"Тарифтердің және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу, оларды сатқан кезде алыпсатарлық мәмілелерді болдырмау жөнінде ұзақ мерзімді шаралар кешенін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 29 ақпандағы № 46-ө өкіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 93-ө өкімі

      «Тарифтердің және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу, оларды сатқан кезде алыпсатарлық мәмілелерді болдырмау жөнінде ұзақ мерзімді шаралар кешенін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 29 ақпандағы № 46-ө өкіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) Қазақстан Республикасының Үкіметіне жартыжылдықтың қорытындысы бойынша жылына екі рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күніне дейін Шаралар кешенінің іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.»;
      көрсетілген өкіммен бекітілген Тарифтердің және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу, оларды сатқан кезде алыпсатарлық мәмілелерді болдырмау жөнінде ұзақ мерзімді шаралар кешенінде:
      реттік нөмірлері 12, 12-2, 13, 17, 18, 19-жолдардың 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін»;
      реттік нөмірлері 15, 17-жолдардың 3-бағанындағы «ЭДСМ» деген аббревиатура «ЭБЖМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      аббревиатуралардың толық жазылуы:
      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі».

      Премьер-Министр                            С. Ахметов

О внесении изменений и дополнения в распоряжение Премьер-Министра Республики Казахстан от 29 февраля 2012 года № 46-р "Об утверждении Комплекса долгосрочных мер по недопущению необоснованного роста тарифов и цен на социально значимые продовольственные товары, исключению спекулятивных сделок при их продаже"

Распоряжение Премьер-Министра Республики Казахстан от 19 июня 2013 года № 93-р

      Внести в распоряжение Премьер-Министра Республики Казахстан от 29 февраля 2012 года № 46-р «Об утверждении Комплекса долгосрочных мер по недопущению необоснованного роста тарифов и цен на социально значимые продовольственные товары, исключению спекулятивных сделок при их продаже» следующие изменения и дополнение:
      пункт 3 изложить в следующей редакции:
      «3. Агентству Республики Казахстан по защите конкуренции (Антимонопольное агентство) представлять в Правительство Республики Казахстан информацию о ходе реализации Комплекса мер два раза в год по итогам полугодия, до 15 числа месяца, следующего за отчетным периодом.»;
      в Комплексе долгосрочных мер по недопущению необоснованного роста тарифов и цен на социально значимые продовольственные товары, исключению спекулятивных сделок при их продаже, утвержденном указанным распоряжением:
      графу 5 строк, порядковые номера 12, 12-2, 13, 17, 18, 19, изложить в следующей редакции:
      «По итогам полугодия, до 10 числа месяца, следующего за отчетным периодом»;
      в графе 3 строк, порядковые номера 15, 17, аббревиатуру «МЭРТ» заменить аббревиатурой «МЭБП»;
      расшифровку аббревиатур:
      дополнить строкой следующего содержания:
      «МЭБП - Министерство экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан».

      Премьер-Министр                            С. Ахметов