Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 23 сәуірдегі заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 10 маусымдағы № 81-Ө өкімі

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілер мен құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
      2. Мемлекеттік органдар:
      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;
      2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді және құқықтық актілерді қабылдасын, қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2014 жылғы 10 маусымдағы
№ 81-ө өкімімен  
бекітілген    

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының iшкi iстер
органдары туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір
заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметі
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
2014 жылғы 23 сәуірдегі заңдарын іске асыру мақсатында
қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілер мен құқықтық
актілердің тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 27.02.2015 № 15-ө өкімімен.

Р/с №

Нормативтік
құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Жауапты мемлекеттік органдар

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

1

«Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері, құқық қорғау органдары, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өртке қарсы қызмет органдары мен прокуратура органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттары бойынша тізілімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1283 Жарлығына және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

ІІМ

2014 жылғы маусым

2

«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 қазандағы
№ 1042 қпү қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ІІМ

2014 жылғы маусым

3

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ІІМ

2014 жылғы маусым

4

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ІІМ

2014 жылғы маусым

5

Жарылғыш материалдарды сатып алу, сақтау, есепке алу, тасымалдау, әкелу және әкету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ІІМ

2014 жылғы маусым

6

Азаматтық пиротехникалық заттарды және оларды пайдалану арқылы жасалған бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ІІМ

2014 жылғы маусым

7

Есірткінің, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласында  объектілерді және үй-жайларды пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ІІМ

2014 жылғы маусым

8

Алып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің 27.02.2015 № 15-ө өкімімен.

9

Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелу, әкету, транзиттеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ІІМ

2014 жылғы маусым

10

Жасырын ұйымдарды, үй-жайларды, көлік құралдарын, қызметкерлердің жеке басын және олардың ведомстволық тиесілігін шифрлау үшін басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдардың құжаттарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ІІМ

2014 жылғы маусым

11

Қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтiк және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі жергілікті атқарушы органдар жанындағы консультативтік-ке ңесші орган туралы үлгілік ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ІІМ

2014 жылғы маусым

12

«Күзет қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 5 сәуірдегі № 407 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ІІМ

2014 жылғы маусым

13

Қаруды сақтауға және алып жүруге ішкі істер органдарының тиісті рұқсаты бар жеке тұлғалардың жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын, газды қаруды ерікті түрде өтеулі негізде тапсыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ІІМ

2014 жылғы маусым

14

Қызметін ауыстырған және жоғарылаған кезде көтерме жәрдемақыға, көліктің жалақысы үшін және жеке мүлкін тасымалдағаны үшін шығындардың орнын толтыруға құқығы бар ішкі істер органдары қызметкерлерінің лауазымдар тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ІІМ

2014 жылғы маусым

15

Тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін өтемақы төлеу қағидаларын, сондай-ақ өтемақы алуға құқығы бар ішкі істер органдары қызметкерлері лауазымдарының санаттарын бекіту туралы
 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ІІМ

2014 жылғы маусым

16

«Арнаулы атақтар мен оларға сәйкес келетін шекті арнаулы атақтар берілетін Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары, қылмыстық-атқару жүйесі, мемлекеттік өртке қарсы қызметі және кеден органдары лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 мамырдағы № 643 қпү қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ІІМ

2014 жылғы маусым

17

«Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ІІМ, ӨДМ

2014 жылғы маусым

18

Атыс тирлерi (атыс орындары) мен стендтерiн ашу және олардың жұмыс iстеу қағидаларын бекіту туралы және «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ІІМ

2014 жылғы маусым

19

Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтірілген адамның ізіне түсу, оқиға орнына бару, төтенше немесе соғыс жағдайы қолданылған кезеңде, қарулы қақтығыс жағдайында, төтенше жағдайларды жою кезінде, сондай-ақ меншік иелеріне материалдық залал келтірген жағдайда оның орнын толтыра отырып, егер кідірту адамдардың өмірі мен денсаулығына нақты қатер төндіруі мүмкін болатын болса, жедел медициналық көмекке мұқтаж адамдарды медицина ұйымдарына жеткізу үшін көліктің кез келген түрін (дипломатиялық иммунитеті бар шет мемлекеттер өкілдіктері мен халықаралық ұйымдардың көлік құралдарынан басқа) пайдалану қағадаралын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ІІМ

2014 жылғы маусым

20

Спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда шыны ыдыстағы өнімдерді сату қағидаларын

шешім

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2014 жылғы шілде

21

Ішкі істер органдарының жедел басқару орталықтары мен кезекші бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

ІІМ

2014 жылғы шілде

22

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының құрылымдарын бекіту туралы

бұйрық

ІІМ

2014 жылғы шілде

23

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының үлгілік құрылымдары мен үлгілік штаттарын бекіту туралы

бұйрық

ІІМ

2014 жылғы шілде

24

Ішкі істер органдарының штаттық нормативтерін бекіту туралы

бұйрық

ІІМ

2014 жылғы шілде

25

Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен жұмыскерлерінің жүктеме нормативтерiн бекіту туралы

бұйрық

ІІМ

2014 жылғы шілде

26

Ішкі істер органдары жүйесінде ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру туралы

бұйрық

ІІМ

2014 жылғы шілде

27

Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөлімшелері, ведомстволары, Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты аумақтық органдар мен ұйымдар туралы ережені бекіту туралы

бұйрық

ІІМ

2014 жылғы шілде

28

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, көліктегі ішкі істер департаменттерінің, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің құрылымдық бөлімшелері туралы үлгілік ережелерді бекіту туралы

бұйрық

ІІМ

2014 жылғы шілде

29

Ішкі істер министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңес туралы ережені, оның құрамын және аумақтық ішкі істер органдары жанындағы Қоғамдық кеңестер туралы үлгілік ережені бекіту туралы

бұйрық

ІІМ

2014 жылғы шілде

30

Ішкі істер органдарының білім беру ұйымдары қызметінің қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

ІІМ

2014 жылғы шілде

31

Ішкі істер органдары білім беру ұйымдарының түлектерін бөлу қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

ІІМ

2014 жылғы шілде

32

Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, төмендету және алып тастау қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

ІІМ

2014 жылғы шілде

33

Ішкі істер органдары жүйесінде ұйымдық-штаттық іс-шаралар жүргізу қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

ІІМ

2014 жылғы шілде

34

Ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұратын адамдарды профилактикалық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

ІІМ

2014 жылғы шілде

35

«Iшкi iстер органдарының лицензиялау-рұқсат ету жұмысын жүзеге асыру жөніндегі жұмысы туралы» нұсқаулықты және «Iшкi iстер органдарында алынып қойылған, ерiктi түрде тапсырылған, тауып алынған қарулар мен оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттар мен материалдарды, оқ-дәрiнi, суық қаруды қабылдап алу, есепке алу, сақтау және сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 1 наурыздағы № 111 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

бұйрық

ІІМ

2014 жылғы шілде

36

Учаскелік полиция инспекторларын тағайындау қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

ІІМ

2014 жылғы шілде

37

Ішкі істер органдары мамандандырылған күзет бөлімшелерінің қызмет атқаруын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

ІІМ

2014 жылғы шілде

38

Ішкі істер органдарындағы жедел-криминалистикалық қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

ІІМ

2014 жылғы шілде

39

Ведомстволық және жедел есепке алуды құру, пайдалану және жетілдіру қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

ІІМ

2014 жылғы шілде

40

Жалпы және арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу тактикасы қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

ІІМ

2014 жылғы шілде

41

Ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуни кациялық және телекоммуникациял ық желілерді, байланыс желілерін құру, пайдалану және жетілдіру қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

ІІМ

2014 жылғы шілде

42

«Босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты тіркеу және қарау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 496 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

бұйрық

ІІМ

2014 жылғы шілде

43

Пана іздеуші адам куәлігінің үлгісін бекіту туралы

бұйрық

ІІМ

2014 жылғы шілде

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ІІМ – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
ӨДМ – Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады