"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 29 желтоқсандағы азақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 21 ақпандағы № 14-ө өкімі.

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.

      2. Мемлекеттік органдар:

      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

      2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр К. Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2015 жылғы 21 ақпандағы
№ 14-ө өкімімен
бекітілген

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің 03.10.2017 № 140-ө өкімімен.

Р/с №

Нормативтік құқықтық немесе құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

1.

Иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық компанияның сатып алуына Қазақстан Республикасының басым құқығын іске асыру тәртібін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИДМ, ЭМ

2015 жылғы наурыз

2.

"Стратегиялық маңызы бар жер қойнауы учаскелерінің, кен орындарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 қазандағы № 1137 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИДМ, ЭМ

2015 жылғы наурыз

3.

Жер қойнауын пайдалану саласындағы ұлттық компаниялар қызметінің аражігін ажырату туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИДМ, ЭМ

2015 жылғы наурыз

4.

"Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1456 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИДМ, ЭМ

2015 жылғы наурыз

5.

"Қоршаған ортаны ластаудан келтірілген залалды экономикалық бағалау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы № 535 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭМ

2015 жылғы наурыз

6.

Геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, жүйеге келтіру және жинақтау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы

ИДМ

2015 жылғы наурыз

7.

Мемлекет меншігіндегі геологиялық ақпаратты оқу, ғылыми, коммерциялық мақсаттарда пайдалану және геологиялық ақпаратты Қазақстан Республикасының шекарасынан тысқары жерге әкету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы

ИДМ

2015 жылғы наурыз

8.

Барлауға, өндіруге және уранды және көмірді және оның құрамын қоспағанда, қатты пайдалы қазбаларды бірлесіп барлауға және өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобы туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы

ИДМ

2015 жылғы наурыз

9.

Барлауға, өндіруге және бірлесіп өндіруге және көмірсутек шикізатын, уранды және көмірді және оның құрамын барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобы туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ

2015 жылғы наурыз

10.

Келісімшарт және оның құрамы талаптары бойынша келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобы туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрықтары

ИДМ, ЭМ

2015 жылғы наурыз

11.

Барлауға арналған үлгі келісімшарт нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрықтары

ИДМ, ЭМ

2015 жылғы наурыз

12.

Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің 03.10.2017 № 140-ө өкімімен.

13.

Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің 03.10.2017 № 140-ө өкімімен.

14.

Мұнайды ақпараттық есепке алу жүйесін қалыптастыру және жұмыс істеуі тәртібін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ

2015 жылғы наурыз

15.

Мұнайды ақпараттық есепке алу жүйесінің операторын айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ

2015 жылғы наурыз

16.

Теңізді тазалау бойынша жұмыстарды жүргізу үшін қажетті материалдар мен заттарға нормативтер мен талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ

2015 жылғы наурыз

17.

Мұнайдың төгілуінің алдын алу және оларға теңізде және Қазақстан Республикасының ішкі су қоймаларында ден қою жөніндегі ұлттық жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ

2015 жылғы наурыз

18.

Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің өндірістік қызметін (технологиялық процесті) жер қойнауын пайдаланумен байланысты қызмет (технологиялық процесс) деп тану тәртібін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы

ИДМ

2015 жылғы наурыз

19.

Кең таралған пайдалы қазбалардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы

ИДМ

2015 жылғы наурыз

20.

Қазақстан Республикасы аумағының геологиялық, гидрогеологиялық, инженерлік-геологиялық, геофизикалық, экологиялық-геологиялық және геохимиялық зерделенуін есепке алу тәртібін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы

ИДМ

2015 жылғы наурыз

21.

Келісімшарттық аумақты немесе оның бөлігін қайтару тәртібін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму Министрінің бұйрығы

ИДМ

2015 жылғы наурыз

22.

Ұлттық компанияның үлестік қатысуын көздейтін келісімшарттарда мемлекеттік мүдделерді білдіру тәртібін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бірлескен бұйрығы

ИДМ, ЭМ

2015 жылғы наурыз

23.

Жер қойнауын пайдалану түрлері бойынша модельдік келісімшарттарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрықтары

ИДМ, ЭМ

2015 жылғы наурыз

24.

Техногендік минералдық түзілімдерден пайдалы қазбаларды және оның құрамын өндіруге келісімшарт жасасу бойынша тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобы туралы ереже

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрықтары

ИДМ, ЭМ

2015 жылғы наурыз

25.

Техногендік минералдық түзілімдерді және оның құрамын пайдалануға шарт жасасу бойынша тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобы туралы ереже

ЖАО бұйрықтары

ЖАО

2015 жылғы наурыз

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ИДМ – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

      ЭМ – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

      ЖАО – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады