Байланыс формасы

2018 жылғы 10 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 22-ө өкімі

      1. Қоса беріліп отырған 2018 жылғы 10 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:

      1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

      2) тиісті ведомстволық құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2018 жылғы 23 ақпандағы
№ 22-ө өкімімен
бекітілген

      2018 жылғы 10 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі

Р/с №

Құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган, ұйым

Орындау мерзімі

Құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам

1

2

3

4

5

6

1.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Әділетмині, Қаржымині

2018 жылғы мамыр

Ж.Б. Ешмағамбетов Р.Б.Бекетаев

2.

"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ҰЭМ

2018 жылғы маусым

А.Н.Жұмағұлов

3.

"Бағалау қызметі субъектілерінің кәсіпорынды мүлік кешені ретінде бағалау әдістеріне қойылатын талаптарды қолдануы жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 21 қарашадағы № 171 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2002 жылғы 2 желтоқсандағы № 597 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

бірлескен бұйрық

Әділетмині, Қаржымині

2018 жылғы мамыр

Ж.Б. Ешмағамбетов Р.Б. Бекетаев

4.

"Бағалау қызметі саласындағы тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 4 сәуірдегі № 147 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 наурыздағы № 149 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

бірлескен бұйрық

Қаржымині

2018 жылғы мамыр

Р.Б. Бекетаев

5.

Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы

бұйрық

Әділетмині

2018 жылғы мамыр

Ж.Б. Ешмағамбетов

6.

Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы

бұйрық

Қаржымині

2018 жылғы шілде

Р.Б. Бекетаев

7.

"Ашық деректердің Интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 38 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

бұйрық

Әділетмині

2018 жылғы мамыр

Ж.Б. Ешмағамбетов

8.

Бағалау туралы есептің нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы

бұйрық

Қаржымині

2018 жылғы мамыр

Р.Б. Бекетаев

9.

Бағалау туралы есепке сараптама жүргізу қағидаларын, сараптамалық қорытындыға қойылатын талаптарды және оны бекіту тәртібін бекіту туралы

бұйрық

Қаржымині

2018 жылғы мамыр

Р.Б. Бекетаев

10.

Бағалау стандарттарын бекіту туралы

бұйрық

Қаржымині

2018 жылғы мамыр

Р.Б. Бекетаев

11.

Бағалау қызметі саласындағы оқытудың, кәсіптік қайта даярлаудың үлгілік
бағдарламасын және сағаттар көлемін бекіту туралы

бұйрық

Қаржымині

2018 жылғы мамыр

Р.Б. Бекетаев

12.

Бағалаушыларға, сарапшыларға үміткерлердің біліктілігін растау үшін біліктілік емтиханын өткізу қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

Қаржымині

2018 жылғы мамыр

Р.Б. Бекетаев

13.

Бағалаушылардың іскерлік және кәсіптік әдебінің үлгілік кодексін және өз мүшелерінің "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының, бағалаушылар палатасының стандарттары мен қағидаларының талаптарын бұзуына қатысты өтініштерді бағалаушылар палатасының қарауына қойылатын талаптарды бекіту туралы

бұйрық

Қаржымині

2018 жылғы мамыр

Р.Б. Бекетаев

14.

Бағалаушылар палатасы мүшелерінің, сарапшылық кеңес мүшелерінің тізілімдерін жүргізу нысаны мен қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

Қаржымині

2018 жылғы мамыр

Р.Б. Бекетаев

15.

Бағалаушылар палатасының және оның мүшелерінің қызметі туралы ақпарат ұсыну нысанын бекіту туралы

бұйрық

Қаржымині

2018 жылғы мамыр

Р.Б. Бекетаев

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ҰЭМ - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;

      Қаржымині - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;

      Әділетмині - Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады