Байланыс формасы

Қазақстан Республикасының дамуға ресми көмегі мәселелері жөнінде комиссия құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 127-ө өкімі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 8-ө өкімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 26.01.2018 № 8-ө өкімімен.

      Қазақстан Республикасының дамуға ресми көмегі мәселелері жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында:

      1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының дамуға ресми көмегі мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.

      Премьер-Министр К. Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2015 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 127-ө өкімімен
бекітілген

Қазақстан Республикасының дамуға ресми көмегі мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының дамуға ресми көмегі мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылады.

      2. Қазақстан Республикасының дамуға ресми көмегі мәселелері жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу Комиссия қызметінің мақсаты болып табылады.

      3. Комиссия өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      4. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      5. Комиссия отырысы қажеттілігіне қарай, бірақ жарты жылда кемінде бір рет өткізіледі.

2. Комиссияның міндеттері

      6. Комиссияның міндеттері мынадай мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады:

      1) Қазақстан Республикасының дамуға ресми көмегін іске асыру жөніндегі ведомствоаралық өзара іс-қимыл;

      2) Қазақстан Республикасының дамуға ресми көмегі саласында ұлттық операторды құру, қайта ұйымдастыру және тарату;

      3) Қазақстан Республикасының дамуға ресми көмегі саласында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары;

      4) Қазақстан Республикасының дамуға ресми көмегі саласындағы жобаларды қаржыландыру;

      5) Қазақстан Республикасының дамуға ресми көмегі саласындағы жобаларға мониторинг жүргізу және бағалау;

      6) Қазақстан Республикасының дамуға ресми көмегі мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру.

3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі

      7. Комиссияның қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші органдарды және жұмыс топтарын құру, оның қызметі, сондай-ақ таратылу тәртібі туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2015 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 127-ө өкіміне
қосымша

Қазақстан Республикасының дамуға ресми көмегі мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы

      Ескерту. Құрамға өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің 15.04.2016 № 23-ө өкімімен.

      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі, төраға

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Сыртқы экономикалық саясат департаментінің директоры, хатшы

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері вице-министрі

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі директорының орынбасары (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы "Сырбар" сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Халықаралық қатынастар мен жұртшылықпен байланыс департаментінің директоры (келісім бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады