Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың қызметін формализациялау мәселелері жөнінде комиссия құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 167-ө өкімі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 268 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.04.2022 № 268 қаулысымен.

      Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың қызметін формализациялау мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында:

      1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың қызметін формализациялау мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.

      Премьер-Министр Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2017 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 167-ө өкіміне
қосымша

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың қызметін формализациялау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, хатшы

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі

      Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары

      Қазақстанның салық төлеушілер қауымдастығының басқарма кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)

      "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

      "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

      "Атамекен" Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2017 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 167-ө өкімімен
бекітілген

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың қызметін формализациялау мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың қызметін формализациялау мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. Комиссия қызметінің мақсаты өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты формализациялау мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

      3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      4. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      5. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ бір жылда кемінде екі рет өткізіледі.

2. Комиссияның міндеті

      6. Комиссияның негізгі міндеті:

      1) бейресми жұмыспен қамтылған халықты және жұмыссыз азаматтарды формализациялау және ел экономикасына, әлеуметтік, медициналық сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру жүйелеріне тарту;

      2) заңнамалық актілерде "өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық" деген бірыңғай ұғымды айқындау;

      3) өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты мемлекеттік кірістер органдарында тіркеудің жеңілдетілген тәртібін енгізу;

      4) өзін-өзі жұмыспен қамтыған халыққа зейнетақымен қамсыздандыруға, әлеуметтік сақтандыруға және міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыруға міндетті аударымдарды қоса алғанда, салық салудың тәртібін айқындау;

      5) ден қою мен бақылаудың әкімшілік шараларын күшейту;

      6) өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты статистикалық есепке алудың жаңа тәртібін айқындау;

      7) өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға тарту;

      8) өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз азаматтарды тіркеуді қамтамасыз ететін қызметтерді цифрландыру жұмысын үйлестіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

3. Комиссия жұмысын ұйымдастыру және оның тәртібі

      7. Комиссия жұмысын ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулығына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады