"Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 26 желтоқсандағы № 234-ө Өкімі

      1. Қоса берiлiп отырған «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық актiлердiң тiзбесi (бұдан әрi – тiзбе) бекiтiлсiн.
      2. Тiзбеге сәйкес мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлесiн және белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге енгiзсiн.

      Премьер-Министр                                С. Ахметов

Қазақстан Республикасы  
Премьер-Министрінің   
2012 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 234-ө өкімімен     
бекітілген       

«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 23 қарашадағы
Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында
қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің
тізбесі

Р/с

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

1

«Республикалық бюджет жобасын әзірлеу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 26 тамыздағы № 861 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Қаржымині, ЭДСМ

2012 жылғы желтоқсан

2

«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині, ЭДСМ

2012 жылғы желтоқсан

3

«Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 545 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭДСМ, Қаржымині

2012 жылғы желтоқсан

4

«Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 1251 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭДСМ

2012 жылғы желтоқсан

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЭДСМ       – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда
             министрлігі
Қаржымині  – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады