Қазақстан Республикасының "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 153-ө өкімі

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді және құқықтық актіні қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр К. Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 153-ө өкімімен
бекітілген

Қазақстан Республикасының "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі

Р\с №

Нормативтік құқықтық актілердің және құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекет тік орган

Орындау мерзімі

Нормативтік құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты тұлға

1

2

3

4

5

6

1.

Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы

БҒМ

2015 жылғы желтоқсан

Т.О. Балықбаев

2.

Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларына сараптаманы ұйымдастыру және оны жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы

БҒМ

2015 жылғы желтоқсан

Т.О. Балықбаев

3.

Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бағдарламасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы

БҒМ

2015 жылғы желтоқсан

Т.О. Балықбаев

4.

"Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды мемлекеттік есепке алу қағидаларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 149 бұйрығына толықтырулар енгізу

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы

БҒМ

2015 жылғы желтоқсан

Т.О. Балықбаев

      Ескертпе: аббревиатураның толық жазылуы:

      БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады