"Ұлттық экспорттық стратегия" үкіметтік бағдарламасының жобасы бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 98-ө өкімі

      "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығының 119-2-тармағына сәйкес:

      1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда "Ұлттық экспорттық стратегия" үкіметтік бағдарламасының жобасы бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобы (бұдан әрі - жұмыс тобы) құрылсын.

      2. Жұмыс тобы 2017 жылғы 31 шілдеге дейінгі мерзімде "Ұлттық экспорттық стратегия" үкіметтік бағдарламасының (бұдан әрі - Бағдарлама) жобасы бойынша ұсыныстар әзірлесін және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.

      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі 2017 жылғы 1 тамызға дейінгі мерзімде Бағдарламаны Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.

      4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Т.М. Сүлейменовке жүктелсін.

      Премьер-Министр Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2017 жылғы 26 шілдедегі
№ 98-ө өкіміне
қосымша

"Ұлттық экспорттық стратегия" үкіметтік бағдарламасының жобасы бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобының құрамы

Сүлейменов
Тимур Мұратұлы

-

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі, жетекші

Бәкенов
Ернар Бақытжанұлы

-

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, жетекшінің орынбасары

Күшікова
Жанель Сабырқызы

-

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Сыртқы сауда қызметін дамыту департаментінің директоры, хатшы

Рау
Альберт Павлович

-

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі (келісім бойынша)

Исаева
Гүлмира Сұлтанбайқызы

-

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі

Мағауов
Әсет Маратұлы

-

Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі

Рамазанов
Арман Қайырбекұлы

-

Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі

Сахов
Жандос Мұхитұлы

-

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық және экономикалық интеграция департаменті директорының міндетін атқарушы

Нұрашев
Тимур Бекболатұлы

-

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары

Қоныспаев
Ермұхамбет Болатпекұлы

-

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Сыртқы экономикалық саясат департаменті директорының орынбасары

Сақтағанов
Нұрымбет Аманұлы

-

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары

Ахметов
Ратмир Бақытұлы

-

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары

Әміржанов
Рақымбек Маршалұлы

-

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары

Әукенов
Ерлан Мұратұлы

-

Алматы қаласы әкімінің орынбасары

Дычко
Николай Васильевич

-

Павлодар облысы әкімінің орынбасары

Жамалов
Бауыржан Салдарұлы

-

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары

Жанке
Тимур Амантайұлы

-

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары

Кайнарбеков
Асхат Қанатұлы

-

Ақмола облысы әкімінің орынбасары

Кәрібеков
Марғұлан Сібірұлы

-

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары

Ким
Евгений Германович

-

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары

Мырзалиев
Мейіржан Иябайұлы

-

Қостанай облысы әкімінің орынбасары

Стексов
Игорь Валерьевич

-

Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары

Әбдіқадыров
Әлішер Елісұлы

-

Астана қаласының Инвестициялар және даму басқармасының басшысы

Григорьева
Вера Владимировна

-

Астана қаласының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы

Мұрат
Маржан Мұратқызы

-

Алматы облысы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы

Жандосов
Ораз Әлиұлы

-

"Қазақстан экономистер қауымдастығының" қоғамдық қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады