"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және сақтандыру қызметі, бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 6 тамыздағы № 98-ө өкімі

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және сақтандыру қызметі, бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:

      1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

      2) тиісті ведомстволық құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2018 жылғы 6 тамыздағы
№ 98-ө өкімімен
бекітілген

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және сақтандыру қызметі, бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі

Р/с №

Құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындалуына жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

Құқықтық актілерді сапалы, уақтылы әзірлеуге және енгізуге жауапты адам

1

2

3

4

5

6

1.

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет көрсетудің және өтеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі № 466 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2018 жылғы қазан

Р.Б. Бекетаев

2.

"Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 қазандағы № 1520 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2018 жылғы қазан

Р.Б. Бекетаев

3.

"Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ІІМ

2018 жылғы қазан

Е.З. Тұрғымбаев

4.

"Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1264 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 842 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бірлескен бұйрығы

МСМ, ҰЭМ

2018 жылғы қараша

Е.Т. Қожағапанов, С.М. Жұманғарин

5.

"Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 112 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы

Әділетмині

2018 жылғы қараша

Ж.Б. Ешмағамбетов

6.

"Заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 24 сәуірдегі № 233 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы

Әділетмині

2018 жылғы қараша

Ж.Б. Ешмағамбетон

7.

"Туристік операторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 79 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы

МСМ

2018 жылғы қараша

Е.Т. Қожағапанов

8.

"Туристік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 80 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы

МСМ

2018 жылғы қараша

Е.Т. Қожағапанов

9.

"Туристік қызмет көрсетуге үлгілік шартты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 81 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы

МСМ

2018 жылғы қараша

Е.Т. Қожағапанов

10.

"Туризм сапасындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 495 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы

МСМ

2018 жылғы қараша

Е.Т. Қожағапанов

11.

Сақтандырушы сақтандырылушыға ассистанс беру туралы шарт жасасатын ассистанс компанияға қойылатын талаптарды, сондай-ақ Сақтандырушының ассистанс компаниямен өзара іс-қимыл жасау және ассистанс компаниямен келісу бойынша сақтандырылушыға медициналық және өзге де мекеме көрсеткен қызметтер құнын төлеу қағидаларын, туристі сақтандырудың міндетті бағдарламалары бойынша сақтандыру аумағын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы

ҰБ (келісім бойынша)

2018 жылғы қазан

Ж.Б. Құрманов

12.

Сақтандыру полистерінің мазмұнына және ресімделу тәртібіне қойылатын талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы

ҰБ (келісім бойынша)

2018 жылғы қазан

Ж.Б. Құрманов

13.

Сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу қағидаларын, Сақтандыру шартын жасасу туралы хабардар ету қағидаларын және хабарламаның мазмұнына қойылатын талаптарды, Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру шарттарын жасасуды, сақтанушы мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасуды қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық құралдары мен интернет-ресурстарына қойылатын талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы

ҰБ (келісім бойынша)

2018 жылғы қазан

Ж.Б. Құрманов

14.

Актуарийлерді оқытудың ең қысқа міндетті бағдарламасын, халықаралық актуарийлер қауымдастықтарының тізбесін және оларға қойылатын талаптарды, Міндетті актуарлық қорытындының мазмұнына және табыс етілу тәртібіне қойылатын талаптарды, Тестілеуді өткізу қағидаларын, Актуарийдің біліктілігін растау талаптарын, Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарийдің қызметін тексеру үшін тәуелсіз актуарийді тарту, тәуелсіз актуарийдің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарий жүргізген есептеулердің шынайылығын тексеру нәтижелерін жіберу қағидаларын және мерзімдерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы

ҰБ (келісім бойынша)

2018 жылғы тамыз

Ж.Б. Құрманов

15.

Қазақстан Республикасының бейрезиденттері - тыйым салынған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы

ҰБ (келісім бойынша)

2018 жылғы тамыз

Ж.Б. Құрманов

16.

Қайта сақтандыру жөніндегі қызметті, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының қызметін жүзеге асыру тәртібі мен ерекшеліктерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы

ҰБ (келісім бойынша)

2018 жылғы тамыз

Ж.Б. Құрманов

17.

Сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысу қағидалары мен ерекшеліктерін, сондай-ақ сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысу талаптары көзделетін сақтандыру шартының мазмұнына қойылатын талаптарды және Сақтандыру ұйымының инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған кірістер (шеккен залалдар) есебінен қалыптастырылған активтерді сақтандыру ұйымы болып табылмайтын инвестициялық портфельді басқарушыға инвестициялық басқаруға беру талаптарын және қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы

ҰБ (келісім бойынша)

2018 жылғы тамыз

Ж.Б. Құрманов

18.

Сақтандыру ұйымының, сақтандыру брокерінің, сақтандыру ұйымдары мәжбүрлеп таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, сақтандыру омбудсманының, дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның интернет-ресурсында ақпарат орналастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы

ҰБ (келісім бойынша)

2018 жылғы қазан

Ж.Б. Құрманов

19.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында сақталатын деректерге санкцияланбаған қол жеткізуден ақпараттың сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ететін қауіпсіз жұмысты ұйымдастыруға, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының киберқауіпсіздігіне қойылатын талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы

ҰБ (келісім бойынша)

2018 жылғы тамыз

Ж.Б. Құрманов

20.

Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтері және зиянды өтеу резерві есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін және "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының комиссиялық сыйақыны алу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы

ҰБ (келісім бойынша)

2018 жылғы тамыз

Ж.Б. Құрманов

21.

Орталық депозитарий есептерінің тізбесін, нысандарын және Ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы

ҰБ (келісім бойынша)

2018 жылғы қазан

Ж.Б. Құрманов

22.

Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті, акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті бекіту, жарияланған акциялар шығарылымының күшін жою қағидаларын, сондай-ақ Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу үшін, акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті, акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті бекіту, жарияланған акциялар шығарылымының күшін жою үшін құжаттарға қойылатын талаптарды, Акционерлік қоғамның акциялары шығарылымының проспектісін, акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды, акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті, акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті жасау және ресімдеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы

ҰБ (келісім бойынша)

2018 жылғы қазан

Ж.Б. Құрманов

23.

Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны ұсыну мен қарау, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жою қағидаларын, сондай-ақ Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны қарау, мемлекеттік емес акциялар шығарылымының күшін жоюға арналған құжаттарға қойылатын талаптарды, Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісін (облигациялық бағдарлама проспектісін), мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды жасау және ресімдеу, мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны қарау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы

ҰБ (келісім бойынша)

2018 жылғы қазан

Ж.Б. Құрманов

24.

Эмитенттің ақпаратты жария ету қағидаларын, эмитенттің жария етуіне жататын ақпараттың мазмұнына қойылатын талаптарды, сондай-ақ эмитенттің қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында ақпаратты жария ету мерзімдерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы

ҰБ (келісім бойынша)

2018 жылғы қазан

Ж.Б. Құрманов

25.

Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы

ҰБ (келісім бойынша)

2018 жылғы қазан

Ж.Б. Құрманов

26.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы

ҰБ (келісім бойынша)

2018 жылғы тамыз

О.А. Смоляков

27.

"Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокері есептілігінің тізбесін, нысандарын, табыс ету мерзімдерін және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 245 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы

ҰБ (келісім бойынша)

2018 жылғы тамыз

Ж.Б. Құрманов

28.

Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сақтандыру қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы

ҰБ (келісім бойынша)

2018 жылғы тамыз

Ж.Б. Құрманов

29.

Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы

ҰБ (келісім бойынша)

2018 жылғы тамыз

Ж.Б. Құрманов

30.

Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы

ҰБ (келісім бойынша)

2018 жылғы тамыз

Ж.Б. Құрманов

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      Әділетмині - Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

      ІІМ - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

      Қаржымині - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

      МСМ - Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі

      ҰЭМ - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

      ҰБ - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады