Байланыс формасы

Қазақстан Республикасының радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 14 маусымдағы № 70-ө өкімі.

      Радиожиілік спектрін бөлу, сондай-ақ радиожиілік спектрі мен байланыс жерсеріктерінің орбиталық позицияларын мемлекет мүддесі үшін тиімді пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөнінде ұсыныстарды әзірлеу мақсатында:

      1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.

      Премьер-Министр Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2018 жылғы 14 маусымдағы
№ 70-ө өкіміне
қосымша

Қазақстан Республикасының радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамы

      Ескерту. Құрамға өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің 07.08.2019 № 141-ө өкімімен.

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі, хатшы

      Қазақстан Республикасының Әділет министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі

      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2018 жылғы 14 маусымдағы
№ 70-ө өкімімен
бекітілген

Қазақстан Республикасының радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы радиожиілік спектрін бөліп беру, сондай-ақ радиожиілік спектрі мен байланыс жерсеріктерінің орбиталық позицияларын мемлекет мүддесі үшін тиімді пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуді жүзеге асыратын консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      3. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің 07.08.2019 № 141-ө өкімімен.

      4. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.

2. Комиссияның негізгі міндеті

      5. Комиссияның негізгі міндеті мынадай:

      1) мемлекеттің шектеулі табиғи ресурсы ретінде Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалану тиімділігін арттыру мақсатында оны бөлу және пайдалану саласында радиоэлектрондық құралдардың даму үрдісі негізінде Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді сыртқы және ішкі саясаты жөнінде;

      2) Қазақстан Республикасының радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларға тапсырыс беруші, оларды әзірлеуші, пайдаланушы немесе шетелден сатып алушы мемлекеттік органдары мен ұйымдарының жұмысын үйлестіру жөнінде;

      3) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды әзірлеу, өндіру және Қазақстан Республикасының ішкі нарығына жеткізу кезінде олардың негізгі техникалық сипаттамалары мен оларға қойылатын өзге де талаптарды айқындау жөнінде;

      4) радиожиілік спектрді бөлу және пайдалану саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.

3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

      6. Комиссияны ұйымдастыру мен жұмыс тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады