"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 123-ө өкімі

      1. Қоса берiлiп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық және құқықтық актiлердiң тiзбесi (бұдан әрi – тiзбе) бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі:

      1) тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізсін;

      2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр К. Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2015 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 123-ө өкiмiмен
бекiтiлген

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі

Р/с №

Нормативтiк құқықтық және құқықтық актiнiң атауы

Актiнiң нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік органдар

Орындау мерзiмi

Нормативтiк құқықтық және құқықтық актiлердің сапасына, уақтылы әзірленуіне және енгізілуіне жауапты тұлға

1

2

3

4

5

6

1.

"Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭМ

2015 жылғы 10 желтоқсан

Б.М. Жақсалиев

2.

Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы үлгілік шартты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ

2015 жылғы 10 желтоқсан

Б.М. Жақсалиев

3.

Электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған үлгілік шартты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ

2015 жылғы 10 желтоқсан

Б.М. Жақсалиев

4.

Жүйелік оператордың қызметтер көрсету, жүйелік және қосалқы көрсетілетін қызметтер нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ АШМ

2015 жылғы 10 желтоқсан

Б.М. Жақсалиев

5.

Электр берудің әуе желілерінің тіректерін орналастыру үшін жер учаскелерінің көлемін айқындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ

2015 жылғы 10 желтоқсан

Б.М. Жақсалиев

6.

Ұлттық оператордың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ

2015 жылғы 10 желтоқсан

Б.М. Жақсалиев

7.

Міндетті ведомстволық есептілік нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ ҰЭМ

2015 жылғы 10 желтоқсан

Б.М. Жақсалиев

8.

Нарық кеңесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ

2015 жылғы 10 желтоқсан

Б.М. Жақсалиев

9.

Электр энергиясы мен қуатының болжамды теңгерімдерін әзірлеу тәртібін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ

2015 жылғы 10 желтоқсан

Б.М. Жақсалиев

10.

Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттауды өткізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ

2015 жылғы 10 желтоқсан

Б.М. Жақсалиев

11.

Бірыңғай сатып алушы құрамына жылу электр орталықтары кіретін жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен жасасатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемін айқындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ

2015 жылғы 10 желтоқсан

Б.М. Жақсалиев

12.

Бірыңғай сатып алушының электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметке бағаны есептеуі және интернет-ресурста орналастыруы қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ

2015 жылғы 10 желтоқсан

Б.М. Жақсалиев

13.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ

2015 жылғы 10 желтоқсан

Б.М.Жақсалиев

14.

Электр энергиясына шекті тарифті бекіту кезінде ескерілетін тіркелген пайданы, сондай-ақ теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті бекіту кезінде ескерілетін теңгерімдеуге тіркелген пайданы айқындау әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ

2017 жылғы қараша

Б.М. Жақсалиев

15.

Жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламаларын қарауға жіберу, оларды қарау және іріктеу, жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдерді жасасу, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды тиісінше жасауды және осы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу көлемдері мен мерзімдерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ

2017 жылғы қараша

Б.М. Жақсалиев

16.

"Электр энергиясына шекті тарифтерді және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерге шекті тарифтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 шілдедегі № 465 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ

2017 жылғы қараша

Б.М.Жақсалиев

17.

"Электр энергиясына шекті тарифті және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 147 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ

2018 жылғы қараша

Б.М.Жақсалиев






      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ЭМ – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

      АШМ – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

      ҰЭМ – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады