Зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін одан әрі дамыту жөніндегі 2020 - 2021 жылдарға арналған жол картасын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 30 cәуірдегі № 61-ө өкімі

      1. Қоса беріліп отырған Зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін одан әрі дамыту жөніндегі 2020 - 2021 жылдарға арналған жол картасы (бұдан әрі - Жол картасы) бекітілсін.

      2. Жол картасын орындауға жауапты орталық мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар (келісу бойынша):

      1) Жол картасын іске асыру жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын және олардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;

      2) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей іс-шаралардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.

      3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметін есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей Жол картасының орындалу барысы туралы хабардар етсін.

      4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.

      Премьер-Министр А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2020 жылғы 30 сәуірдегі
№ 61-ө өкімімен
бекітілген

Зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін одан әрі дамыту жөніндегі 2020 - 2021 жылдарға арналған жол картасы

Р/с №

Іс-шараның атауы

Жауапты орындаушылар

Аяқталу нысаны

Орындалу мерзімі

I

2

3

4

5

1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 841 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын жетілдіру жөніндегі шаралар

1

Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі жаңа тәсілдері бойынша ұсыныстар әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу

Еңбекмині, ҰБ (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар

Қазақстан Республикасын ың Үкіметіне ұсыныстар

2020 жылғы тамыз

2

Ұзақ мерзімді перспективада актуарлық есеп-қисаптар негізінде зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша зерттеу жүргізу

Еңбекмині, ҰБ (келісу бойынша), БЖЗҚ (келісу бойынша), ЕРДО (келісу бойынша)

талдамалық есеп

2020 жылғы желтоқсан

3

2023 жылдан бастап жұмыс берушілердің 5% міндетті зейнетақы жарналарын кезең-кезеңімен енгізу бойынша жүргізілген зерттеулер негізінде (актуарлық және фискалдық есеп-қисаптарды, демографиялық болжамдарды ескере отырып) ұсыныстар әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу

Еңбекмині, Қаржымині, ҰЭМ, ҰБ (келісу бойынша), БЖЗҚ (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

2021 жылғы желтоқсан

4

"Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 841 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу

Еңбекмині, ҰБ (келісу бойынша), ҚНА (келісу бойынша), Қаржымині, ҰЭМ, ЦДИАӨМ

Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы

2021 жылғы мамыр

2. Зейнетақымен қамсыздандырудың ең төмен кепілдіктері жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар

5

Ең төмен кепілдік берілген зейнетақыны енгізуді қоса алғанда, зейнетақымен қамсыздандырудың ең төмен кепілдіктері жүйесін жетілдіру тәсілдерін әзірлеу

Еңбекмині, ҰБ (келісу бойынша), мүдделі. мемлекеттік органдар

Қазақстан Республикасын ың Үкіметіне ұсыныстар

2020 жылғы қыркүйек

6

Зейнетақымен қамсыздандырудың ең төмен кепілдіктері жүйесін жетілдіруді көздейтін заңнамалық актілерге ұсыныстар әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу

Еңбекмині, ҰБ (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар

Қазақстан Республикасын ың Үкіметіне ұсыныстар

2021 жылғы қыркүйек

3. Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін нысаналы пайдалану тетігін іске асыру шаралары

7

Актуарлық есеп-қисаптар негізінде зейнетақы жинақтарының бір бөлігін нысаналы пайдалану құқығын пайдалана алатын азаматтардың санаттарын кеңейту мәселесі бойынша ұсыныстар әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу

Еңбекмині, ҰБ (келісу бойынша), ҚНА (келісу бойынша), ҚҚҚ (келісу бойынша), БЖЗҚ (келісу бойынша)

Қазақстан Республикасын ың Үкіметіне ұсыныстар

2020 жылғы маусым

8

Салымшылардың таңдауы бойынша "жеткіліктілік шегінен" асатын зейнетақы жинақтарының (өмір бойы зейнетақы төлеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін сома) бір бөлігін нысаналы пайдалану жөніндегі ұсыныстарды іске асыру тетігін айқындау және қазіргі алушылардың зейнетақы жинақтарының бір бөлігін өз таңдаулары бойынша қолдану:
- тұрғын үй сатып алуға, оның ішінде бір отбасы салымшыларының шоттарын біріктіру жолымен;
- қымбат тұратын емнің ақысын төлеуге (аурулардың жекелеген тізбесі бойынша)

Еңбекмині, ҰБ (келісу бойынша), ҚНА (келісу бойынша), ҚҚҚ (келісу бойынша), ДСМ, ИИДМ, ҰЭМ, Қаржымині, БЖЗҚ (келісу бойынша), ӘлМСҚ (келісу бойынша),

Қазақстан Республикасын ың Үкіметіне ұсыныстар

2020 жылғы шілде

9

Зейнетақы активтерін басқарудың тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу, сондай-ақ азаматтардың зейнетақы жинақтарының бір бөлігін жеке басқарушы компаниялардың басқаруына беру жөніндегі ұсыныстарды іске асыру тетігін айқындау

ҚНА (келісу бойынша),ҰБ (келісу бойынша), ҚҚҚ (келісу бойынша), БЖЗҚ (келісу бойынша)

Қазақстан Республикасын ың Үкіметіне ұсыныстар

2020 жылғы маусым

10

Салымшылардың таңдауы бойынша тұрғын үй сатып алуға немесе қымбат тұратын емнің ақысын төлеуге (аурулардың жекелеген тізбесі бойынша) "жеткіліктілік шегінен" асатын зейнетақы жинақтарының бір бөлігін нысаналы пайдалануды немесе жеке басқарушы компанияларға басқаруға беруді көздейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне ұсыныстар әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу

Еңбекмині, ДСМ, ИИДМ, ҰБ (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар

Қазақстан Республикасын ың Үкіметіне ұсыныстар

2020 жылғы қыркүйек

11

Бірыңғай республикалық медиа-жоспар аясында жұмыс істейтін азаматтарға зейнетақы жарналарының бір бөлігін мақсатты пайдалану құқығын берудің негізгі мақсаттары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Еңбекмині, ҰБ (келісу бойынша), БЖЗҚ (келісу бойынша), АҚДМ, мүдделі мемлекеттік органдар

Қазақстан Республикасын ың Үкіметіне ақпарат

2020-2021 жылдар, жарты жылда 1 рет

4. Міндетті әлеуметтік төлемдерді төлеу тетігін жеңілдету жөніндегі шаралар

12

Төлеу жөніндегі тіркелген банк комиссиясымен бірлескен әлеуметтік төлемді енгізуді көздейтін, сондай-ақ жұмыс берушілер қызметкерлердің пайдасына төлейтін әлеуметтік салықты және аударымдарды (жарналарды) төлеуге арналған базаны біріздендіру жөнінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне ұсыныстар әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу

Еңбекмині, ҰЭМ, ДСМ, Қаржымині, ҰБ (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар

Қазақстан Республикасын ың Үкіметіне ұсыныстар

2020 жылғы қараша

13

ҚБЕО (ҰБ), МК, екінші деңгейдегі банктердің және төлем алмас> жүйесінің басқа да қатысушыларының, сондай-ақ жарналарды төлеушілердің ақпараттық жүйелерін пысықтау және интеграциялау

ҰБ (келісу бойынша), ҚНА (келісу бойынша), ҚҚҚ (келісу бойынша), ЦДИАӨМ, Енбекмині, ДСМ, Қаржымині, МК (келісу бойынша), ЕРДО (келісу бойынша) мүдделі мемлекеттік органдар

Тестілеу хаттамасы

2021 жылғы қараша

5. БЖЗҚ мен МӘСҚ әлеуметтік қорларын кезең-кезеңімен шоғырландыру шаралары

14

БЖЗҚ мен МӘСҚ-ның ақпараттық жүйелері арасында деректер алмасуды интеграциялау және (немесе) синхрондау жөніндегі жұмыстарды жүргізу

Еңбекмині, ҰБ (келісу бойынша), БЖЗҚ (келісу бойынша), МӘСҚ (келісу бойынша), ЕРДО (келісу бойынша) мүдделі мемлекеттік органдар

тестілеу хаттамасы, пайдалануға беру актісі

2020 жылғы қараша

15

Әкімшілік және операциялық шығындарды қысқарту бойынша есептеулерді қамтитын БЖЗҚ мен МӘСҚ-ның әлеуметтік қорларын кезең-кезеңімен шоғырландыру бойынша ұсыныстар әзірлеу

Еңбекмині, ҰБ (келісу бойынша), БЖЗҚ (келісу бойынша), МӘСҚ (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

2020 жылғы қараша

16

БЖЗҚ мен МӘСҚ-ның комиссиялық сыйақысының барынша шекті шамасын айқындау бойынша ұсыныстар әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу

Еңбекмині, ҰБ (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар

Қазақстан Республикасын ың Үкіметіне ұсыныстар

2020 жылғы шілде

6. Халықтың табысын арттыру және жұмыс істейтін халықты міндетті әлеуметтік жүйелермен қамтуды кеңейту жөніндегі шаралар

17

Ықтимал шығыстар мен бюджет шығындарын және осы шараны іске асырудан әсерді ескере отырып жүргізілген талдау және есеп-қисаптар негізінде ЕТЖ кезең-кезеңімен арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу

ҰЭМ, Қаржымині, Еңбекмині, мүдделі мемлекеттік органдар

Қазақстан Республикасын ың Үкіметіне ұсыныстар

2020 жылғы шілде

18

Мыналар:
тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен айқындалатын инфляцияның болжамды деңгейін ескере отырып, ЕТЖ мөлшерін жыл сайынғы индекстеу;
ең төменгі жалақыны белгілеу процедурасының әдістемесін заңнамалық деңгейде белгілеу бөлігінде ұсыныстар әзірлеу

Еңбекмині, ҰЭМ, Қаржымині, мүдделі мемлекеттік органдар

Қазақстан Республикасын ың Үкіметіне ұсыныстар

2021 жылғы наурыз

19

Әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті өндіріп алу бөлігінде заңнамалық талаптарды күшейту жөнінде ұсыныстар әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу

Қаржымині, мүдделі мемлекеттік органдар

Қазақстан Республикасын ың Үкіметіне ұсыныстар

2020 жылғы желтоқсан

      Ескертпелер: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АҚДМ - Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

      "Атамекен" ҰКП - Қазақстан Республикасының "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы

      ӘлМСҚ - "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" АҚ

      БАҚ - бұқаралық ақпарат құралдары

      БЖЗҚ - "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ

      ЕТЖ - ең төменгі жалақы

      ДСМ - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

      Еңбекмині - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

      ЕРДО - "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ

      ИИДМ - Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

      Қаржымині — Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

      ҚБЕАО - "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің Қазақстан банкаралык есеп айырысу орталығы" ШЖҚ РМК

      ҚҚҚ - Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы

      ҚНА - Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

      МАК - "Мемлекеттік аннуитеттік компания" АҚ

      МӘСҚ - "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" АҚ

      МК - "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

      ҰБ - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      ҰЭМ - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

      ЦДИАӨМ - Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады