Қазақстан Республикасының "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төлемдер және төлем жүйелері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 20 тамыздағы № 68-ө өкімі

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төлемдер және төлем жүйелері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.

      2. Мемлекеттік органдар:

      1) тізбеге сәйкес құқықтық актінің жобасын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

      2) тізбеге сәйкес тиісті құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр К. Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2016 жылғы 20 тамыздағы
№ 68-ө өкімімен
бекітілген

Қазақстан Республикасының "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төлемдер және төлем жүйелері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі

Р/с №

Құқықтық актінің атауы

Құқықтық актінің нысаны

Орындалуына жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

Құқықтық актіні сапалы және уақтылы әзірлеу мен енгізуге жауапты тұлға

1

2

3

4

5

6

1

Жекелеген қызмет түрлерінің және төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдауға арналған жабдық (құрылғы) қолдану тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2016 жылғы қыркүйек

А.М. Теңгебаев

2

Төлем ұйымдарына арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы

Қаржы министрінің бұйрығы және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы

Қаржымині, ҰБ (келісім бойынша)

2016 жылғы қазан

А.М. Теңгебаев О.А. Смоляков

3

Банктердің "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы мемлекеттік органдарға, соттарға бюджетке төлемдер төлеумен, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды аударумен, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеумен байланысты жүзеге асырылған төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы мәліметтер мен ақпаратты беруі қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің бұйрығы

АКМ, ДСӘДМ

2016 жылғы қыркүйек

С.С. Сәрсенов С.Қ. Жақыпова

4

"Қазақстан Республикасы әділет органдарының әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 398 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы

Әділетмині

2016 жылғы тамыз

Ж.Б. Ешмағамбетов

5

Төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы

ҰБ (келісім бойынша)

2016 жылғы қыркүйек

Ғ.О. Пірматов

6

Жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесі операторының немесе операциялық орталығының төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша мәліметтер беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы

ҰБ (келісім бойынша)

2016 жылғы қыркүйек

Ғ.О. Пірматов

7

Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілетін операциялар бойынша банкаралық төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы

ҰБ (келісім бойынша)

2016 жылғы қыркүйек

Ғ.О. Пірматов

8

Банкаралық ақша аударымдары жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы

ҰБ (келісім бойынша)

2016 жылғы қыркүйек

Ғ.О. Пірматов

9

Банкаралық клиринг жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы

ҰБ (келісім бойынша)

2016 жылғы қыркүйек

Ғ.О. Пірматов

10

Операторы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі не оның еншілес ұйымы болып табылатын төлем жүйелерінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы

ҰБ (келісім бойынша)

2016 жылғы қыркүйек

Ғ.О. Пірматов

11

Банкаралық төлем карточкалары жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы

ҰБ (келісім бойынша)

2016 жылғы қыркүйек

Ғ.О. Пірматов

12

Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы

ҰБ (келісім бойынша)

2016 жылғы қыркүйек

Ғ.О. Пірматов

13

Қазақстан Республикасының аумағында чектерді қолдану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы

ҰБ (келісім бойынша

2016 жылғы қыркүйек

Ғ.О. Пірматов

14

Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың электрондық банк қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы

ҰБ (келісім бойынша)

2016 жылғы қыркүйек

Ғ.О. Пірматов

15

Төлем карточкаларын шығару қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында оларды пайдалана отырып жүргізілген операцияларға қызмет көрсету бойынша қызметке қойылатын талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы

ҰБ (келісім бойынша)

2016 жылғы қыркүйек

Ғ.О. Пірматов

16

Қазақстан Республикасының аумағында электрондық ақша шығару, пайдалану және өтеу қағидаларын, сондай-ақ электрондық ақша эмитенттеріне және электрондық ақша жүйелеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы

ҰБ (келісім бойынша)

2016 жылғы қыркүйек

Ғ.О. Пірматов

17

Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы

ҰБ (келісім бойынша)

2016 жылғы қыркүйек

Ғ.О. Пірматов

18

Төлем қызметтері туралы мәліметтер беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы

ҰБ (келісім бойынша)

2016 жылғы қыркүйек

Ғ.О. Пірматов

19

Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы

ҰБ (келісім бойынша)

2016 жылғы қыркүйек

Ғ.О. Пірматов

20

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасындағы корреспонденттік қатынастарды белгілеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы

ҰБ (келісім бойынша)

2016 жылғы қыркүйек

Ғ.О. Пірматов

21

Банктер арасындағы, сондай-ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасындағы корреспонденттік қатынастарды белгілеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы

ҰБ (келісім бойынша)

2016 жылғы қыркүйек

Ғ.О. Пірматов

22

Төлем жүйелеріне қолжетімділікті қамтамасыз ететін ұйымдастыру шараларына және бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы

ҰБ (келісім бойынша)

2016 жылғы қыркүйек

Ғ.О. Пірматов

23

Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттары бойынша төлемдер мен ақша аударымдары лимитінің мөлшерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы

ҰБ (келісім бойынша)

2016 жылғы қыркүйек

Ғ.О. Пірматов

24

Банктік шоттың бар екендігі және нөмірі туралы анықтаманы және банктік шот бойынша ақша қалдығы және қозғалысы туралы үзінді көшірмені ресімдеуге және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы

ҰБ (келісім бойынша)

2016 жылғы қыркүйек

Ғ.О. Пірматов

25

Төлем қызметтерін маңызды берушілердің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы

ҰБ (келісім бойынша)

2016 жылғы қыркүйек

Ғ.О. Пірматов

26

Төлем жүйелерінің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы

ҰБ (келісім бойынша)

2016 жылғы қыркүйек

Ғ.О. Пірматов

27

Маңызды төлем жүйелері өлшемшарттарының көрсеткіштерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы

ҰБ (келісім бойынша)

2016 жылғы қыркүйек

Ғ.О. Пірматов

28

Төлем қызметтерін берушіні төлем қызметтерін маңызды берушілерге жатқызатын көрсеткіштерді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы

ҰБ (келісім бойынша)

2016 жылғы қыркүйек

Ғ.О. Пірматов

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      Қаржымині - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

      Әділетмині - Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

      АКМ - Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі

      ДСӘДМ - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

      ҰБ - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады