Байланыс формасы

Қазақстан Республикасының Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы төрағалығын қамтамасыз ету жөніндегі комиссия құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 16 ақпандағы № 22-ө өкімі

      Қазақстан Республикасының Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы төрағалығын қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі жұмысты үйлестіру бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында:

      1. Қазақстан Республикасының Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы төрағалығын қамтамасыз ету жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған:

      1) Комиссияның құрамы;

      2) Комиссия туралы ереже бекітілсін.

      Премьер-Министр Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2017 жылғы 16 ақпандағы
№ 22-ө өкімімен
бекітілген

Қазақстан Республикасының Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы төрағалығын қамтамасыз ету жөніндегі комиссия туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы төрағалығын қамтамасыз ету жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. Комиссия қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасының Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы (бұдан әрі - ШЫҰ) төрағалығын қамтамасыз ету мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының жұмыстарын үйлестіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

      3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      4. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      5. Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде жарты жылда бір рет өткізіледі.

2. Комиссияның міндеттері

      6. Комиссияның негізгі міндеттері:

      1) Қазақстан Республикасының ШЫҰ-дағы төрағалығымен байланысты мәселелер;

      2) ШЫҰ мүше мемлекеттердің басшылары кеңесінің отырысында қол қою жоспарланған құжаттар жобаларының тізбесі;

      3) ШЫҰ мүше мемлекеттер басшыларының кеңесі отырысының ұйымдастыру-протоколдық мәселелері жөнінде шаралар қабылдау;

      4) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен Қазақстан Республикасының Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы төрағалығының іс-қимылдар бағдарламасында көрсетілген іс-шараларды өткізу бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі

      7. Комиссияның қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2017 жылғы 16 ақпандағы
№ 22-ө өкімімен
бекітілген

Қазақстан Республикасының Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы төрағалығын қамтамасыз ету жөніндегі комиссияның құрамы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға

      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасының Шанхай ынтымақтастық ұйымы қызметінің мәселелері жөніндегі Ұлттық үйлестіруші, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі, хатшы

      Қазақстан Республикасы "Сырбар" сыртқы барлау қызметінің директоры (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Мамандандырылған сот алқасының төрағасы (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі

      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі

      Қазақстан Республикасының Энергетика министрі

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі

      Ақмола облысының әкімі

      Астана қаласы әкімінің орынбасары

      "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасының Шанхай ынтымақтастық ұйымының Іскерлік кеңесіндегі ұлттық бөлімінің басшысы (келісім бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады