Қазақстан Республикасы Конституциясы 88-бабының 4-тармағын ресми түсіндіру туралы

Жаңартылған

Қаулы Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі 2000 жылғы 31 мамыр N 3/2.

      Ескерту. Қаулыға өзгеріс енгізілді – ҚР Конституциялық Кеңесінің 17.04.2017 № 2 нормативтік қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі Төраға Ю.А.Ким, Кеңес мүшелері Н.І.Өкеев, Ж.Д.Бұсырманов, А.Есенжанов, Қ.Ә.Омарханов және В.Д.Шопин қатысқан құрамда, өтініш субъектісінің өкілі - Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі А.Н.Котловтың қатысуымен, Қазақстан Республикасы Конституциясының K951000_ 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" U952737_ конституциялық заң күші бар Жарлығының 17-бабы 3-тармағының 1) тармақшасы негізінде, өзінің ашық отырысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Қазақстан Республикасы Конституциясы 88-бабының 4-тармағын ресми түсіндіру жөніндегі 2000 жылғы 10 мамырдағы өтінішін қарап шықты.

      Баяндамашылар - Конституциялық Кеңестің мүшелері А.Есенжанов пен В.Д.Шопиннің хабарын, өтініш субъектісі өкілінің сөйлеген сөзін тыңдап, осы өтініш бойынша қолда бар материалдармен танысып шығып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі мынаны анықтады:

      Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне 2000 жылғы 10 мамырда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Қазақстан Республикасы Конституциясы 88-бабының 4-тармағын ресми түсіндіру жөніндегі өтініші келіп түсті.

      Өтініш беруге, жергілікті атқарушы органдардың өкілеттігіне қатысты даулар бойынша сот практикасында, әкімдер өздерінің бұрын қабылдаған актілерінің күшін дербес түрде жоюға құқылы емес деген пікірдің қалыптасуы себеп болып отыр, өйткені ол жөнінде Қазақстан Республикасы Конституциясы 88-бабының 4-тармағында тікелей көрсетілмеген. Өтініш субъектісінің пікірі бойынша, конституциялық нормаларды бұлай түсіну, әкімдердің дәл осы деңгейдегі бұрын қабылданған актілермен реттелген мәселелер бойынша шешім және өкім қабылдау құқығына шектеу қояды.

      Осыған байланысты, өтініште Қазақстан Республикасы Конституциясы 88-бабының 4-тармағына ресми түсіндірме беру кезінде, мынадай: әкімдер өздері қабылдаған шешімдер мен өкімдердің дербес түрде күшін жоюға құқылы ма, деген сұрақтың жауабын ескеру сұралады.

      Премьер-Министр өтінішінде қойылған мәселеге қатысты қолданыста, Конституция 88-бабының 4-тармағын ресми түсіндіру кезінде Конституциялық Кеңес мынаны ескерді.

      Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Президенті, жоғарғы және жергілікті өкілді, сондай-ақ атқарушы органдар шығаратын нормативтік және өзге де құқықтық актілердің түрлерін анықтай отырып, бұл актілердің күшін жоюдың (күші жойылды деп танудың) мүмкіндігі мен тәртібін әр кезде де белгілей бермейді. Қараудың нысаны болып отырған, әкімдердің шешімдері мен өкімдерінің күшін жоюға құқылы органдар мен лауазымды адамдарды көрсететін Конституцияның 88-бабы 4-тармағынан тыс, Конституция 44-бабының 3) тармақшасы, Қазақстан Республикасының Президенті облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен республика астанасы әкімдері актілерінің күшін жояды не толық немесе ішінара тоқтата тұрады деп белгілейді, ал 88-баптың 3-тармағы Қазақстан Республикасының Конституциясы K951000_ мен заңдарына сәйкес келмейтін мәслихат шешімдері күшінің сот тәртібімен жойыла алатындығын көзде тұтады.

      Конституция 88-бабының 4-тармағында да, жоғарыда аталған конституциялық нормаларда да, онда аталған актілерді оларды шығарған органдар немесе лауазымды адамдар жоюы мүмкін екендігі туралы айтылмайды.

      Конституциялық Кеңес, Конституцияның келтірілген нормаларында тиісті органдар мен лауазымды адамдардың өздері шығарған актілерінің күшін өздері жоюға құқықтылығы туралы тікелей көрсетпенің болмауы, бұл органдар мен лауазымды адамдардың өз актілерінің күшін жоюға құқылы еместігінен дәлел бермейді деп пайымдайды. Бұл орайда Конституциялық Кеңес, мемлекеттің өкілді және атқарушы органдарының, сондай-ақ лауазымды адамдарының, атап айтқанда әкімдердің, өздері қабылдаған актілерінің қажет болған жағдайда күшін жою құқығы, олардың Конституция мен заңдарда баянды етілген, тиісті актілер шығару бойынша өкілеттігінен келіп шығатынын және осы өкілеттікті іске асырудың бір нысаны болып табылатынын ескерді.

      Жоғарыда келтірілген конституциялық нормаларды өзгеше түсіндіру, яғни мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының, атап айтқанда әкімдердің, олардың өздері қабылдаған актілерінің күшін жоюға құқығын жоққа шығару, аталған субъектілердің құзыры мен өкілеттігін ешбір негізсіз шектеу болып, оларды жағдайдың өзгеруін өздері есепке алып, жіберілген қателіктерді жөндеу және т.б. мүмкіншілігінен айыру болып табылар еді, әдетте, бұл жағдай, бұрын қабылданған актілерді толықтыру мен өзгерту, немесе олардың күші жойылды деп тану қажеттігін көзде тұтады. Оның үстіне, қолданылып жүрген заң - "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Z980213_ Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабының 1-тармағы, нормативтік құқықтық актінің қабылдануына байланысты бұрын қабылданған барлық нормативтік құқықтық актілердің немесе олардың құрылымдық бөліктерінің, егер олар жаңа актіге енгізілген құқық нормаларына қайшы келсе немесе оларды қамтылса, күші жойылды деп танылуға, өзгертілуге немесе толықтырылуға тиіс екенін ескереді. Бұл Заңның 40-бабы 2-тармағының

      4) тармақшасына сай, нормативтік құқықтық акт (оның бөлігі немесе бөліктері) сол актіні қабылдаған орган актінің немесе оның бөлігінің (бөліктерінің) күші жойылды деп танығанда өзінің қолданылуын тоқтатады.

      Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының өздері қабылдаған актілерінің күшін жоюға құқылы екендігі басқа заң актілерінің нормаларынан да келіп шығады. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Z952709_ заң күші бар Жарлығы 19-бабының 1 және 2-тармақтарында: "1. Прокурор Конституцияға, заңдарға және Республика Президентінің актілеріне қайшы келетін нормативтік және өзге де құқықтық актілерге, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың шешімдері мен іс-әрекеттеріне наразылық жасайды. 2. Наразылық оны шығарған органға немесе жоғары тұрған органға беріледі..." деп жазылған. Прокурордың заңсыз актіні шығарған органға наразылық жасау құқығы Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі K990411_ 286-бабының мазмұнынан да келіп шығады. Прокурорды заңсыз актіні шығарған органға немесе оны шығарған лауазымды адамға наразылық жасауға міндеттей отырып, аталған құқықтық нормалар, ешбір шүбәсіз, бұл органдар мен лауазымды адамдар өз актілерінің күшін жоюға құқылы екенін ескереді.

      Баяндалғанның негізінде, Конституциялық Кеңес, Конституция 88-бабының 4-тармағы әкімдердің шешімдері мен өкімдерінің күшін жоюға хақылы органдар мен лауазымды адамдардың толық тізбесін белгілемейді және ол шешім мен өкімді қабылдаған әкімнің олардың күшін жоя алу мүмкіндігін алып тастамайды деген қорытындыға келеді.

      Қазақстан Республикасы Конституциясы 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" U952737_ конституциялық заң күші бар Жарлығының 33, 37 және 38-баптарын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Конституциясы 88-бабының 4-тармағын ресми түсіндіру тәртібімен, Конституциялық Кеңес қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Конституциясы 88-бабының 4-тармағын, әкімдердің шешімдері мен өкімдерінің күшін жоюға құқылы мемлекеттің лауазымды адамдары мен органдарының осы нормада белгіленген тізімі толық болып табылмайды және әкімдердің өздері шығарған шешімдері мен өкімдерінің күшін жою құқығын алып тастамайды деп түсіну керек.

      2. Қазақстан Республикасы Конституциясы 74-бабының 3-тармағына сай,

      

      осы қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшіне енеді, Республиканың бүкіл

      аумағында жалпыға бірдей міндетті, түпкілікті болып табылады және

      Қазақстан Республикасы Конституциясы 73-бабының 4-тармағында көзделген

      жағдайларды ескере отырып, шағымдануға жатпайды.

      Қазақстан Республикасы

      Конституциялық Кеңесінің

      Төрағасы

      Мамандар:

      Қасымбеков Б.А.

      Икебаева Ә.Ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады