Қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 10 қазандағы № 145-ө өкімі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 3 наурыздағы № 47-ө өкімімен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 03.03.2021 № 47-ө өкімімен.

      1. Қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған:

      1) Комиссия құрамы;

      2) Комиссия туралы ереже бекітілсін.

      Премьер-Министр Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2017 жылғы 10 қазандағы
№ 145-ө өкімімен
бекітілген

Қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы

      Ескерту. Құрамға өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің 29.05.2019 № 96-ө өкімімен.

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі, төраға

      Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы, хатшы

      Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі


  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2017 жылғы 10 қазандағы
№ 145-ө өкімімен
бекітілген

Қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. Комиссия қызметінің мақсаты қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

      3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      4. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      5. Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің 29.05.2019 № 96-ө өкімімен.

2. Комиссияның міндеті мен функциялары

      6. Комиссияның негізгі міндеті сатып алынатын қоғамдық маңызы бар әдебиеттің тізбесін қарау болып табылады.

      7. Осы Ереженің 6-тармағында көрсетілген міндетті іске асыру үшін Комиссия қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу жөніндегі сараптама комиссиясының қорытындыларын қарайды және сатып алынатын әдебиеттің тізбесін қалыптастыру жөнінде шешім қабылдайды.

3. Комиссия жұмысының ұйымдастырылуы және тәртібі

      8. Комиссия жұмысының ұйымдастырылуы мен тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады