"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 29 қаңтардағы № 7-ө өкімі

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:

      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;

      2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2019 жылғы 29 қаңтардағы
№ 7-ө өкімімен
бекітілген

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі

Р/с №

Құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

Құқықтық актінің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам

1

2

3

4

5

6

1.

Жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдер түріндегі бірыңғай жиынтық төлемді төлеу, бөлу және аудару, сондай-ақ оларды қайтару қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Еңбекмині, ҰЭМ, Қаржымині, ДСМ, ҰБ (келісім бойынша)

2019 жылғы қаңтар

Н.Б. Әлтаев

2.

Жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттарын айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Еңбекмині, ҰЭМ, Қаржымині

2019 жылғы ақпан

Н.Б. Әлтаев

3.

"Әлеуметтік аударымдарды есептеу және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Еңбекмині, БҒМ, ҰЭМ, Қаржымині

2019 жылғы ақпан

С.Қ. Жақыпова

4.

"Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Еңбекмині, ҰЭМ, Қаржымині

2019 жылғы ақпан

С.Қ. Жақыпова

5.

"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Еңбекмині

2019 жылғы ақпан

С.Қ. Жақыпова

6.

"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 984 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Еңбекмині, ҰБ (келісім бойынша)

2019 жылғы ақпан

С.Қ. Жақыпова

7.

"Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БҒМ, Еңбекмині, ҰЭМ, Қаржымині

2019 жылғы ақпан

Э.А. Суханбердиева

8.

"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы

Еңбекмині, АКМ

2019 жылғы ақпан

С.Қ. Жақыпова

9.

"Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 445 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы

Еңбекмині, АКМ, Қорғанысмині, ІІМ

2019 жылғы ақпан

С.Қ. Жақыпова

10.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы

Еңбекмині, БҒМ, Қаржымині, ҰЭМ

2019 жылғы ақпан

Н.Б. Әлтаев

11.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушысының, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушысының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы

Еңбекмині, БҒМ, ИИДМ, АКМ, ҰЭМ

2019 жылғы ақпан

С.Қ. Жақыпова

12.

"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-Ө және "Атаулы әлеуметтік көмек саласындағы есепті құжаттамалардың нысандарын бекіту туралы" 2018 жылғы 10 тамыздағы № 347 Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы

Еңбекмині, ҰЭМ, АШМ

2019 жылғы ақпан

С.Қ. Жақыпова

13.

"Аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (үстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 478 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы

ДСМ, Қаржымині, АКМ

2019 жылғы ақпан

Л.М. Ақтаева

14.

"Еңбек биржасы" мемлекеттік интернет-ресурсын қолдап отыруды және оның жұмыс істеуін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы

Еңбекмині, АКМ

2019 жылғы ақпан

Н.Н. Мұқышев

15.

"Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркіне қатысушылар туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын, мерзімдерін және нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині, АКМ

2019 жылғы ақпан

Қ.Е. Баеділов

16.

Жеке тұлғаның салықтық шегерімдерді қолдау туралы өтінішін және жеке тұлғамен есеп айырысулар туралы анықтаманың нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2019 жылғы ақпан

Қ.Е. Баеділов

17.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы қызметтің басым түрлерінің тізбесін және меншікті критерийлерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің бұйрығы

АКМ, ҰЭМ, ИИДМ, Қаржымині

2019 жылғы ақпан

Д.Р. Щеглова

18.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы импорты қосылған құн салығынан босатылатын тауардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің бұйрығы

АКМ, Қаржымині, ҰЭМ

2019 жылғы ақпан

Д.Р. Щеглова

19.

Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы

Еңбекмині, АШМ, БҒМ, ДСМ, ИИДМ, ІІМ, АКМ, ҰЭМ, ЭМ, ҚАӨМ, Қорғанысмині, ҰБ (келісім бойынша)

2019 жылғы ақпан

Н.Н. Мұқышев

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АКМ - Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі;

      АШМ - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;

      БҒМ - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі;

      ДСМ - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі;

      Еңбекмині - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;

      ИИДМ - Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі;

      Қаржымині - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;

      Қорғанысмині - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі;

      ҚАӨМ - Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі;

      ҰБ - Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі;

      ҰЭМ - Қазақстан Республикасының Ұлттық Экономика министрлігі;

      ІІМ - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;

      ЭМ - Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады