"Волонтерлік қызмет туралы" 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 30 қаңтардағы № 13-ө өкімі

      1. Қоса беріліп отырған "Волонтерлік қызмет туралы" 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі тізбеге сәйкес тиісті нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2017 жылғы 30 қаңтардағы
№ 13-ө өкімімен
бекітілген

"Волонтерлік қызмет туралы" 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

Р/с №

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Нормативтік құқықтық актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

Нормативтік құқықтық актіні сапалы және уақтылы әзірлеуге және енгізуге жауапты тұлға

1

2

3

4

5

6

1.

Волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін жүргізу жөніндегі үлгілік қағидаларды бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрінің бұйрығы

ДІАҚМ

2017 жылғы ақпан

А.Н. Нүкенов

2.

Волонтерлік бағдарламалардың (жобалардың) және волонтерлік акциялардың іске асырылуының мониторингін жүзеге асырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрінің бұйрығы

ДІАҚМ

2017 жылғы ақпан

А.Н. Нүкенов

3.

Волонтерлік қызметтің мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрінің бұйрығы

ДІАҚМ

2017 жылғы ақпан

А.Н. Нүкенов

      Ескертпе: аббревиатураның толық жазылуы:

      ДІАҚМ - Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады