Экспортты дамыту мен экспортты мемлекеттік қолдаудың кешенді жүйесін қалыптастыру мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 14 мамырдағы № 81-ө өкімі.

      Экспорттауды дамыту мен экспортты мемлекеттік қолдаудың кешенді жүйесін қалыптастыру саласындағы мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мақсатында:

      1. Экспортты дамыту мен экспортты мемлекеттік қолдаудың кешенді жүйесін қалыптастыру мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған:

      1) Комиссияның құрамы;

      2) Комиссия туралы ереже бекітілсін.

      Премьер-Министр А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2019 жылғы 14 мамырдағы
№ 81 өкімімен
бекітілген

Экспортты дамыту мен экспортты мемлекеттік қолдаудың кешенді жүйесін қалыптастыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің департамент директоры, хатшы

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі

      облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің орынбасарлары.

 
  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2019 жылғы 14 мамырдағы
№ 81 өкімімен
бекітілген

Экспортты дамыту мен экспортты мемлекеттік қолдаудың кешенді жүйесін қалыптастыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы туралы ереже 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Экспортты дамыту мен экспортты мемлекеттік қолдаудың кешенді жүйесін қалыптастыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы (бұдан әрі – Комиссия) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылады.

      2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, халықаралық шарттарын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      3. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      4. Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.

2-тарау. Комиссияның негізгі міндеті

      5. Комиссияның негізгі міндеті:

      экспорттық қызмет саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын, тауарларды экспорттау кезінде отандық өндiрушiлердi мемлекеттiк қолдау жөніндегі шараларды жетiлдiру;

      өңірлік экспорттық кеңестердің проблемалық мәселелерін қарастыру;

      Экспорттық саясат жөніндегі кеңесте қабылданған шешімдерді орындау бойынша жол карталарын әзірлеу мен мониторингін жүргізу;

      тауарлар экспорты кезінде туындайтын кедергілер мен шектеулерді жою бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

3-тарау. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

      6. Комиссия қызметінің ұйымдастырылуы мен жұмыс тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады