Жергілікті атқарушы органдар басшыларының қатысуымен "www.e-gov.kz" порталында интернет-конференциялар өткізу кестесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2013 жылғы 15 қаңтардағы № 3-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған жергілікті атқарушы органдар басшыларының қатысуымен «www.e-gov.kz» порталында интернет-конференциялар өткізу кестесі (бұдан әрі – кесте) бекітілсін.
      2. Жергілікті атқарушы органдар кестенің уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін және іс-шара өткізілгеннен кейін екі күн мерзімде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне кестенің орындалуы туралы ақпарат жіберсін.
      3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 1-күніне қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне кестенің орындалуы туралы жиынтық ақпарат енгізсін.
      4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.

      Премьер-Министр                                      С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2013 жылғы 15 қаңтардағы
№ 3-ө өкімімен    
бекітілген      

Жергілікті атқарушы органдар басшыларының қатысуымен «www.е-gоv.kz» порталында интернет-конференциялар өткізу кестесі
(іске асыру мерзімі: 2013 жылғы наурыз - қазан)

      Ескерту. Кесте жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 30.03.2013 № 61-ө өкімімен.

р/с №

Тақырыптық бағыт

Т.А.Ә.

Лауазымы

Өткізу мерзімі 2013 ж.

1

2

3

4

5

1.

Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы
14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру, сондай-ақ оның іске асырылу барысы туралы


Айтмұхаметов Қосман Қайыртайұлы

Ақмола облысының әкімі

Наурыз

2.

Тасмағамбетов Иманғали Нұрғалиұлы

Астана қаласының әкімі

Сәуір

3.

Мырзахметов Асқар Исабекұлы

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі

Сәуір

4.

Мұсаханов Анзар Тұрсынханұлы

Алматы облысының әкімі

Сәуір

5.

Мұхамбетов Архимед Бегежанұлы

Ақтөбе облысының әкімі

Мамыр

6.

Ізмүхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы

Атырау облысының әкімі

Мамыр

7.

Айдарбаев Алик Серікұлы

Маңғыстау облысының әкімі

Маусым

8.

Әбдішев Бауыржан Түйтеұлы

Қарағанды облысының әкімі

Маусым

9.

Бозымбаев Қанат Алдабергенұлы

Жамбыл облысының әкімі

Шілде

10.

Көшербаев Қырымбек Елеуұлы

Қызылорда облысының әкімі

Шілде

11.

Ескендіров Самат Сапарбекұлы

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі

Тамыз

12.

Ноғаев Нұрлан Асқарұлы

Батыс Қазақстан облысының әкімі

Тамыз

13.

Сәдуақасов Нұралы Мұстафаұлы

Қостанай облысының әкімі

Қыркүйек

14.

Есімов Ахметжан Смағұлұлы

Алматы қаласының әкімі

Қыркүйек

15.

Сапарбаев Бердібек Машбекұлы

Шығыс Қазақстан облысының әкімі

Қазан

16.

Арын Ерлан Мұхтарұлы

Павлодар облысының әкімі

Қазан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады