Қазақстан Республикасының "Пошта туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне пошта мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 9 сәуірдегі заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 21 шілдедегі № 58-ө өкімі.

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының "Пошта туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне пошта мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 9 сәуірдегі заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:

      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;

      2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      3. Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі ведомстволық шешімдер қолданысқа енгізілгеннен кейін бір ай мерзімде бұрын тиісті қатынастарды реттеген Қазақстан Республикасының Үкіметі актілерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі актісінің жобаларын Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізуді қамтамасыз етсін.

      Премьер-Министр К. Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2016 жылғы 21 шілдедегі
№ 58-ө өкімімен
бекітілген

Қазақстан Республикасының "Пошта туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне пошта мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 9 сәуірдегі заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің 06.10.2016 № 99-ө өкімімен

Р/с №

Нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің атаулары

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

Нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуіне және енгізілуіне жауапты тұлға

1

2

3

4

5

6

1.

Субсидиялар мөлшерін есептеуді қоса алғанда, әмбебап қызмет көрсету операторларын айқындау жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларын, Уәкілетті органның байланыс операторларына әмбебап қызметтер көрсету жөніндегі міндетті жүктеу қағидаларын, байланыс операторларына қойылатын байланыстың әмбебап қызметтерін көрсету жөніндегі талаптарды, Байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтерінің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АКМ

2016 жылғы шілде

Д.Ә. Абаев

2.

Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің 06.10.2016 № 99-ө өкімімен.





3.

құпия

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АКМ

2016 жылғы шілде

Д.Ә. Абаев

4.

Банкке клиенттерді тарту, банк талаптарына сәйкес келуін тексеруді жүзеге асыру, банк клиентіне құжаттарды беру бойынша қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы

ҰБ (келісім бойынша)

2016 жылғы шілде

О.А. Смоляков

5.

Пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін және филателиялық өнімді шығару, өткізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің бұйрығы

АКМ

2016 жылғы шілде

Д.Ә. Абаев

6.

Қазақстан Республикасында пошта индекстерін беру жөніндегі қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің бұйрығы

АКМ

2016 жылғы шілде

Д.Ә. Абаев

7.

Операторды тағайындау және тағайындалған оператордың өкілеттіктерін кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің бұйрығы

АКМ

2016 жылғы шілде

Д.Ә.Абаев

8.

Арнаулы пошта байланысы кызметі қызметкерлерінің нысанды киімінің және Ұлттық пошта операторы жұмыскерлерінің нысанды киімінің (погонсыз) үлгілерін, оны киіп жүру қағидаларын, онымен қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің бұйрығы

АКМ

2016 жылғы шілде

Д.Ә.Абаев

9.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу мақсатында пошта байланысы желілері мен құралдарына қойылатын талаптарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының пошта желілерінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізудің аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдарын енгізу және пайдалану кезіндегі өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің бұйрығы

АКМ, ҰҚК (келісім бойынша)

2016 жылғы шілде

Д.Ә. Абаев

10.

Пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің бұйрығы

АКМ

2016 жылғы шілде

Д.Ә. Абаев

11.

Пошта операторларының атаулы құрылғыларды қолдану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің бұйрығы

АКМ

2016 жылғы шілде

Д.Ә. Абаев

12.

Электрондық абоненттік пошта жәшіктерінің бірыңғай жүйесінің жұмыс істеуі және электрондық абоненттік пошта жәшіктерінің бірыңғай жүйесінде пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушыларды авторландыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің бұйрығы

АКМ

2016 жылғы шілде

Д.Ә. Абаев

13.

Абоненттік пошта жәшіктерін орналастыру, күтіп-ұстау және олардың техникалық сипаттамалары жөніндегі талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің бұйрығы

АКМ

2016 жылғы шілде

Д.Ә. Абаев

14.

Пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерінің сапа көрсеткіштерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің бұйрығы

АКМ

2016 жылғы шілде

Д.Ә. Абаев

15.

Пошта операторларының қызметтер көрсетуіне қажетті және жеткілікті, пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушылардың дербес деректерінің бірыңғай тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің бұйрығы

АКМ

2016 жылғы шілде

Д.Ә. Абаев

16.

Ұлттық пошта операторын айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің бұйрығы

АКМ

2016 жылғы шілде

Д.Ә. Абаев

17.

Ұлттық пошта операторының немесе пошта операторларының өтініштері бойынша халықаралық пошта алмасу орындарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің бұйрығы

АКМ Қаржымині

2016 жылғы шілде

Д.Ә. Абаев

18.

Пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін қоспағанда, оны пайдалану тәртібін және пошта операторының пошта төлемі белгілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің бұйрығы

АКМ

2016 жылғы шілде

Д.Ә. Абаев

19.

Адресаттардың абонементтік жәшікті пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің бұйрығы

АКМ

2016 жылғы шілде

Д.Ә. Абаев

20.

Оператор тағайындаған пошта операторын тағайындау туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің бұйрығы

АКМ

2016 жылғы қыркүйек

Д.Ә. Абаев

21.

Тағайындалған оператордың өкілеттігін тағайындау туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің бұйрығы

АКМ

2016 жылғы шілде

Д.Ә. Абаев

22.

Пошта төлемінің мемлекеттік белгілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің бұйрығы

АКМ

2016 жылғы шілде

Д.Ә. Абаев

23.

Байланыс саласындағы мемлекеттік монополия субъектілері өндіретін және өткізетін көрсетілетін қызметтерге бағаларды реттеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің бұйрығы

АКМ

2016 жылғы шілде

Д.Ә. Абаев

24.

Ауылдық елді мекендерде көрсетілетін, субсидияланатын байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтеріне бағалардың шекті деңгейін реттеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің бұйрығы

АКМ

2016 жылғы шілде

Д.Ә. Абаев

25.

Пошта жөнелтілімдерін ішкі су көлігімен тасымалдау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің бұйрығы

АКМ ИДМ

2016 жылғы шілде

Д.Ә. Абаев

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АКМ - Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі;

      Қаржымині - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;

      ИДМ - Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі;

      ҰҚК - Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті;

      ҰБ - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады