"Жұмыспен қамтудың 2020 - 2021 жылдарға арналған жол картасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 55-ө өкіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 13 мамырдағы № 70-ө өкімі

      1. "Жұмыспен қамтудың 2020 – 2021 жылдарға арналған жол картасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 55-ө өкіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Жұмыспен қамтудың 2020 – 2021 жылдарға арналған жол картасында:

      "Жұмыспен қамтудың 2020 – 2021 жылдарға арналған жол картасының мақсаттары мен іске асыру бағыттары" деген тарауда:

      екінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) әлеуметтік-мәдениет объектілерін – білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, ойын-сауық және демалыс объектілерін күрделі және ағымдағы жөндеу, реконструкциялау және салу (сейсмологиялық қауіпті өңірлер үшін сейсмологиялық тұрғыдан күшейте отырып, күрделі жөндеуге жол беріледі);";

      "Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру тәртібі мен шарттары" деген тарауда:

      бесінші, алтыншы және жетінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "ЖАО инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру шеңберінде:

      1) жаңа жұмыс орындарын құруды;

      2) инфрақұрылымдық жоба іске асырылатын ауданда (қалада) уақытша тіркеліп тұратындарды қоса алғанда, жұмыссыздарға жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары бойынша жаңадан құрылатын жұмыс орындарының кемінде 50 %-ін ұсынуды;

      3) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға көзделген қаражаттың жалпы көлемінің кемінде 90 % көлемінде отандық өндірушілерден сатып алуды;

      4) ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын, медициналық тексеріп-қарауды, жұмыскерлердің жиналуын және оларды жұмыс орнына дейін жеткізу үшін мобильді рекруттік пункттерді ұйымдастыруды;

      5) басқа елді мекендерден келген адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша, оның ішінде алатын жалақысына қосымша тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалған екі ең төменгі жалақы мөлшерінде біржолғы материалдық көмек ("көтерме") төлеу арқылы жұмыс беруші-мердігерге конкурстық талаптарды айқындауды;

      6) жұмыс беруші-мердігерлермен бірлесіп инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға тартылатын жұмыскерлердің тұратын орындарын, тамақ дайындау және тамақтану орындарын, санитариялық тораптарды санитариялық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес келтіріп, тұрақты санитариялық өңдеуді және олардың қауіпсіздігін;

      7) ВАК шешімінің негізінде Жол картасы шеңберінде өзге іс-шаралардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.";

      ЖАО және республикалық меншіктегі объектілер бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мыналарды:

      1) сараптамадан өткен объектілерді күрделі жөндеуге және реконструкциялауға жобалау-сметалық құжаттаманың болуын;

      2) жобалардың шеңберінде орташа және (немесе) ағымдағы жөндеуді жүзеге асыру жоспарланған, орындалатын жұмыстар көлеміне шығыстар сметасының, сметалық құжаттаманың, ақаулық ведомосінің болуын;

      3) "Мемлекеттік сатып алудың ерекше тәртібін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 127 қаулысымен бекітілген мемлекеттік сатып алудың ерекше тәртібіне сәйкес мемлекеттік сатып алуды өткізу мерзімдерін және тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілерден сатып алу мүмкіндіктерін;

      4) елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамыту және жақсарту қажеттілігін;

      5) инфрақұрылымдық жобаларды іске асырудың бірінші кезектілігі мен өзектілігін;

      6) инфрақұрылымдық жобаларды іске асырудың басталу және аяқталу мерзімін;

      7) құрылатын жұмыс орындарының санын және ұсынылған жобалар бойынша есептелген орташа айлық жалақы мөлшерін;

      8) өңірдің табиғи-климаттық жағдайын және жобаларды іске асыруға әсер ететін басқа да ерекшеліктерін негізге ала отырып, инфрақұрылымдық жобаларды өздері іріктейді және іске асырады.

      ЖАО және республикалық меншіктегі объектілер бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жобалау-сметалық құжаттаманың, ақаулық ведомосінің, сметалық құжаттаманың, шығыстар сметасының (техникалық құжаттаманың) болуын және қолданыстағы заңнамаға сәйкес келуін қамтамасыз етеді.";

      мынадай мазмұндағы он төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Республикалық меншіктегі объектілер бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жұмыстар мен объектілер түрлері бойынша инфрақұрылымдық жобалардың тізбесін, жобаларды іске асыру құнын және ұзақтығын, құрылатын жаңа жұмыс орындарының жалпы санын, орташа жалақыны халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.";

      он бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган құрылатын жұмыс орындары санының күтілетін көрсеткіштерін, орташа жалақы мөлшерін есепке ала отырып, ЖАО және республикалық меншіктегі объектілер бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынған инфрақұрылымдық жобаларды қарайды және іріктейді.";

      он жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган өңірлер және республикалық меншіктегі объектілер бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, жұмыс түрлері мен объектілер, жобаларды іске асырудың құны мен ұзақтығы, құрылатын жаңа жұмыс орындарының жалпы саны, орташа жалақы бөлінісінде жобалардың жиынтық тізбесін қалыптастырады.";

      жиырма екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру кезінде жұмыссыз жастарға, оның ішінде денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмыстарға студенттерге жұмысқа орналасуда басымдық беріледі.";

      "Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру тетігі" деген тарау мынадай мазмұндағы оныншы бөлікпен толықтырылсын:

      "Жұмыс беруші-мердігер инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қатысу үшін халықты жұмыспен қамту орталығы жіберген, басқа елді мекеннен келген жұмыссызбен еңбек шартын жасасқан күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оған тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалған екі ең төменгі жалақы мөлшерінде біржолғы материалдық көмек ("көтерме") төлейді.";

      "Инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру" деген тарауда:

      алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "ВАК шешімінің негізінде өңірлер және республикалық меншіктегі объектілер бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлінісінде қаржыландыру лимитін бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен бекітіледі.";

      мынадай мазмұндағы тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші және он үшінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Мемлекет басшысы Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның 2020 жылғы 23 наурыздағы отырысында мәлімдеген төтенше жағдай кезеңінде ұлттық экономиканы қолдау бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар және "Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 21 наурыздағы № 126 қаулысы аясында "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ) "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның еншілес ұйымына өңірлерді дамыту мақсатында транштармен шығарылған ЖАО облигацияларын сатып алу үшін 700 млрд. теңгеден аспайтын мөлшерде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен алынған облигациялық қарыз шеңберінде қаражат бөледі.

      "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның еншілес ұйымы ЖАО-ға облигациялық қарызды мынадай шарттармен береді:

      қарыздың мақсаты – Жол картасы шеңберінде өңірлерді дамыту;

      номиналдық сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6,1 (алты бүтін оннан бір) %;

      қарыз мерзімі – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен алынған облигациялық қарыздың мерзіміне байланысты 12 (он екі) жылға дейін;

      қарыз бойынша сыйықыны төлеу – жылына 1 (бір) рет;

      негізгі қарызды төлеу – қарыз алушының бастамасы бойынша алдын ала өтеу құқығымен қарыз мерзімінің соңында.

      ЖАО "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның еншілес ұйымдары бөлген қаражаттың игерілуі және нысаналы пайдаланылуы туралы есепті ай сайынғы негізде жібереді.

      ЖАО жергілікті бюджет қаражаты есебінен бекітілген мерзімге сәйкес сыйақыны төлеуді және негізгі қарызды қайтаруды қамтамасыз етеді.

      Облигациялық қарыздар бойынша сыйақыны төлеу және негізгі қарызды қайтару төлемдері "Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 қазандағы № 1520 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.";

      он жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Инфрақұрылымдық жобаларды күрделі, орташа, ағымдағы жөндеу және реконструкциялау, сондай-ақ салу және абаттандыру бойынша бюджет қаражатынан үнемдеу қалыптасқан жағдайда ЖАО ВАК-пен келісу бойынша көрсетілген қаражатты осы бағыт бойынша іске асырылатын өзге де жобаларға немесе жобалардың түпкілікті нәтижелер көрсеткіштерін жақсартуға бағыттайды.";

      Жұмыспен қамтудың 2020 – 2021 жылдарға арналған жол картасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 10-1-жолмен толықтырылсын:

      "

10-1

Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік бағалы қағаздарын шығару шарттарын айқындау

ЖАО қаулысы

ЖАО, Әділетмині

2020 жылғы сәуір-желтоқсан

талап етілмейді

талап етілмейді

Саудаға жіберу шарттары бар қаулы

      ".

      2. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады