"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының "жасыл экономикаға" көшуі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 23 тамыздағы № 70-ө өкімі.

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының "жасыл экономикаға" көшуі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының жауапты мемлекеттік органдары:

      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

      2) тізбеге сәйкес тиісті нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігін 2016 жылғы 30 қыркүйекке дейін хабардар етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі 2016 жылғы 10 қазанға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне осы өкімнің орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.

      Премьер-Министр К. Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2016 жылғы 23 тамыздағы
№ 70-ө өкімімен
бекітілген

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының "жасыл экономикаға" көшуі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 16.04.2021 № 82-ө өкімімен.

Р/с №

Нормативтік құқықтық және құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындалуына жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

Нормативтік құқықтық және құқықтық актіні сапалы және уақтылы әзірлеу мен енгізуге жауапты тұлға

1

2

3

4

5

6

1.

"Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭМ

2016 жылғы тамыз

Б.М. Жақсалиев

2.

"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ

2016 жылғы тамыз

Е.Н. Нысанбаев

3.

"Тіркелген тарифтерді айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 271 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭМ

2016 жылғы желтоқсан

Б.М. Жақсалиев

4.

Резервтік қорды қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ

2016 жылғы тамыз

Б.М. Жақсалиев

5.

Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін қосу туралы үлгілік шартты, сондай-ақ оны жасасу тәртібі мен мерзімдерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ

2016 жылғы тамыз

Б.М. Жақсалиев

6.

Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ

2016 жылғы тамыз

Б.М. Жақсалиев

7.

Нетто-тұтынушылардан электр энергиясын сатып алу-сату қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ

2016 жылғы тамыз

Б.М. Жақсалиев

8.

Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ

2016 жылғы тамыз

Б.М. Жақсалиев

9.

Тұтыну қалдықтарын қайталама шикізатқа жатқызу өлшемшарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ

2016 жылғы тамыз

Ғ.Қ. Сәдібеков

10.

Өндіріс және тұтыну қалдықтарын есепке алу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ

2016 жылғы тамыз

Ғ.Қ. Сәдібеков

11.

Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ

2016 жылғы тамыз

Ғ.Қ. Сәдібеков

12.

Қалдықтарды орналастыру объектілері бойынша кадастрлық істерді толықтыру нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ

2016 жылғы тамыз

Ғ.Қ. Сәдібеков

13.

Қалдықтарды түгендеу жөніндегі есеп нысанын және оны толықтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ

2016 жылғы тамыз

Ғ.Қ. Сәдібеков

14.

Су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормаларын әзірлеу жөніндегі әдістемені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы

АШМ

2016 жылғы тамыз

Е.Н. Нысанбаев

15.

Су объектілеріндегі су сапасын жіктеудің бірыңғай жүйесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы

АШМ

2016 жылғы тамыз

Е.Н. Нысанбаев

16.

Жерүсті су объектілеріндегі су сапасының нысаналы көрсеткіштері мен оларға қол жеткізу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі мен Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бірлескен бұйрығы

АШМ, ЭМ

2016 жылғы тамыз

Е.Н. Нысанбаев

17.

Қазақстан Республикасында суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйінің мониторингін және оны бағалауды және ауыл шаруашылығы мақсатында жерлердің мелиорациялық жай-күйі туралы деректер банкін мемлекеттік жүргізу қағидалары мен тәртібін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы

АШМ

2016 жылғы тамыз

Е.Н. Нысанбаев

18.

Экономиканың жекелеген салалары үшін су тұтынудың және су бұрудың ірілендірілген нормаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы

АШМ

2016 жылғы тамыз

Е.Н. Нысанбаев

19.

Суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйінің мониторингін және оны бағалауды жүргізу үшін техникамен және жабдықпен материалдық-техникалық жарақтандырудың заттай нормаларын пайдалану шығындары үшін материалдардың жұмсалу нормаларын химиялық реактивтер мен зертхана ыдыстарының, далалық жарақтардың және арнайы киімдердің тиесілілік нормаларын, гидрогеологиялық мелиоративтік қызмет жұмыскерлерінің уақыт пен жұмыс жүктемесі нормаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы

АШМ

2016 жылғы тамыз

Е.Н. Нысанбаев

20.

Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы

аудандардың, облыстық маңызы бар қалалар, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихаттарының шешімдері

ЖАО

2016 жылғы тамыз

Қ.Қ. Айтмұхаметов, Е.М. Әукенов, Қ.М. Отаров, Ғ.Р. Әбдірайымов, Ғ.Н. Есқалиев, С.Ж. Нақпаев, Д.М. Мусин, Б.С. Орынбеков, Б.Т Қонысбаева, Ш.К. Мамалинов, Ғ.Т. Нұрмұхамбетов, С.С. Қожаниязов, Р.М. Әміржанов, Б.К. Қасенов, А.В. Федяев, Ж.Қ. Бөкенбаев

21.

Жаңартылатын Энергия көздері секторын дамытудың нысаналы көрсеткіштерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ

2016 жылғы желтоқсан

Б.М. Жақсалиев

22.

Алып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің 16.04.2021 № 82-ө өкімімен.

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АШМ - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;

      ЖАО - аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары;

      ЭМ - Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады