТМ, АШМ

Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітілген стандарттар жөніндегі есеп

2013-2014 жылдарғы 15 қаңтар

10.

Үкіметтік емес ұйымдарға нарықтағы бұрмаланған тамақ өнімдерін анықтау бойынша іс-шаралар жүргізуге құқық беретін мәртебе беру мүмкіндігін пысықтау

ИЖТМ

Қазақстан Республикасының Үкіметіне НҚА-ға өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар

2012 жылғы 25 желтоқсан

11.

Жосықсыз өнім өндірушілер туралы тамақ өнімдерін өндірудегі, оны тасымалдаудағы, сақтау мен өткізудегі бұзушылық фактілері туралы халықтан ақпарат қабылдау мақсатында Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің аумақтық бөлімшелерінің жанындағы қоғамдық қабылдаулардың үздіксіз қызметін қамтамасыз ету

ИЖТМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

Қазақстан Республикасының Үкіметіне техникалық реттеу саласында орын алған заңнамалық бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шаралар туралы есеп

Тоқсан сайын

12.

Ішкі сауда объектілерінде өнімдерді сатып алушыларды сапасыз бұрмаланған өнімдерді сатып алған кезде өтінуге болатын қоғамдық қабылдау бөлмелерінің болуы туралы, сондай-ақ, тамақ өнімдерін сәйкес емес жағдайларда өндіруді анықтау фактілері туралы хабардар ететін ақпараттық стендтерді орналастыруды ұйымдастыру

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

ИЖТМ-ге есеп

2012 жылғы 25 желтоқсан

13.

Техникалық регламенттер талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттары жоқ, сондай-ақ, жалған сертификаттарымен және сәйкестік декларацияларымен келіп түсетін өнімдердің Қазақстанға келуінің алдын алу бойынша жұмысты күшейту жөніндегі тетікті пысықтау

ИЖТМ, ДСМ, Қаржымині

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

2013 жылғы 15 қаңтар

14.

Импорттық тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасына қатысты техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігіне, оның ішінде өсімдік майларының болуына, консервіленген өнімдердің құрамдық бөліктерінің сәйкестігіне зертханалық талдау жүргізе отырып, мемлекеттік бақылауды жүргізу

ИЖТМ, ДСМ

АШМ-ға ақпарат

Тоқсан сайын

15.

Халықтан шағымдар келіп түскен кезде сауда орындарына бару және тамақ өнімдерінің таңбалану бөлігінде техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігін тексеру жөніндегі іс-шаралар жүргізу. Қажет болған кезде сараптамалық бағалау және зертханалық зерттеулер жүргізу

ИЖТМ, ДСМ, тұтынушыларды қорғау қоғамы (келісім бойынша), Қазақстанның тұтынушылар лигасы (келісім бойынша)

АШМ-ға ақпарат

Тоқсан сайын

16.

Жүргізілген тексерулердің нәтижелері бойынша анықталған бұзушылық фактілері туралы ақпаратты тиісті шаралар қабылдау үшін бақылау органдарына хабарлау

ИЖТМ, тұтынушыларды қорғау қоғамы (келісім бойынша), Қазақстанның тұтынушылар лигасы (келісім бойынша)

АШМ-ға ақпарат

Тоқсан сайын

Отандық өнімдерді жүйелі өткізу үшін жағдай жасау

17.

Мемлекеттік қолдау және фискалдық саясат шаралары арқылы заманауи форматтағы сауда желілерінің қызметін дамыту үшін жағдай жасау

ЭДСМ

Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп

2013-2014 жылдарғы 15 қаңтар, 15 шілде

18.

«Электрондық мемлекеттік сатып алу» автоматтандырылған біріктірілген ақпараттық жүйесі мен «Қазақстандық қамту» интернет-порталының ақпараттық жүйесін біріктіру, сондай-ақ, Тауарлар, жұмыстар, қызметтер және олардың жеткізушілері жөніндегі дерекқорды толықтыру шараларын қабылдау

ИЖТМ, Қаржымині, «Атамекен» Одағы» Қазақстанның ҰЭП» ЗТБ (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп

2012 жылғы 20 желтоқсан

19.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 5-тармағы нормаларының азық-түлік тауарларын отандық өндірушілерден басым түрде сатып алу бөлігінде бақылау іс-шараларын жүргізу арқылы сақталу мониторингін жүргізу

Қаржымині

АШМ-ға ақпарат

2013 жылғы 15 шілде және 2014 жылғы 15 қаңтар

20.

Отандық азық-түлік тауарларының кепілді өткізілуін құруға қосарлас бағытталған әлеуметтік-профилактикалық шараларды (мектеп тамағына дәруменді-минералды кешенмен байытылған тамақ өнімдерін қосу) іске асыру жөніндегі мәселені пысықтау және ұсыныстар енгізу

БҒМ, ДСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

АШМ-ға ұсыныстар

2013 жылғы 15 қаңтар

21.

Еркін сауда туралы келісімдер шеңберіндегі сауда тосқауылдарын қысқарту мақсатында, оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдеріне және оны қайта өңдеу өнімдеріне қатысты екі жақты келіссөздер жүргізу

ЭДСМ, АШМ

Қазақстан РеспубликасыныңҮкіметіне ақпарат

2013-2014 жылдарғы 15 қаңтар, 15 шілде

22.

Жеміс-көкөніс өнімдерін сақтау, тасымалдау, буып-түю және одан әрі өткізу жөніндегі шекара маңы логистикалық орталықтарын құру мәселесін пысықтау

АШМ, ЭДСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

2013 жылғы 15 шілде

23.

Астана қаласында мемлекеттік-жеке әріптестік шартымен сауда-логистикалық орталығын құру мәселесін пысықтау

«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша), Астана қаласының әкімдігі

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

2013 жылғы 1 наурыз

24.

Халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес өнімдерді шығаруға бағытталған ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жөніндегі жаңа өндірістік қуаттылықтарды салу, қолданыстағыларын қайта құру үшін шетелдік және отандық инвестицияларды тартуға көмек көрсету

ИЖТМ, АШМ, ЭДСМ

Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп

2013-2014 жылдарғы 15 қаңтар, 15 шілде

25.

Жаңа экспорттық «бос кеңістік», оның ішінде дипломатиялық арналар бойынша ірі инвестициялық жобалардың тізбесін тарату арқылы іздестіру жөніндегі ұсыныстар әзірлеу

ИЖТМ, СІМ

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

2013 жылғы 15 қаңтар

26.

Қазақстандық тұтынушыларды отандық тамақ өнімдеріне барынша қайта бағдарлауға көзделген ақпараттық-насихаттау іс-шаралар жоспарын әзірлеу

МАМ

Ақпараттық-насихаттау іс-шаралар жоспары

2013-2014 жылдарғы 1 наурыз

27.

Отандық тауар өндірушілер үшін сауда желілері құратын тосқауылдарды жою жөніндегі шараларды қабылдау

БҚА

Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп

2013 жылғы 1 маусым

Аралас салаларды дамыту

28.

Тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары үшін қажетті ыдыс қаптау және қосалқы материалдарды өндіру жөніндегі зауыттарды салу мәселесін пысықтау

ИЖТМ, АШМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

2013 жылғы 1 сәуір

29.

Жеңіл өнеркәсіпті дамыту жөніндегі нақты ұсыныстарды әзірлеу

ИЖТМ, АШМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

2013 жылғы 15 қаңтар

Ауыл шаруашылығы шикізатының өндірісін, сондай-ақ, дайындау, тасымалдау және сақтау жүйесін дамыту

30.

Тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібінің әрбір кәсіпорны бөлінісінде түгендеу жүргізу

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

АШМ-ға есеп

2013 жылғы 1 ақпан

31.

Қолданыстағы қайта өңдеу кәсіпорындарының қуаттылықтарды барынша көп жүктеу үшін қажетті шикізатпен қамтамасыз етілуін және ауыл шаруашылығы шикізаты шоғырланған аймақта жаңа кәсіпорындар салу қажеттілігін айқындау

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

АШМ-ға есеп

жыл сайын 11 ақпан

32.

Екі жылдан артық тоқтап тұрған кәсіпорындар тізбесін ұсыну

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, СА

АШМ-ға ақпарат

2013 жылғы 15 ақпан

33.

Тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібінің барлық кәсіпорындарының электрондық деректер банкін құру

АШМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

Дерекқор

2013 жылғы 1 ақпан

34.

Қайта өңдеу кәсіпорындарының жаңғырту және жаңа жоғары технологиялық жабдықты сатып алудағы қажеттілігін айқындау

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

АШМ-ға ақпарат

2013 жылғы 1 ақпан

35.

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың әзірленіп жатқан 2013-2020 жылдарға арналған бағдарламасында қайта өңдеу кәсіпорындарын жаңа қаржылық қолдау құралдарын көздеу

АШМ, ЭСТО (келісім бойынша)

Бағдарлама жобасы

2012 жылғы 1 желтоқсан

36.

Ауыл шаруашылығы шикізатын тереңдетіп қайта өңдеумен және дайын өнім өндірумен байланысты шығындарын өтеу жөніндегі жаңа бюджеттік бағдарламаны бастамашылық ету

АШМ, ЭДСМ, Қаржымині

Бюджеттік өтінім

2013 жылғы 1 сәуір

37.

«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымдары арқылы қайта өңдеу кәсіпорындарын несиелендіру бойынша жұмыстарды жалғастыру

«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша)

АШМ-ға есеп

2013-2014 жылдарғы 15 қаңтар, 15 шілде

38.

Қайта өңдеу кәсіпорындарын өңірлік индустрияландыру картасы шеңберінде қажетті инженерлік инфрақұрылым объектілерімен қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдау

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

АШМ-ға есеп

2013-2014 жылдарғы 15 қаңтар, 15 шілде

39.

Мамандықтар бөлінісінде ағымдағы және қосымша қажеттілікті айқындау мақсатында қайта өңдеу кәсіпорындарының білікті кадрлармен қамтамасыз етілуіне талдау жүргізу

АШМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

БҒМ-ға ұсыныстар

2013 жылғы 1 ақпан

40.

Тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары үшін кадрларды даярлау және қайта даярлау жай-күйін зерделеу

АШМ, БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

2013 жылғы 1 шілде

41.

Тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру мәселелері бойынша оқу семинарларын ұйымдастыру

АШМ, БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, «ҚАИ» АҚ (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

2013-2014 жылдарғы 1 наурыз

42.

«Ауыл шаруашылығы кооперациясы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жаңа жобасын әзірлеу

АШМ, Қаз АӨК ЭААД ҒЗИ (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

Заң жобасына қатысты тұжырымдаманы ВАК отырысының қарауына шығару

2014 жыл

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
      Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
      ЭДСМ – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі
      ИЖТМ – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
      СІМ – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
      МАМ – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
      ДСМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
      БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
      АШМ – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
      СА – Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
      БҚА – Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік)
      «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ – «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы
      «ҚАИ» АҚ – «Қазагроинновация» акционерлік қоғамы
      ЭСТО – «Агроөнеркәсіптік кешендегі экономикалық саясаттың талдау орталығы» ЖШС
      Қаз АӨК ЭААД ҒЗИ – «Қазақ АӨК экономикасы және ауылдық аймақтарды дамыту ҒЗИ» ЖШС
      «Атамекен» Одағы» Қазақстанның ҰЭП» ЗТБ – «Атамекен» Одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы» заңды тұлғалар бірлестігі
      ҰАО – «Қазақстан Республикасының ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады