"Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 38-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 6 қарашадағы № 150-ө өкімі

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 38-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген өкімге 2-қосымшада:

      Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына:

      Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі;

      Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің төрағасы енгізілсін;

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары (келісім бойынша)" деген жол алып тасталсын;

      көрсетілген өкіммен бекітілген Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Комиссияның отырыстары шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың ізгілік көмек көрсету туралы Қазақстан Республика Премьер-Министріне, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасарына (Комиссия төрағасы) жүгінгені туралы ақпараттың түскен күнінен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірмей, сондай-ақ Комиссия төрағасы айқындайтын өзге де жағдайларда және мерзімдерде өткізіледі.".

      Премьер-Министр Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады