"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 100-ө өкімі

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары (келісім бойынша):

      1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

      2) тиісті ведомстволық құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2017 жылғы 27 шілдедегі
№ 100-ө өкімімен
бекітілген

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет Қазақстан Республикасы құқықтық актілерінің тізбесі

Р/с №

Құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

Құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты тұлға

1

2

3

4

5

6

1.

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

ОСК (келісім бойынша)

2017 жылғы қыркүйек

В.К. Фоос

2.

"Облыстық маңызы бар қалалар мен облыстар аудандарының, облыстық маңызы бар қалалардағы аудандардың, республикалық маңызы бар қала мен астанадағы аудандардың әкімдерін қызметке тағайындау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 86 Жарлығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

ҰЭМ

2017 жылғы қыркүйек

А.Н. Жұмағұлов

3.

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

ҰЭМ, ҰБ (келісім бойынша)

2017 жылғы қыркүйек

А.Н. Жұмағұлов
Д.Т. Ғалиева

4.

Мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын барлық органдар қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ҰЭМ

2017 жылғы қыркүйек

А.Н. Жұмағұлов

5.

Қазақстан Ұлттық Банкі қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы

ҰБ (келісім бойынша)

2017 жылғы қыркүйек

Д.Т. Ғалиева

6.

"Ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтықтан айырылу және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері жөніндегі өтінішхаттарды (өтініштерді) қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 85 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы"

бұйрық

ІІМ

2017 жылғы тамыз

Р.Т. Жақыпов

7.

Қазақстан Республикасының азаматтығы, Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтініштерді Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің қабылдау, ресімдеу және қарау тәртібін бекіту туралы

бұйрық

СІМ

2017 жылғы қыркүйек

М.Б. Тілеуберді

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ОСК - Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы

      ҰЭМ - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

      ҰБ - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      ІІМ - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

      СІМ - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады