"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 14 шілдедегі № 91-ө өкімі

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:

      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

      2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      3. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 12 тамыздағы № 67-ө өкіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген өкіммен бекітілген "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесінде:

      реттік нөмірлері 4, 5, 12, 13, 15, 17, 19, 24 және 25-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4.

Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Еңбекмині, ҰБ (келісім бойынша)

2019 жылғы қыркүйек

С. Қ. Жақыпова

5.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерінің мөлшерін айқындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Еңбекмині, ҰБ (келісім бойынша)

2019 жылғы қыркүйек

С. Қ. Жақыпова

12.

Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемдерді алушыларға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

Еңбекмині, АКМ

2019 жылғы қыркүйек

С. Қ. Жақыпова

13.

Міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың дерекқорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алушылардың бірыңғай тізімін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

Еңбекмині, АКМ, ҰБ (келісім бойынша)

2019 жылғы қыркүйек

С. Қ. Жақыпова

15.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

бұйрық

Қаржымині

2019 жылғы қыркүйек

Қ.Е. Баеділов

17.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

бұйрық

ҰЭМ

2019 жылғы қыркүйек

Р.Е. Дәленов

19.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

бұйрық

ҰЭМ

2019 жылғы қыркүйек

Р.Е. Дәленов

24.

Шартты зейнетақы міндеттемелерін есепке алу және қалыптастыру, резерв қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларын, резерв қорларын есептеу әдістемесі мен құрылымын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы

ҰБ (келісім бойынша)

2019 жылғы қыркүйек

Д.Т. Ғалиева

25.

Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу үшін пайдаланылатын параметрлерді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы

ҰБ (келісім бойынша)

2024 жылғы қыркүйек

Д.Т. Ғалиева

      ";

      Ескертпеде:

      аббревиатуралардың толық жазылуында:

      мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      "Еңбекмині - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

      АКМ - Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі".

      Премьер-Министр Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2017 жылғы 14 шілдедегі
№ 91-ө өкімімен
бекітілген

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

Р/с №

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік органдар

Орындау мерзімі

Нормативтік құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты тұлға

1

2

3

4

5

6

1.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Еңбекмині, ҰБ (келісім бойынша)

2017 жылғы тамыз

С.Қ. Жақыпова

2.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің "Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін бюджет қаражаты есебінен беру, сондай-ақ уәкілетті ұйымнан төленетін зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 және "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" 2015 жылғы 13 мамырдағы № 319 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

бұйрық

Еңбекмині, АКМ

2017 жылғы тамыз

С.Қ. Жақыпова

3.

Салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша дерекқорын және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін қалыптастыру қағидаларын және орталық атқарушы орган мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақпараттық жүйелері арасында жеке зейнетақы шоттары бойынша қозғалыстар туралы ақпарат алмасу қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

Еңбекмині, АКМ, ҰБ (келісім бойынша)

2017 жылғы тамыз

С.Қ. Жақыпова

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      Еңбекмині - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

      ҰБ - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      АКМ - Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады